Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Sarbaz+ жобасы іске қосылды

Sarbaz+ жобасы іске қосылды

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жастар әскерде жүріп түрлі дағдыларды меңгеріп, ағылшын тілін үйреніп, шахматтан дәреже ала алады.

Болашақ жұмыс орнын табуы да әбден мүмкін. Қазақстан Қарулы Күштерінде енгізіліп жатқан жаңа форматтың осындай игілігі бар. Пилоттық жоба «SARBAZ+» деп аталады. Ол жауынгерлердің цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған және жеке құрамның қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуді көздейді. Бастама алғаш болып Алматы маңындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімінде іске асады.

Демалыс күндері 78460 әскери бөлімінің 90 жас сарбазы ант берді. Олар Әуе қорғанысы күштерінің элиталық бөлімінде борышын өтейді. Бөлім қазақстандық әскери ведомство басшылығына және Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына тікелей бағынады. Жеке құрамға ұрыс және әскери-көліктік авиацияны, Қазақстанның әуе кеңістігін бақылайтын құрылғылар арасындағы байланысты қамтамасыз ету жүктелген. 

Ақылбек Көпжасар, қатардағы жауынгер:

- Осы «Сарбаз+» проектіне келгеніме өте қуаныштымын. Алдағы уақытта көреміз. Қандай сертификат алуға болатынын бізге де айтып өтті. Енді алдағы уақытта жақсы оқып, соған талпынуға тырысамын.

Әскери бөлімнің мәртебесін ескере отырып, Қорғаныс министрлігінің басшылығы «SARBAZ+» жобасын осы жерден бастауды ұйғарды. Жоба сарбаздарды даярлаудың тиімді әрі түсінікті жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Басты жаңашылдық - жастар мерзімді әскери қызметке myarmy.kz цифрлық платформасы арқылы іріктелді. 268 үміткердің 90-ы таңдалды. 

Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Біздің офицерлер мен курсанттар арнайы курстардан өтті. Ол - сарбаздармен тіл табысу курстары. Жаңа форматтағы көшбасшылық курстарды өтті. Одан бөлек кабинет психологиялық салмақ бар.

Сарбаздар әскери билетпен қатар бірқатар дағдыларды да алып қайтады. Мұнда радиобайланыс, желілік технологиялар және ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару саласындағы мамандарды даярлайтын оқу сыныптары ашылды. Astana Hub-пен бірлесіп TechOrda бағдарламасы бойынша оқыту ұйымдастырылған. Олар ақпараттық қауіпсіздік, деректерді қорғау және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып дрондарды бағдарламалауды меңгереді. Ағылшын тілін онлай-үйренеді.

Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Бұдан бөлек қауіпсіздік - жаңағы ақылды интеллекті қосып видеоаналитиканы қостық. Өзіңіз көрдіңіздер жаңағы компания көрсетті осындағы барлық камераны бір жүйеге кіргізіп осы әскери бөлімшеде не болып жатқанын бір экрнаннан көре алады. Ол ақпарат осы әскери бөлімшенің басшысына шығып отыр және штаб басшысына шығып отыр.

«SARBAZ+» жобасы аясында жеке құрамның психологиялық жай-күйіне де айрықша мән берілген. Мерзімді әскери қызметшілерге ауқымды фитнес-бағдарлама ұсынылады. Футбол алаңы қайта жөнделіп, streetball және workout жаттығуларына арналған алаңдар жабдықталды, заманауи спорт залы ашылды. Казармаларда демалыс бөлмелері қайта жасақталды. Тіпті бейнеойын ойнауға болады. Министр орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, алдағы уақытта «SARBAZ+» жобасын кеңейту жоспарланып отыр. Ол Қазақстанның тағы бірнеше әскери бөліміне енгізіледі.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Григорий Беденко, Мұхит Құдықбаев

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:244
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Желтоқсан 2025 18:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары