Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Әскери колледж Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің 1996 жылғы 1 шіл­дедегі №3049 Жарлығымен құрылды. Білім ордасы әскери бөлімшелерді бас­қаратын, жеке құраммен жұмыс істей­тін және әскери міндеттерді кәсіби деңгейде орындайтын, қабілетті кіші буын командирлерін даярлап келеді.

Колледж тарихындағы кәсіби сер­жанттар­дың алғашқы түлегін шығару рәсімі 1999 жыл­дың 29 шілдесінде өткен еді. Сол кезде Қор­ғаныс министрі, армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың өзі оқу орнына келіп, Жауынгерлік Туды табыстады. Алғашқы 63 кәсіби сержант Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімі мен құрылымдарындағы сержанттық лауазымдарға тағайындалып, келісім­шарт бойынша әскери қызметін бастады. Олардың 11-і оқуын Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әс­кери академиясында жалғастыруға мүмкіндік алды.

2000 жылы оқу орнына көрнекті ғалым, ағартушы әрі этнограф Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. Осы кезең­нен бастап колледждің әскери білім мен тәрбие саласындағы өзіндік дәстүрі қалыптаса түсті. 2005 жылдан бастап Қазақстан Қарулы күштерінде бөлімше коман­дирінен бастап Қарулы күштердің Бас сержантына дейінгі сержанттық лауазымдар қалыптасты. Бұл сержанттар корпусының әскери басқару жүйесіндегі рөлін айқындап, оның кәсіби мәр­­те­­бесін арттырды. Колледж түлектері осы жү­йе­нің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Олардың қатарынан Қазақстан Қарулы күш­терінің Бас сержанты қызметін атқарған және Бас штабтың сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасында басшылық қызмет атқарған әскери қызметшілер шықты.

Ал 2016-2017 оқу жылынан бастап колледж білім беру үдерісін жаңа талаптарға сәйкес ұйымдастыруға көшті. Дәл осы жылдары әскери пәндердің мазмұны заманауи қарулы қақтығыстар тәжірибесін ескере отырып жаңартылды. Курсанттардың күрделі әрі өзгермелі тактикалық жағдайда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға басымдық көбірек берілді.

Бүгінде колледж техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кіші командалық құрам мамандарын даярлап отыр. Курсанттар әскери бөлімшелерді басқару, жеке құрамды оқыту және тәрбиелеу, қару-жа­рақ пен әскери техниканы пайдалану және қызмет көрсету бойынша теориялық білім алып, практикалық дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар көшбасшылық, жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет пен дене дайын­дығына ерекше мән беріледі. 

Қазір колледж базасында әскери бөлімдерден келген сержанттардың кәсіби біліктілігін арттыру курстары да ұйымдастырылып келеді. Қарулы күштер түрлері, әскер тектері мен өңірлік қол­бас­шылықтардың сержанттары «бөлімше-взвод» деңгейінде білімдерін жетілдіріп, кәсіби тәжірибесін толықтыруға мүмкіндігі бар.

Оқу орны есігін айқара ашып, білім саласын­дағы қызметін бастағалы  4 000 мыңнан аса кәсіби сержант даярланып шықты. Бүгінде кол­ледждің әрбір түлегі еліміздің әр өңіріндегі әскери бөлімдерде, Қарулы күштерде және басқа да әскери құралымдарда түрлі лауазымды қызметті абыроймен атқарып жүр. Былтырдан бастап колледж ка­дет­теріне «сержант» әскери атағын беру тәжірибесі енді, бұл да кәсіби сержанттарды даярлау жүйесіндегі жаңа кезеңді айқындай түсті.

Отыз жылдық тарихы бар Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледж Қазақстанның кәсіби сержанттар корпусын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді. Ал түлеп ұшқан мыңдаған маман колледж тарихы мен ел әскерінің қалыптасуының ажырамас бөлігі іспетті.

А.ЖӘНІБЕКҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:218
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қыркүйек 2026 06:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see136

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see133

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see130

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see130

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see130

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see129

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see128

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see128

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see126

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see126

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see126

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see126

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see126

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see125

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see124

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see124

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see124

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see123

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see123

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары