Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Қазақстанның солтүстігіндегі жол апатынан балабақша директоры мен тәрбиешілер қаза тапты

Қазақстанның солтүстігіндегі жол апатынан балабақша директоры мен тәрбиешілер қаза тапты

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Солтүстік Қазақстан облысындағы жан түршігерлік жол апатынан білім беру саласының қызметкерлері - балабақша меңгерушісі мен екі тәрбиеші қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адам өліміне әкеп соққан жол апаты 15 қазан күні таңертең Тайынша ауданы Кременчуг ауылының маңында болған. Онда екі жеңіл көлік, жол талғамайтын көлік және екі КамАЗ соқтығысқан. Audi автокөлігі ең ауыр зақым алды: ол КамАЗ-дың астына кіріп кетіп, екінші жүк көлігінің соққысынан мүлдем жарамсыз болып қалған.

Полиция көлік құралын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Жол-көлік оқиғасы Көкшетау-Петропавл тасжолының 371-шақырымында болды. Нәтижесінде жеңіл көліктің үш жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, кенеттен жер бауырлаған құрғақ тұман түсіп, көріну деңгейінің нашарлауына байланысты жеңіл көлік екі жүк көлігінің арасында қысылып қалған", - деп түсіндірді Тайынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Ибраев.

Ол жүргізушілерді жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықтықты сақтауға шақырды.

"Тұман, көктайғақ және көріну шектелген кезде жылдамдықты азайтып, жолда барынша сақ болыңыздар", - деп атап өтті Дәурен Ибраев.

Апаттан 48, 54 және 57 жастағы үш әйел көз жұмды. 20 жастағы жүргізуші мен 1972 жылы туған тағы бір жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды.

Олардың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

"Зардап шеккендерді Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Тайынша көпбейінді аудандық ауруханасына жеткізді. Жүргізуші хирургия бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты. Оған ми шайқалуы диагнозы қойылды, бір жақ өкпесі қысылып қалған еді, қазір ол оңалып жатыр. Зардап шеккен әйел отадан кейін жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, тұрақсыз. Науқастың жабық бас сүйек-ми жарақаты бар, миы шайқалған. Ішкі мүшелері зақымданғандықтан, оған шұғыл ота жасалды", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнар Сайлау.

Ол науқастардың дәрігерлердің бақылауында екенін және барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанын айтып қорытындылады.

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы апаттан Жамбыл ауданының білім беру саласының қызметкерлері - балабақша меңгерушісі мен екі тәрбиеші қаза тапқанын хабарлады.

"Қолда бар мәліметтер бойынша, сапар жеке мақсатта болған және қызметтік міндеттерді орындаумен байланысты емес. Бұл - марқұмдардың отбасылары, әріптестері мен оларды танитын жандардың барлығы үшін орны толмас қаза. Жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз", - деп атап өтті ведомство.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 17:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see126

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see124

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see123

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see120

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see119

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see118

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see116

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see116

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see116

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see115

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see114

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see113

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see113

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see113

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see113

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see111

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see110

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see109

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see108

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары