Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Құрылтай қоғам құндылықтарын қалыптастырған кеңес

Құрылтай қоғам құндылықтарын қалыптастырған кеңес

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ал осыған дейін өткізілген төрт құрылтай қоғам өміріне көптеген өзгеріс алып келді. Мәселен, қазірге дейін Ұлттық құрылтайда айтылған бастамаларды іске асыру аясында 26 заң қабылданған. Бұған қоса, құрылтай Мемлекет басшысының Жарлықтарына, маңызды тұжырымдамаларға негіз болды. 

Мәртебеден бастау алған мәміле

Өткенге сәл шегініс жасайық, Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған консультативтік-кеңесші органның ең алғашқы жиыны 2022 жылдың маусымында Ұлытауда өткені белгілі. Ұлытау жері тектен-тек таңдалмады, ежелден қазақ мемлекет­тілігінің саяси орталығы саналады, яғни тарихи-символдық себебі бар қадам десек болады. Міне, осы әуелгі құрылтайда 25 қазан – Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі берілді.

Келесі кеңес араға бір жыл салып, Түркістан өңірінде өтті. Мұнда талқыланған мәселелердің ауқымы кеңейгені анық білінді. Айтылған бастамалар негізінде көп өтпей оннан астам заң жобасы әзірленді. Мысалы, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң; «Қазақстанның Халық жазушысы» атағын қайтару; «Кинематография туралы» заңға түзетулер; ономастика жұмысын жүйелеу туралы құжаттарды атай аламыз. 

Бұл қатарда қоғамның түйткілді мә­селе­лерін реттеуге бағытталған жобаларды да қосар едік. Жастарды желіктірген вейп­терге, шегуге келмейтін темекі өнімдеріне тыйым салу туралы түзетулер енгізілді. Құмар ойын бизнесі, лотерея қызметі мәселелері реттелді. 

Ең назар аударар тұс – жұмысшы мамандықтар үшін жаңадан 9 құрметті атақ енгізілді. Белгілі бір салаларға жылдар бойы еңбек сіңірген қарапайым азаматтар еленіп, көпке үлгі саналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын бір ізге түсіретін Масс-медиа мәселелері туралы заңнамаға түзетулер қосылды. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң; Мемлекеттік наградаларға ұқсас қоғамдық наградаларды дайындауға және марапаттауға тыйым салатын заң; Ғылым және білім беру мәселелері туралы заңнамаға түзетулер енгізілді. Соңғысы педагогтердің мәртебелі маман атануына септесті.

Үшінші құрылтай Атырау жерінде болды. Ал­дымен «Айбын» орденіне аңызға айналған қаһар­мандар – Саға­дат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Мо­мышұлының, Рахымжан Қошқарбаевтың есімін беру туралы түзетулер енгізілді. Көбіне қоғамдық түйткілдерге баса назар аударылды. Вандализмге қарсы күрес және табиғи нысандарды қорғау туралы түзетулер; Лицензиялауды ретке келтіру және заңсыз археологиялық қазбаларға қатысты жауапкершілікті күшейту туралы түзетулер қосылды. Әлеуметтің бір дертіне айналған есірткі тақырыбы елеусіз қалмады. Есірткі тасымалдаушылар мен есірткі өндірушілердің жауапкершілігін саралау туралы түзетулер пайда болды. 

Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалар қауіпсіздігі мәселелері туралы түзетулерді ерекше атап өту керек. Соның негізінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қылмыстық жауапкершілік көзделіп, балаларға қатысты зорлықтың барлық түріне жаза қатаңдатылды. Бұған қоса, өңірлік рәміздердің бірыңғай стандарты туралы түзетулер; «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға түзе­тулер; Креативті индустрияны қолдауға бағыт­талған заңнамалық шаралар пакеті ен­гізілді.

Былтырғы құрылтай Бурабай өлкесінде өтті. Осы тұста жыл сайын құрылтай қоғамдық құбылыстардың әр деталін тереңінен саралап жатқаны байқалады. Мәселен, былтыр қоғамдық орындарда бет-бейнені тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты әкім­­­­шілік жауапкершілік енгізілді. Құқыққа қай­­шы келетін кон­тентті, яғни ұлтаралық, діни араз­дықты қоздыратын материалдар таратқандарға әкімшілік жаза қолданылатын болды. Жұрт арасында пікірталасты көбейтетін кейбір тақырыптар назардан тыс қалмады. ЛГБТ мен педофилияны насихаттауға қатысты жауапкершілік енгізілді.

Жалпы, мемлекет әйелдер құқы мен балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөлуді күшейтті. Екінші жыл қатарынан құрылтай әйелдердің құқықтарын қам­тамасыз ету және балалар қауіпсіздігі мәселелері ту­ралы түзетулерге арқау болды. Қамқоршылық органдарын күшейту, балалардың құқықтарын қор­ғауды насихаттайтын шаралар жүзеге асты. Бұдан бөлек, Ономастика саласындағы жұмысты ретке келтіру; Қазақстандағы Орталық Азия өңірлік гля­циологиялық орталығының мәртебесін қайта жандандыру туралы жайттар реттелді.

Қызылордада өтіп жатқан кезекті құрылтайдың ауқымы да үлкен болып жатқаны даусыз. Осыған дейін өткізілген құрылтайдың нәтижесінде 26 заң қабылданғанын айттық. Қазір тағы 10 заң жобасы бойынша жұмыс істеліп жатыр. 

Тұжырымдамалардың жаңа тарауы

Жыл сайын құрылтайда айтылатын идеялар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен талқылатыны белгілі. Кейбір маңызды бастамалар нормативтік-құқықтық актіге айналып, ел Президентінің Жарлықтарында көрініс табады. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлық пен «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлықты осы тұста ерекше атауға болады.

Мемлекеттің алдағы уақытқа құрған кешенді жоспарлары мен тұжырымдамалық құжаттар да – құрылтайдың бір бөлігі. Жалпы, осы кезге дейін есірткіге қарсы күрес, ойын бизнесін реттеу, өңірлік даму, инфрақұрылым, еңбек идеологиясы, тіл саясаты, волонтерлік, балалар, ғылым қалашық­тары тақырыбын қамтыған жоспарлар мен тұжырым­дамалар қабылданыпты.

Әділетті Қазақстан қағидаттары мен құндылық­тарын орнықтыруға бағытталған Президент бастама­ларын жүзеге асыру ісі де құрылтайда көрсетілген маңызды бағыт. Мысалы, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бе­кітті. Жалпыұлттық құндылықтар тізімінде бұл бірін­ші болып көрсетіліп, отаншылдық ұғымын алға шығарды. 2024 жылдан бері мектептерде жал­­пы­ұлттық құндылықтарға негізделген «Адал аза­мат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы енгізілді. Бала­лардың құқықтарын қорғау бағытындағы шараның барлығын біріктіретін «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы әзірленді. 

«Заң және тәртіп» қағидаты күшейді. Жаңа қо­ғамдық этикалар қалыптасты, Вандализмге қарсы күрес және табиғи нысандарды қорғау ту­ра­лы заңнамалық түзетулер енгізілді, онлайн-плат­формаларда жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе беделіне зиян тигізетін жалған ақпарат тара­туға қатысты әкімшілік жауапкершілік белгілеу бойынша жұмыс атқарылуда. 

Президент бастамасы бойынша 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды. Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Былтыр жалпыұлттық сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша қазақстандық авторлардың танымал шығармалары арасынан «100 кітап» тізімі айқындалды. «AMANAT» партиясының желісі бойынша «Оқитын ұлт» жобасы іске қосылды.

Қоғамда теңдік идеясының мәні артты. Қазір ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қол­дауды реттейтін «Мүмкіндігі шектеулі балаларды (тұлғаларды) кешенді қолдау туралы» заң жобасы әзірленуде. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі ұлттық ғылыми-практикалық орталықта зертхана ашылды. Бұл жерде аутизмі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Ұлтымыздың рухани келбеті назардан тыс қалмады. 2025 жылғы наурызда қазақ халқының ұлттық ән және фольклорлық мұрасына арналған «Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесері өтті. Жоғары оқу орындары мен мектеп оқулықтарына негіз болатын Қазақстан тарихының академиялық көптомдығы әзірленуде. ЮНЕСКО-мен өзара іс-қимыл аясында XVIII ғасырдың бірегей қолжазбасы – «Хандар шежіресі» «Әлем жады» бағдарламасының халықаралық тізіліміне енгізілді. Қытайда Қазақ­станның мәдени орталығы ашылды. Алматы облысын­дағы ғылыми қалашықтың бас жоспары бекітілді. Осылайша, құрылтайда айтылған ойлар елеусіз қалмай, нақты жоспар ретінде іске асып жатыр. 

Мадияр ТӨЛЕУ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 06:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары