Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Келешегі мол кеніштер

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Қазақстанда аккредиттеу цифрландырылып жатыр

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Sarbaz+ жобасы: жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Sarbaz+ жобасы: жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

78460 әскери бөлім үшін цифрландырудың енгізілген алғашқы ағыны емес. Әуе қорғанысы күштерінің элиталық бөлімінде әскери борышын өтейтін жас сарбаздар Myarmy.kz платформасы арқылы іріктелді. 268 үміткердің 90-ны ғана әскер қатарына қосылды. Бұл әскери бөлім қазақстандық әскери ведоство басшылығына және әуе қорғаныс күштерінің Қол басшысына тікелей бағынады. Жеке құрамға ұрыс және әскери көліктік авиацияны Қазақстанның әуе кеңістігін бақылайтын құрылғылар арасындағы байланысты қамтамассыз ету жүктелген.

– Ұлымыз Әлихан Нұрымжан ант қабылдап, әскер қатарына өтті.  Кез келген ата-анаға баласының қауіпсіздігі маңызды ғой. Сондықтан жас сарбаздардың денсаулығын қадағалау үшін берілген фитнес білезікті қос қолдап қолдаймыз. Оның осындай бағдарламаға іліккені бізді қуантады, – деді қатардағы сарбаздың анасы Тоғжан Сейтқанова.

Оның айтуынша, сол білезік арқылы әр сарбаздың денсаулық жағдайын біліп отыру мүмкін. Мұнымен әскердегі цифрландыру яғни, «Sarbaz+» пилоттық жобасы кешенді түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Атап айтсақ,  заманауи дайындық шарттары, цифрлық оқыту құралдары, тәлімгерлік жүйесі және сарбаздарға қызмет көрсетудің тәсілі де өзгерген.

Sarbaz+ жобасы жауынгерлердің цифрлық дағдыларын дамытуға ғана  бағытталған. ҚР ҚК Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты әскер үшін офицер-инженерлер, IT-мамандар, байланысшылар мен цифрлық шешімдерді әзірлеушілерді даярлайды.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерді цифрлық трансформациялаудың негізгі бағыттары туралы сөз қозғап, Қорғаныс министрлігің басшылығы Әскери бөлімнің мәртебесін ескере отырып Sarbaz+ жобасын осы жерден бастауды ұйғарғанын жеткізді. Сол үшін  офицерлер мен сержанттар арнайы тіл табысу және жаңа көшбасшылық курстарын өтіп, сарбаздарды даярлаудың тиімді әрі түсінікті әдісін меңгерген. 

– Сонымен сарбаздар әскери билетпен қатар, бірқатар дағдыларды үйренеді. Мұнда радио байланыс, жүйелік технология тереңдетіп оқытылады. Заманауи IT мамандарын даярлайтын арнайы байланысшылар бөлімі ашылған. Тіпті, ұшқышсыз ұшу аппаратының басқару саласындағы мамандарды даярлайтын оқу сыныбына дейін бар. Мәселен, мұнда жас сарбаз әскери ұшаққа отырмас бұрын алдымен смарт технология бойынша үйреніп, дәріс алады. Оқу барысында қауіпсіздік үшін нысананы көздеуді электронды тир арқылы үйренеді. Бұл – болашақ офицерлер ұшқызсыз ұшу апаратын меңгерудің бірден бір жолы.

Астана хабпен бірлесіп, Tech Orda бағдарламасы бойынша оқыту ұйымдастырылған: олар ақпараттық қауіпсіздік, деректерді қорғау және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, дрондарды бағдарлауды үйренеді. Ағылшын тілін онлайн оқиды. Мәселен, осында байланысшы білімін алған сарбаз әскерден кейін де байланыс саласындағы компанияларға жұмыс істей алады, – дейді Дархан Ахмедиев.

Жас сарбаздар әскерде бос уақытында ағылшын тілін оқып, джиу-джитсидың әдістерін үйрену мүмкіндігін жібермейтінін айтты.  

– Жобаның артықшылығын естіп, қуанып жатырмыз. Алдағы уақытта ұсынылған игілікті пайдаға жаратып, біреуін болсын меңгеріп, сертификатын алуға тырысамын, – деді қатардағы жауынгер Ақылбек Көпжасар.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, Sarbaz+ жобасы аясында жеке құрамның психологиялық жай-күйі де ескерусіз қалмайды. «Мерзімді әскери қызметшілерге ауқымды фитнес бағдарламасы ұсынылып, психология кабинетінде босаңсып, шер тарқату үшін PlayStation қойылған» деді ол.

Жамбыл облысы Отар қаласындағы «Гвардейск» әскери гарнизонында да сарбаздарға психологиялық кабинеті де осындай жағдай жасалған. Бөлім командирі Асхат Шәйкенов әрбір сарбазға әрдайым психологиялық қолдау қажет екенін сөз етті.

– Әр сарбаздың психологиялық күйін біліп, бақылауда ұстап, білуіміз міндеттіміз. Бұл жерде бір ғана психологтың жұмысы емес, бүкіл бөлім офицері мен сержанттардың жұмысы. Кейбір сарбаздардың ортаға үйренісуіне қолайлы формат жасадық. Бейне бір кабинетте емес, емін-еркін форматта, шәй-кофесін ішіп, әңгімеге тартуға қолайлы жағдай туғыздық. Өйткені сарбаздың бізгне ашылып, сөйлессе бізге де мәселені түсінусі оңтайланады. Сонымен қатар, ата-аналар чатын қосқанбыз. Әр ата-ана өз баласын жақсы біледі ғой, арасында бағыт-бағдар беріп, олардың ыңғайын табуға көмектеседі. Егер әр-ата-ана командирмен тығыз жұмыс істесе, сарбаздың ортаға бейімделуі де тез өтеді, – деді Бөлім командирі. Асхат Бақытұлы.

Ал сол жердің психологі, лейтенант Бақтияр Тілеубаев оның көмегіне жүгінген әр сарбаздың әңгімесі екеуара қалатынын сөз етті.  

– Үйнің еркесі боп жүрген бала әп-сәтте әскерге түсіп, берген тапсырманы орындауға міндетті қатардағы жауынгер айналады. Сол кезде олар өзін-өз жоғалтып, қиналатыны бар. Бұл жерде де олардың пікіріне құлақ асатынын, айтқаны тыңдалатынын түсіндіреміз. Әр сарбаздың ортаға үйренісуі оның психологиялық жағдайына байланысты. Басым көпшілігі 6 айдан кейін өздерін көрсете бастайды. Егер сарбаздың  психикасы алаңдатардық жағдай байқалса, рота командирімен сөйлесіп, қай бағытта жұмыс істеуі керегін бағыттап, бақылауға алынады. Көбіне сарбазға жауапты жұмысты жүктесе, ол өзіне жауапкершілікті сезінеді, сөйтіп сол ортаға пайдаға жарайтынын түсінеді, – дейді лейтенант Бақтияр Тілеубаев.

Сонымен бірге Sarbaz+ жобасы жеке құрамның қауіпсіздігін барынша қамтамассыз етуді көздейді.

– Жасанды ақылды интеллектіні қосып, яғни видеоаналитика жасауға мүмкіндік туды. Соның арқасында әскери бөлімдегі барлық камераны бір жүйеге кіргізіп, онда не болып жатқанын бір экраннан көре алады. Бұл – осы әскери бөлімнің басшысы мен штаб басшысына ғана қолжетімді, – дейді Дархан Ахмедиев.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Министрдің айтуынша, алдағы уақытта Sarbaz+ жобасын пайдалану кеңістігін одан әрі ұлғаая түсетінін жеткізді. Сөйтіп, жоба Қазақстанның тағы бірнеше әскери бөлміне енгізілмек.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 14:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see115

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see113

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

07 Тамыз 2026 23:25see112

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see111

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see111

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see111

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see110

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see109

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see108

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see107

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see106

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see105

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see102

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see102

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see102

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see101

Қазақстанда аккредиттеу цифрландырылып жатыр

08 Тамыз 2026 01:23see99

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see99

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see99

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары