Сіздің атыңызға несие рәсімделді Ұлттық банк қазақстандықтарға үндеу жасады
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алаяқтар қазақстандықтарды олардың атына ресімделген несиелермен және цифрлық сенімхаттармен қорқытатын жаңа алдау тәсілін ойлап тапты. Қаражатты қорғауды сылтауратқан қаскөйлер адамдарды құпия мәліметтерді хабарлауға және ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аударуға көндіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.
Жаңа схема қалай жұмыс істейді?
Алдымен қазақстандықтарға цифрлық үкімет сервисінен немесе екінші деңгейлі банктерден келгендей хабарламалар түседі. Онда алушының атына үшінші тұлғалар пайдаланып жатқан цифрлық сенімхат ресімделгені немесе несие алуға өтінім мақұлданғаны айтылады.
Жағдайды анықтау үшін адамға көрсетілген нөмірге қоңырау соғу ұсынылады. Алаяқтықтың келесі кезеңі дәл осыдан басталады.
"Мұндай хабарламалардың басты мақсаты — адамның мазасын алып, оны көрсетілген нөмірге өздігінен қоңырау шалуға итермелеу. Сөйлесу кезінде қаскөйлер оған "сенімхаттың күшін жоюды", "несиелік өтінімді бұғаттауды" немесе "ақшалай қаражатты қорғауды" ұсынады", - деп ескертті Ұлттық банк.
Одан әрі қаскөйлер өздерін Ұлттық банк, арнайы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтың атынан заңсыз әрекеттер жасалып жатқанын хабарлауы мүмкін: несиелер ресімделіп жатыр, компаниялар тіркеліп жатыр, күмәнді қаржылық операциялар жүргізіліп жатыр немесе қаражатты жымқыру әрекеттері жасалып жатыр деп сендіреді.
Осы әрекеттердің алдын алу сылтауымен олар SMS-тен келген кодтарды, банк карталарының деректерін және басқа да құпия мәліметтерді алуға тырысады. Кейбір жағдайларда адамдарды телефонға қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды орнатуға немесе ақшаны "қауіпсіз", "резервтік" және "жинақтаушы" деп аталатын шоттарға аударуға көндіреді.
Ұлттық банктегілер банк, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері банк карталарының деректерін, SMS-кодтарды және PIN-кодтарды сұрамайтынын, ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аударуды ұсынбайтынын және мобильді құрылғыға қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды орнатуды талап етпейтінін баса айтты.
Егер сізге күмәнді хабарлама келсе, онда көрсетілген нөмірге қайта қоңырау шалмаңыз, сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамаңыз.
Несие немесе цифрлық сенімхат туралы ақпаратты тексеру үшін тиісті банктің ресми байланыс орталығына немесе цифрлық үкімет сервисіне хабарласыңыз.
Алаяқтардың әрекетіне тап болғандарға құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес беріледі. Сонымен қатар, кеңес алу үшін 1477 нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына әрқашан хабарласуға болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Tengrinews.kz алдаудың басқа бір тәсілі туралы хабарлаған болатын: алаяқтар қазақстандықтарға басшылардың немесе әріптестерінің атынан қоңырау шалып, мессенджер арқылы реквизиттерді, кодтарды немесе басқа ақпаратты жіберуді сұрай бастаған. Бұл схеманың қалай жұмыс істейтіні және неге назар аудару керектігі туралы толығырақ біздің материалымыздан оқыңыздар.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:86
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 16:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















