Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Құқықтық мәдениетті нығайту маңызды

Құқықтық мәдениетті нығайту маңызды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мұның бәрі қауіпсіз, әділ және мәдениетті қоғам құру мақсатына тоғысады. Әрбір бастама азаматтарға заңға бағынудың, қоршаған орта мен өз өміріне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын насихаттап келеді. 

Табиғат заңмен қорғалады

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және заңдылықты нығайтуға ба­ғыт­талған «Заң мен тәртіп» қағидатын іс­ке асыру аясында биылғы 20 қазан мен 19 қараша аралығында Алматы облы­сы­ның аумағында «Браконьер» жедел-про­филактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Та­биғатты қорғау заңнамасын бұзу фак­тілерінің жолын кесу, сондай-ақ заңсыз аң аулау мен балық аулаудың алдын алу сияқ­ты игі жұмыстар іс-шараның негізгі мақ­саты болып отыр. Бұл бағыттағы жұ­мыс­тар өңірдің экологиялық қауіп­сіз­ді­гін қамтамасыз етіп, табиғат байлығын сақ­тау ісіне серпін береді.

– Іс-шара барысында полицейлер та­­­­­биғатты қорғау заңнамасын бұзудың 146 фактісін анықтады, оның ішінде 9-ы қыл­мыстық, 137-сі әкімшілік құқық­бұзу­­­­шылықтар. Анықталған құқық­бұзу­шы­лықтар қатарында су биоресурстарын заң­сыз аулау, заңсыз аңшылық және қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақ­тау мен алып жүру деректері бар, – дейді та­­биғатты қорғау полициясы қыз­мет­кер­лері.

Халық арасында экологиялық мә­де­­ниетті қалыптастыру және заң­сыз әре­кет­тердің алдын алу мақ­са­тын­да түсін­діру жұмыстары жүйелі түрде жүр­гізілуде. Нәтижесінде, табиғатты сақ­тау мен экологиялық тәртіпті қам­та­ма­сыз етумен қатар, қоғамда заңға ба­ғыну­­дың маңыздылығы насихатталады. Әр­бір адамдың қоршаған ортаға жауап­кер­шілікпен қарауы – табиғи байлықтың сақ­талуына және келесі ұрпаққа аман жет­кізілуіне тікелей ықпал етеді. Алматы об­лысының полициясы тұрғындарды та­биғатты қорғау заңнамасын сақтауға, қор­шаған ортаға ұқыптылықпен қарауға ша­қырады. Аңшылық пен балық ау­лау­дың белгіленген ережелерін бұзғандар қол­даныстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тар­тылады.

Жол қауіпсіздігі апталығы өтуде 

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асы­ру аясында және Ішкі істер министр­лігі­нің нұсқауына сәйкес апта басынан бас­­тап Алматы облысында «Жол қоз­ға­лы­­сы қауіпсіздігінің апталығы» және БҰҰ резолюциясына сәйкес Жол-көлік оқи­­ғалары құрбандарын еске алу күніне ар­­налған «Есіңде сақта және ойлан» атты қо­­ғамдық акциясы бастау алды. Аталған ак­­цияның негізгі мақсаты – жол қоз­ға­лы­­сына қатысушылардың мәдениетін арт­тыру, жауапкершілік сезімін қалып­тас­тыру және адам өміріне құрметпен қарау. 

Апта бойы облыс аумағында жол-кө­лік оқиғаларының алдын алуға және жол­дардағы жарақаттану деңгейін тө­мен­детуге бағытталған профилактикалық жә­не ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өт­кізілетін болады. Полиция қызмет­кер­ле­рі мектеп, колледж және жоғары оқу орын­дарының оқушыларымен тақы­рып­тық кездесулер, жүргізушілермен рейд­тік іс-шаралар, сондай-ақ ауыр сал­дарлы жол апаттары орын алған жер­лерде еске алу акцияларын өткізеді. Бұл іс-шаралар тек профилактикалық мәнге ие емес, сонымен бірге тұрғындардың құ­­­­­қықтық сауатын арттыруға, жол ере­желерін сақтаудың адам өмірі үшін қан­шалықты маңызды екенін түсіндіруге қыз­мет етеді. Әрбір жол қозғалысына қа­тысушының мұқият және жауап­кер­ші­лікпен әрекет етуі апаттардың алдын алу­дың ең тиімді жолы болып саналады.

Сонымен қатар білім беру ұйым­дары мен еңбек ұжымдарында жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында дәріс­­тер, байқаулар, флешмобтар және сы­­нып сағаттары ұйымдастырылады. Ерек­­ше назар жол қозғалысының ең осал қатысушылары – балалар мен жа­с­өс­пірімдерге аударылады. Алматы об­лысының полициясы тұрғындарды жол ере­желерін қатаң сақтап, жол үстінде мұ­қият болуға шақырады. Себебі қауіп­сіз­дік пен тыныштық әрбір азаматтың жауап­кершілігі мен тәртібінен бас­та­лады.

«Заң мен тәртіп» саптан басталады

Қонаев қаласының орталық алаңын­да «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде полицияның жеке құра­мы­ның гарнизондық таралуы ұйым­дас­ты­рыл­­ды. Іс-шара қызметкерлердің тәрті­бін нығайтып, ұйымшылдығын арт­тыру­ға, патриоттық сезімін оятуға және кә­сі­би ынтасын көтеруге бағытталды. Гар­­­­низондық сап түзеу – қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қыз­мет ететін маңызды тексеру шарасы бо­лып отыр. Мұндай шаралар тек қыз­меткерлердің ұйымшылдығын арт­тыру­мен ғана шектелмей, азаматтарға тәртіп пен қауіпсіздікке деген сенімділікті ұя­ла­тады. Қоғам алдында адал қызмет ету­ге, заңға бағынуға және азаматтардың құ­қықтарын қорғауға берілген міндеттің нақ­ты көрінісі ретінде гарнизондық сап түзеу полицияның қоғамдық миссиясын ай­қындап, тұрғындар мен қызметкерлер ара­сындағы өзара сенімнің нығаюына ық­пал етеді.

Алматы облысы полиция департа­мен­тінің бастығы, полиция полковнигі Мей­рам Әбікеев жеке құрам алдында сөз сөй­леп, «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асы­ру әрбір полицейдің өзінен – оның жауапкершілігі мен адалдығынан бас­та­ла­тынын атап өтті. Сондай-ақ ол әр қыз­­меткер заңға бағынудың үлгісі бо­лып, әділдік пен адамгершілік қағи­дат­тары­на сүйене отырып, азаматтарға адал қыз­мет етуі тиіс екенін айтты.

Сап түзеу барысында өңірдегі же­дел жағ­дайға шолу жасалып, ал­­дағы кезеңге арналған басты міндеттер нақ­ты анықталды. Сонымен қатар по­лиция қызметкерлерінің сыртқы келбеті мен қызметтік жарақтары мұқият тексе­рі­ліп, олардың кәсіби дайындығы баға­лан­ды. Мұндай шаралар қызметкерлердің тәр­тіп пен ұйымшылдыққа бейімділігін арт­тырып қана қоймай, қоғам алдындағы адал қызметке дайындық деңгейін де ай­қын көрсетеді.

Дәл сол күні полиция қызметкер­лері­нің қысқы киім үлгісіне көшуі жаңа қыз­меттік маусымның басталғанын біл­дірді. Іс-шара салтанатты саптық шеру­мен қорытындыланып, тәртіп пен ұйым­шылдықтың, патриоттық рух пен кәсіби дайындықтың айқын көрінісін көрсетті. Мұндай шаралар азаматтарға полиция­ның қоғам алдындағы адал қызметке қан­шалықты дайын екенін көрсетуімен қа­тар, ішкі істер органдарының тәртіп пен қауіпсіздікке деген міндетін нақты ай­қындайды.

Сымбат БЕГІМБАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 05:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары