Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Отбасы құндылықтарын нығайту маңызды

Отбасы құндылықтарын нығайту маңызды

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Осы тұрғыда Шымкент қаласында отба­сы институтын ны­ғайтуға бағытталған әлеуметтік бастамаларға ерек­ше мән бе­рілуде. Қаладағы қоғамдық кеңістіктерді абат­тандырумен қатар, тұр­ғындардың бірге уақыт өткізуіне, бала­лардың қауіпсіз ортада тәр­биеленуіне және отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға мүм­кіндік беретін орындар қалыптастыруға басымдық беріліп отыр.

Отбасы күні қарсаңында қалада ашыл­ған «Бақытты жанұя» аллеясы – осы ба­ғыттағы нақты жұмыстардың бірі. Жаңа қо­ғамдық кеңістіктің ашылуына Шым­кент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қа­тысып, атқарылған жұмыстармен та­ныс­ты. Жаңа жобаның бой көтеруіне меце­нат, «Әділет» партиясы әл-Фараби ау­дандық филиалының төрағасы, «Әді­лет» партиясы Шымкент қалалық фи­лиа­лы «Әйелдер қанатының» төрағасы Нар­гиза Керимбаева демеушілік жасаған. Бұл мемлекеттік және қоғамдық бастама­лар­дың өзара сабақтастығының бір көрінісі.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыз­­дықбеков аллеяның абаттандыры­луы­на оң баға беріп, мұндай қоғамдық орын­дардың тұрғындар үшін маңыз­ды­лығына назар аударды. Себебі заманауи қа­ла тек инфрақұрылымы дамыған орта­лық қана емес, ең алдымен, тұрғындарға жай­лы өмір сүруге мүмкіндік беретін орта болуы қажет. Ал отбасы мүшелерінің бірге демалып, балаларымен уақыт өткізуіне қолайлы жағдай жасау – осындай ортаның маңызды бөлігі. «Бақытты жанұя» аллеясы осы талаптарға сай жасақталған. Аумағы то­лық көгалдандырылып, автоматты суару жүйесі орнатылған. Жаяу жүргін­ші­лерге арналған арнайы төсемдер төселіп, орындықтар қойылған. Субұрқақ пен заманауи LED жарықтандыру жүйесі де қо­ғам­дық кеңістіктің жайлылығын арт­тыра түседі.

Аллеядағы ата-ана мен баланың бай­ла­н­ысын бейнелейтін отбасылық ком­по­зи­ция ерекше мәнге ие. Бұл мүсін сәулет­тік нысан ғана емес, отбасы бірлігінің, ата-ана мейірімі мен ұрпақ сабақ­тас­ты­ғы­ның символы ретінде қабылданады.

Отбасы құндылығын нығайту тек жай­лы орта қалыптастырумен шектелмейді. Бұл бағытта Шымкентте жастармен жұ­мыс істеу, оларды отбасылық өмірге дайын­дау, ата-ана жауапкершілігін түсін­діру де маңызды. Осы мақсатта Шымкент қа­ла­сындағы Жол-көлік колледжінде «От­басы – бақыттың бастауы» атты тағы­лым­ды кездесу өтті. Жастармен жүздесуде отбасының қоғамдағы орны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, ұлттық құндылықтардың маңызы және болашақ от­басына дайындық мәселелері тал­қы­лан­ды. Жиынға Отбасы мәселелері және ха­лықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңес­тің төрағасы Баян Жандосова, Адам құ­қықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Абдезов, со­нымен бірге «Әділет» партиясы Шым­кент қалалық филиалы төрағасының орын­басары Ербол Байқонысов қатысып, жас­тарға отбасы құндылығының маңызын тү­сіндірудің қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ қатысушылар кездесуде көп­балалы аналардың қоғамдағы орнына да ерекше назар аударды. Шымкент қала­сын­да 58 мың көпбалалы ана бар. Оның ішін­­де 10 мыңы – «Күміс алқа», 4 мыңы – «Алтын алқа» иегері. Бұл көрсеткіш Шым­кенттегі отбасы институтының әлеу­­­­меттік маңызын айқын аңғартады. Көп­балалы аналардың еңбегі өз отбасына ғана емес, қаланың демографиялық және тәрбиелік әлеуетіне қосылған маңызды үлес. 

Шымкентте бұл бағыттағы жұмыстар­дың нәтижесі қаланың қоғамдық кеңіс­тіктерінен де, жастармен жүргізіліп жат­қан тәрбиелік кездесулерден де көрініс табуда. Қала басшылығының қолдауымен жүзеге асып жатқан осындай бастамалар тұрғындардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, отбасылық құндылықтарды күнделікті өмір салтының бір бөлігіне ай­налдыруға ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, Шымкентте отбасы институтын нығайтуға бағытталған жұмыстар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігімен қатар, оның ер­теңгі келбетіне салынған маңызды ин­вестиция деуге болады.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 05:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары