Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Жастар неге шетелге кетеді?

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Ұлттық құрылтай қоғам трансформациясының арқауы

Ұлттық құрылтай қоғам трансформациясының арқауы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қоғам дамуының әр кезеңінде ел тағдырын айқындайтын, тарихи бағыт-бағдарды белгілейтін ерекше алаңдар болады. Ол – жай ғана жиналыс емес, мемлекеттің болашағына әсер ететін шешімдер тоғысатын, билік пен халық арасындағы жауапкершілік көпіріне айналатын кеңістік. Қазақстан үшін кейінгі жылдары дәл осындай маңызға ие институт – Ұлттық құрылтай.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Ұлттық құрылтай – елдің ішкі бірлігін нығайтып, қоғамды ортақ мақ­саттарға жұмылдыруға арналған ма­ңыз­ды диалог алаңы», деген сөзі бұл инс­титуттың мәнін айқын аңғартады. Бұл – мемлекеттік басқарудың жаңа логикасы. Яғни сөз жүзіндегі уәде емес, нақ­ты іске ұласатын саясат, формальды кеңес емес, мазмұнды шешім алаңы, қоғам­ның үнін естіп қана қоймай, оны мем­лекеттік әрекетке айналдыра алатын тетік.

Алғашқы жылдары құрылтай­да айтылған бастамалар көбіне декларативтік сипатта қабылдан­ғаны рас. Қоғамның өзі де бұл алаңға күмән­мен қарады. «Айтылған сөз орындала ма? Ұсыныстар қағаз бетінде қалмай ма?» деген сұрақтар заңды еді. Алай­да уақыт өте келе оның әлеуеті айқын­дала түсті. Бүгінде құрыл­­тайда көтеріл­ген мәселелер нақты заңдар­ға, бағдарламаларға, мемле­кеттік шешім­дерге айналып жатыр. Бұл – қоғам мен билік арасындағы қаты­настың сапалы деңгейге көтеріл­генінің көрінісі.

Пікір алаңының қуаты

Ұлттық құрылтайдың басты құнды­лы­ғы – оның ашықтығы мен мазмұн терең­ді­гінде. Мұнда айтылған ойлар жабық ка­бинет ішінде қалып қоймай, нақты ше­шімдерге айналу жолына түсті. IV Ұлт­тық құрылтайдан кейін Бурабайда қа­был­данған 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар – соның айқын дәлелі. Онда 10 заң жобасын әзірлеу, бірқатар стратегиялық және концептуалдық құжатты қабылдау көз­делді. Бұл – бұрынғыдай ұсыныстар тіз­бегі емес, орындалуы міндетті саяси бағдар.

Ұлттық құрылтайдың қоғамға кірігу үдерісін бір ғана сөйлеммен сипаттауға болады: кейде тарихта айғайсыз, даңғазасыз, бірақ терең мағыналы бетбұрыстар болады. Ондай сәттерде ел бағытын өзгерт­кен шешімдер қабылданады. Ол өзге­ріс бір күнде емес, әуелі санада бас­талып, біртіндеп өмірге сіңеді. Кейінгі жылдардағы сондай өзгерістің ең маңызды белгілерінің бірі – Ұлттық құрылтай.

Алғашында ауқымды жиын, пікір алмасу алаңы ретінде басталған құрылтай біртіндеп мемлекеттік саясат пен қоғамдық ой-сананың алтын арқауына айнала бас­та­ғанын аңғармай да қалғандаймыз. 2022 жылы алғаш құрылған кезде көпшілік оны символикалық сипаттағы бастама ретінде қа­былдады. Ол кезеңде қоғамға ең әуелі сенім қажет еді: билік тыңдай ма, ести ме, пікір­мен санаса ма деген күмән басым болатын.

Уақыт өте келе бұл алаң өзінің фор­маль­ды емес, мазмұнды екенін дәлел­деді. Бүгін­де құрылтай қоғамдық пікірді тір­­­кейтін мінберден алдын ала саяси және құндылықтық сараптама жасайтын инс­титутқа айналып келеді. Мұнда көте­рілген мәселелер кейін заңнамалық түзе­ту­лерге, мемлекеттік бағдарламалар мен Президенттің нақты тапсырмаларына ұласуда. Тіл, тарихи жады, ономастика, әлеуметтік саясат, тәрбие мәселелері – бұлар енді абстрактілі ұғым емес, нақты ше­шімдерге айналған тақырыптар.

Реформалардың қозғаушы күші

Ұлттық құрылтай алғашқы күннен бастап қоғамдық диалог пен мемлекеттік шешім арасындағы көпір болды. Егер басында ол тек символдық алаң саналған болса, қазір нақты, стратегиялық шешімдерге ықпал ететін институтқа айналды.

Мемлекет басшысының «Құрылтай – бұл тек пікірталас алаңы емес, страте­­гиялық шешімдерге ықпал ететін механизм» деген пікірі – осының айғағы. Бастапқыда кеңес беру, идеяларды тал­­қылау мақсатын­­да құ­рылған алаң бүгінде идеялар нақты бағ­дар­лама­­ларға, заңдарға және мемлекет­­тік концепцияларға айналатын трансформация орталығына ұласты. Ономастика, тарихи жады, әлеу­меттік саясат, білім беру, ұлттық тәрбие – барлығы құрылтайдан бастау алған нақты бастамалар.

Еліміз кейінгі үш жылда институ­цио­налдық тұрғыдан бұрын-соңды болма­ған жаңғыру кезеңін бастан кешірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі­мен айтқанда, «Парламенттің рөлі күшей­ді, Үкіметтің жауапкершілігі артты». Бұл өзгерістердің жалғасын көріп отырмыз.

Ауыл-аудан әкімдерінің тікелей сайлануы, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін же­тіл­діруге арналған жаңа нормативтік акті­лердің қабылдануы аймақтық өкіл­ді­лікті күшейтіп, тұрғындардың билікке қаты­суын арттырды. Қазір Парламент қабыр­ғасында талқыланып жатқан жер­гі­лік­ті басқару туралы заң жобасының не­гізгі мін­деті – Ұлттық құрылтайда кө­те­ріл­ген бас­тамаларды заңнамалық тұр­ғы­дан қамтамасыз ету.

Экономика және инфрақұрылым саласында да басты басымдық нақты нәти­же­лер­ге бағытталған дамуға берілді. Салық реформасы, әлеуметтік салықты көтеру, қо­сымша құн салығы жүйесін қайта қарау – бар­лығы қаржылық тұрақтылықты нығай­туға арналған.

Шекаралық және шалғай өңірлерді дамыту, инфрақұрылымдық жобалар да жаңа мазмұнмен толықты. Астана – Арқа­лық – Торғай – Ырғыз автожолы, жаңа темір­жол және логистикалық маршруттар, 2025–2030 жылдарға арналған ай­мақ­тық инфрақұрылымды дамыту тұжы­­рымдамасы – осы бағыттағы нақты қадам­дар. Бұл бастамалар әсіресе Торғай өңірінің әлеу­меттік-экономикалық дамуы­на жаңа серпін беріп, жұртшылық тарапынан зор қолдау тапты.

Құқықтық қағидат – қауіпсіздік кепілі

Қоғамдық сананы жаңғырту – құқықтық тәртіп пен азаматтық жауапкершілікті ны­ғай­тудың басты алғышарты. IV Ұлттық құрыл­тайда көтерілген маңызды мәселе­лер­дің бірі – «Адал азамат» бағдарламасы. Ол жас ұрпақты нашақорлықтан, буллинг­тен, зорлық-зомбылықтан қорғауға бағыт­талған.

Ал «Қазақстан балалары» бірыңғай бағ­дарламасы балалар саясатын жүйелеу­ді және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көз­дейді. Қазірдің өзінде бұл баста­ма­­лар­дың алғашқы нәтижелері байқала бастады. Бұл – ұзақмерзімді инвестиция. Оның жемісі бірден көрінбеуі мүмкін, бірақ мем­лекеттің болашағы дәл осы жерден бас­талады.

Еліміздің қоғам қауіпсіздігін арттыру­да­ғы келесі стратегиялық бағыты – цифр­лық трансформация және жасанды интеллект. 2025 жылы қабылданған ұлт­тық жоспар мен Цифрлық кодекс, сондай-ақ Жасанды интеллектіні дамыту министрлігінің құ­рылуы, мемлекеттік қызметтердің толық онлайн форматына көшу – ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет басшысы жаңа заңдар ар­қылы «Заң және тәртіп» қағидатын нығай­та түсті. Кейінгі қабылданған бір­қатар норма алғаш рет құқыққа қайшы кон­тент үшін әкімшілік жауапкершілікті жүйе­леді. Қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киімге қатысты жауапкершіліктің енгізілуі де қауіпсіздікті арттыруға ықпал етті. Ал балаларды қатерлі ақпарат ағынынан қорғау – технологиялық өзгерістер дәуіріндегі аса маңызды қадам.

Сонымен қатар Тарихи-мәдени мұраны қорғау туралы заң қабылданды. Ол архео­­ло­гиялық лицензиялау, мемлекеттік қор және депозитарий құру, заңсыз қазба­лар­­ды бақылау мәселелерін қамтиды. Бұл – тек ғылымға емес, ұлттық жадқа қатысты өзекті мәселе.

Ұлттық құрылтайдың атсалысуымен 2026–2028 жылдарға арналған нашақор­лық­пен күрес бойынша жаңа кешенді жос­пар қабылданды. Онда алдын алу, қоғам­­дық денсаулық, жастармен жұмыс істеу тетіктері күшейтілді. Бұл – жазалауға ғана емес, мәселені түп-тамырынан шешуге бағыт­талған көзқарас.

Нақты әрекеттер бастамасы

Еске сала кетейік, IV Ұлттық құрылтайда Президент ішкі саясат саласындағы концептуалды құжатты әзірлеу бастамасын қол­даған еді. Осыдан кейін алты ай бойы Пре­зидент Әкімшілігінің бастамасымен диалог­тік алаңдарда сарапшылардың, қо­ғамдық және ғылыми ұйымдардың қаты­суымен кең ауқымды талқылаулар өтті. Соның нәтижесінде «Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойылды. Бұл құжат – мемлекеттік органдар үшін координациялық бағдар, ал қоғам үшін ел болашағының айқын көрінісі. Онда азаматтық жауапкершілік, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік әділет, қо­ғамдық келісім сияқты іргелі ұста­ным­дар жүйеленді. Яғни ішкі саясат енді жекелеген науқандармен емес, біртұтас құндылықтық жүйе арқылы жүзеге асатын болды.

IV Ұлттық құрылтайдан кейін көптеген нақты іс-шара жүзеге асырыла бастады. Сол Бурабайда өткен құрылтайдан кейін қабылданған 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар – осы өзгерістің айқын көрінісі. Бұл – жай ұсынымдар жиынтығы емес, орындалуы міндетті саяси бағдар. Аталған жоспар аясында 10 заң жобасын әзірлеу, бірқатар стратегиялық және концептуалдық құжаттарды қабылдау көзделді. Соның ішінде ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен құндылықтарын жүйелейтін тұжырымдамалық құжатқа ерекше мән берілді. Бұған қоса әлеуметтік, инфрақұрылымдық және құқықтық бастамалар әзірленіп, тиісті құзыретті орган­дар­ға жолданды.

Осылайша, қоғам мен билік арасын­­­­­дағы жауапкершілік қатынасы нығайып, құқықтық тәртіп жүйесі жетілдіріле бас­тады. Жұртшылық пен билік арасындағы алтын арқау іспетті Ұлттық құрылтайдың тағы бір миссиясы – қоғам сұранысын мемлекеттік саясатпен ұштастыру. Осы орайда құрылтай қоғамдық көңіл күйді айқындап, реформалардың мазмұндық негізін қалыптастыру бағытында ұдайы әрекет етіп келеді. Көптеген күрделі қа­дам­ның легитимдігін арттыруда, яғни қо­ғам үшін күрмеуі қиын шешімдерді қабыл­дауда қоғамдық ой-пікірдің ықпа­­­лын күшейтуде бұл алаңның тиімді­­­лігі айқын сезіледі. Бұл ретте құрылтайдан шық­қан әр ұсыныс ресми түрде резолю­ция­ға енгізіліп, кейін Президенттің тапсырмасымен Үкімет пен профильді органдар арқылы іске асырылады. Дегенмен бұл үдеріс әлі де толық ашық емес – қоғам үшін бастамалардың қай жерде, кімнің жауапкершілігінде және қашан жүзеге асатыны әрдайым көрініп тұрмайды. Бұл – болашақта жетілдіруді қажет ететін м­аңызды мәселе. Аталған функциялар әсі­ресе «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруда айрықша мәнге ие. Көптеген азамат үшін құрылтай – ел тағдырын айқындайтын алаң болса, мемлекет үшін – әрекет етуге бағыт беретін бағдаршам.

Болашақ – білім мен инновацияда

Президент «Қазақстан – жас, білімді азаматтары бар мемлекет. Мақ­сатымыз – олардың әлеуетін барынша пайдалану, инновациялық экономика құру, әді­летті қоғам орнату», деп атап өтті. Осыған орай Ұлттық құрылтай – жас­тар­ды да өз жұмысына тартып, оларды мем­­лекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуы­на қатыстыруға жол ашып отыр. Сон­дықтан құрылтайда білім сапасы мен гума­нитарлық саясат, тарихи жады мен ұлттық бірегейлік мәселелері – ерекше назарда. Елдің өткенін білу – болашаққа бағдар, ал жас ұрпаққа сапалы білім беру – мемлекеттің тұрақтылығының кепілі.

IV Ұлттық құрылтайдан кейін шынайы іс-қимыл кезеңі басталды деуге негіз бар. Қазақстанның болашағы – білім, инновация, әділеттілік, қауіпсіздік және тең мүмкіндік арқылы жасалатыны анық. Ал құрылтай осы бағдарлардың барлығында қоғам тынысын жіті қадағалап, жоғары билікке дәл жеткізетін алаңға айналып отыр. Яғни қоғамның әр тынысы, әр талабы мемлекеттік шешімдерге әсер ететін кеңістік – Ұлттық құрылтай. Алғашқы жылдары ол кеңес беруші, идеяларды талқылайтын орын болса, бүгінде күрделі реформалардың генераторы, нақты заң жобалары мен мемлекеттік концепциялар туындайтын орталыққа айналды.

Ономастика, тарихи жад, тіл саясаты, білім және тәрбие мәселелері – барлығы осы алаңнан бастау алып, мемлекеттік іс-қимылға жол тапты. Ұлттық құрылтай – қоғам мен мемлекетті өзара үнқатысуға бастайтын берік арқау. Мұнда мемлекет шешім қабылдамас бұрын тыңдауды үй­ренсе, қоғам талап қоюмен қатар дәлел кел­­тіруге, жауапкершілік алуға бейімделе бас­тайды.

Бұл үрдіс баяу жүруі мүмкін, бірақ ба­ла­масы жоқ. Құрылтай қазірдің өзінде қо­ғам­ның үнін естіп, әлеуметтік сигналдарды заңнамалық және институционалдық шешім­дерге айналдыра алатынын дәлел­деп келеді.

Елдің болашағы – білім, мәдениет, әділеттілік, қауіпсіздік және тең мүмкіндік ар­қы­лы құрылады. Ал Ұлттық құрылтай – осы үдерістің жүрегі, қоғамдық сұранысты нақты іс-қимылға айналдыратын күш. Сөз­ден іске өту, идеядан шешімге жету – дәл осы құрылтайдың миссиясы.

Сөз бен істің бірлігі

Қорыта айтқанда, қазіргі Ұлттық құ­рылтай – жаңа институт қана емес, мем­ле­кет­тің қоғаммен сөйлесу тәсілінің тү­бе­гейлі өзгергенін білдіретін форма. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл алаңның мәнін айқын атап өтті: «Ұлт­тық құрылтай – дискуссия үшін жина­латын клуб емес. Бұл – қоғамдық ойдың мем­ле­кет­тік шешімдерге ықпал ететін тетігі». Бұл сөздің астарында үлкен жауап­кер­шілік жатыр. Себебі сөз – айтылған жерде қалмауы керек, ол іс арқылы дәлелденуге тиіс.

Ұлттық құрылтайдың күші – оның тірі организм секілді өзгеріп, дамып отыруында. Оны шамадан тыс регламенттеу оның табиғи диалогтік сипатын әлсі­ретуі мүмкін. Дегенмен бір мәселе анық: ұсы­ныстардың орындалу барысы қоғамға түсінікті әрі ашық болуға тиіс.

Құрылтай – биліктен талап ету алаңы ғана емес. Бұл – қоғамның өзіне қойы­ла­тын сұрақтардың мінбері. Біз не талап етеміз? Біз соған дайынбыз ба? Біз жауапкершілікті бөлісуге әзірміз бе?

Президенттің сөзімен айтқанда, «Күшті мемлекет тек биліктің күшімен емес, жауапты азаматтардың санасымен қалыптасады». Қазақстан бүгін таңдаудың алдында тұр. Сөз айтылды. Бағыт айқындалды. Заң қа­был­данды. Енді ең күрделі кезең басталады – іске асыру кезеңі. Ұлттық құрылтай осы жолда қоғам мен мемлекеттің арасындағы үнсіз келісімді бекітетін алаңға айналуға тиіс. Айғайсыз, бірақ терең. Даңғазасыз, бірақ нақты. Сөз бен істің бірлігі нақты нәтижеге жеткізері анық.

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ,

Президент жанындағы Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары, Сенат депутаты

Соңғы жаңалықтар

14 қаңтар күні оқушылар онлайн оқиды

Ауа райы • Бүгін, 00:30

Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындады

Әлем • Кеше

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райы • Кеше

Шекарадан «Маузер» тапаншасын заңсыз алып өтпек болған

Қылмыс • Кеше

Атырауда өлі табылған ерлі-зайыптының мүрдесінде пышақ ізі бары анықталды

Қылмыс • Кеше

«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

Қарияларға белсенді өмір сыйлаған орталық

Қоғам • Кеше

Полицейлер шетінен парамен ұсталып жатыр

Жемқорлық • Кеше

Депутаттар жастармен ашық әңгімелесті

Жастар • Кеше

Көлік қозғалысын жеңілдеткен оң жақ өткел

Инфрақұрылым • Кеше

Депутат Алматы облысының кәсіпкерлерімен импортты алмастыру мәселесін талқылады

Бизнес • Кеше

Шымбұлаққа көтерілу бағасы қайта арзандады

Алматы • Кеше

Алматыда айналасы бір аптада «әдемі» нөмір алғысы келетіндерден 19 мыңдай өтініш түсті

Қоғам • Кеше

Шымкенттегі кәсіпорын жылына 50 млн жұп шұлық шығарады

Шымкент • Кеше

Халықаралық көрмеде үздік туындыларымыз таныстырылды

Руханият • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 08:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

26 Тамыз 2026 22:37see152

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

26 Тамыз 2026 21:39see147

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see146

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see145

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see144

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see142

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see140

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see138

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see131

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see126

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see123

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see123

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see122

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see119

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see116

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see116

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see114

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see114

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see113

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары