Алматыдағы 39,9 миллиард теңгелік BRT: жоспарлар тағы да өзгерді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Райымбек даңғылындағы құны бұған дейін 39,9 миллиард теңгеге бағаланған BRT жобасы тағы өзгертілмек. Болашақта салынатын SkyTrain жобасына байланысты жұмыстың бір бөлігі уақытша тоқтатылады. Tengrinews.kz қаланың ірі көлік жобалары бірінің болашағы не болмақ екенін анықтап көрді.
39,9 миллиард теңгенің жобасы тағы өзгеріске ұшырады
Бұған дейін Райымбек даңғылындағы BRT құрылысы 39,9 миллиард теңгеге бағаланған. Ұзындығы 16,5 шақырым болатын желі арнайы жолақтар мен жаңа аялдамаларды қамтуы тиіс еді. Кейбір учаскелерде автобустарды жолдың ортасымен, ал кей жерлерде шетімен жүргізу жоспарланған болатын.
Анықтама: BRT (Bus Rapid Transit) - автобустардың арнайы бөлінген жолақпен жүруін қамтамасыз ететін жүрдек автобус көлігі жүйесі. Бұл олардың кептеліске аз түсуіне және қозғалыс кестесін сақтауына мүмкіндік береді.
Райымбек даңғылындағы BRT рендері / Фото gov.kz / 2025 жылғы сәуір
Енді жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы жоба тағы түзетіліп жатқанын хабарлады. Мамандар полициямен бірлесіп, бүкіл даңғыл бойындағы қозғалыс схемасын қайта қарастырып жатыр.
"Бүкіл Райымбек даңғылы бойында қоғамдық көлік қозғалысы үшін жолдың шетінен арнайы жолақ ұйымдастыру қарастырылып жатыр", – деп хабарлады басқарма.
Яғни, билік BRT-ның түпкілікті схемасын әлі бекіткен жоқ.
2026 жылғы наурызда әкімдік 16,5 шақырымдық BRT желісін қарашаның аяғына дейін бітіруді жоспарлаған еді. Ол кезде жоба дайындығы 37 пайыз деп бағаланған. Алайда қазір басқарма нақты мерзімді атап отырған жоқ.
BRT жобасы SkyTrain-ге байланысты уақытша тоқтатыладыБасқарма болашақ Almaty SkyTrain жобасын BRT инфрақұрылымымен интеграциялау жоспарланып отырғанын хабарлады.
"Өзара байланысты көлік жобаларын іске асыру мерзімдерін үйлестіру қажеттілігіне байланысты, BRT жобасында қарастырылған кейбір іс-шаралар Almaty SkyTrain жобасын іске асыру кезеңінде уақытша тоқтатылады", – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.
Ведомство мұны қала билігі жаңадан салынған инфрақұрылымды өзгертуге тура келетін жағдайдың алдын алғысы келетінімен түсіндірді.
Анықтама: Бөлшектеуге қатысты жағдай көктемде басталған болатын. 20 мамырда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі сарапшы Елжан Шүпеков Райымбек даңғылындағы BRT-ның бір бөлігі бұзылуы мүмкін екенін бірінші болып хабарлады. 24 маусымда жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы бізге өзгерістердің болашақ SkyTrain-ге байланысты екенін нақтылады. Сол кезде билік Өтеген батыр көшесінен Емцов көшесіне дейінгі учаскеде BRT элементтері бөлшектелетінін айтқан болатын.
Жаңа жауапта басқарма Өтеген батырдан Емцовқа дейінгі учаскеде жұмыс әлі де жүріп жатқанын айтты.
"Бұзу бас мердігер ұйымның қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр. Бұл ретте аталған учаскеде нақты орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарына төлем бүгінгі күнге дейін жүргізілген жоқ", – деп хабарлады ведомство.
Тағы қанша элементті бұзуға тура келетіні әзірге белгісіз. Бұл мамандар жаңартылған қозғалыс схемасын бекіткеннен кейін анықталады.
Райымбектегі BRT-ның болашағы не болмақ?Түзетулерден кейін билік арнайы жолақтар нақты қай жерде қалатынын, қай учаскелерді бөлшектеу керек екенін, BRT-ның түпкілікті құны қанша болатынын және жұмыс қашан жалғасатынын анықтауы тиіс.
Жауапқа сәйкес, қала BRT жобасынан бас тартпайды. Басқарма жүйелі автобус дәліздерін дамыту жалғаса беретінін атап өтті.
Сонымен қатар, билік SkyTrain құрылысын 2027 жылы бастауды жоспарлап отыр. Маусымда болашақ монорельсті Райымбек даңғылы бойымен де өткізу көзделгені белгілі болды, ал қазанда қала жоба бойынша дайындық жұмыстарын бастап кетті.
Райымбектегі BRT бойынша жоспар қалай өзгерді?Бастапқыда әкімдік Райымбектегі BRT құрылысын 2025 жылдың аяғына дейін бітіруді көздеген еді. Бірақ 2025 жылдың қарашасында билік үлгермей жатқандарын айты, жұмысты аяқтауды 2026 жылға ауыстырды. Бұған жер телімдерін сатып алу созылып кеткені себеп ретінде көрсетілді.
2025 жылғы 25 желтоқсанда басқарма жаңа мерзімді – 2026 жылғы тамыздың аяғын деп атады. Ол кезде жоба дайындығы 31 пайызға бағаланған болатын. 2026 жылғы 5 наурызда мерзім тағы шегерілді – бұл жолы 2026 жылғы қарашаның соңына дейін ұзартылды. Сол кезде BRT-ның дайындық деңгейі 37 пайызға жеткен. Ұзындығы 16,5 шақырым болатын желінің құны 39,9 млрд теңгеге бағаланған.Енді қазанда билік жобаның аяқталу мерзімін айтпай отыр. Қозғалыс схемасы түзетіліп жатыр, жұмыстардың бір бөлігі уақытша тоқтатылады, ал BRT құны мамандар жаңа шешімдерді келіскеннен кейін қайта есептеледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 17:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















