Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Сержанттар корпусы: Биік белес

Сержанттар корпусы: Биік белес

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Марш жетекшісі, Бітімгерлік опе­ра­ция­­лар орталығы бастығының орынбасары, полковник Бақытжан Жетпісовтың айтуынша, бұл іс-шара командалық рухты нығайтып, әскери қызметшілердің дене даярлығын сынады.

– Сарбаздарға ең жақын буын саналатын сержанттар барлық деңгейдегі командирлердің сенімді тірегі әрі жеке құрамды даярлау, тәрбиелеу және әскери тәртіпті нығайту ісіндегі маңызды буын саналады. Олардың тәжірибесі мен кәсіби дағдылары еліміздің Қарулы күштерінде ғана емес, халықаралық деңгейде де жоғары бағаланады. Оларға құрмет ретінде экологиялық бағытта марш жасадық. Бұл бастама әскери қызметшілердің төзімділігін шыңдауға әрі күрделі жағдайларда іс-қимылды жетілдіруге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда отандық әскери қызметшілер, оның ішінде сержанттар да БҰҰ-ның Голан жоталарындағы және Ливандағы бітімгерлік миссиялары құрамында қызмет атқарады, – деді полковник Б.Жетпісов.

Сержанттар күнінің тарихы кәсіби сержанттар корпусының қалыптасуымен сабақтас. 1996 жылы 1 шілдеде Прези­дент Жарлығымен Қорғаныс министр­лігінің Кадет корпусы құрылып, кіші командирлерді даярлаудың жаңа жүйесіне жол ашылды. Бұл шешім кәсіби сержанттар корпусын қалыптастырудың берік негізіне айналды. Оның маңызы ескеріліп, 2021 жылы 1 шілде ресми түрде Сержанттар күні болып белгіленді.

Қазақстан Қарулы күштерінің бас сержанты, шебер-сержант Темірбек Халықовтың айтуынша, 30 жылда кәсіби сержанттарды даярлаудың заманауи жүйесі қалыптасты. Бүгінде олар жа­уынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, бөлімшелердің күнделікті қызметін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады.

– Сержанттардың кәсібилігі, беделі, білімі мен жеке үлгісі әскери қызмет­шілердің жауынгерлік даярлығының деңгейіне, моральдық-психологиялық ахуалына, бөлімшелердің жүктелген міндеттерді орындауға дайындығына тікелей әсер етеді, – деді ол.

Қарулы күштерде сержанттар құрамын даярлау жүйесін жетілдіруге де ерекше көңіл бөлінеді. Кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында жыл сайын «Үздік сержант» жалпыәскерлік байқауы өткізіледі. Оған қатысушылар өздерінің теориялық дайындығы мен қызметтік міндеттерін орындауға қажетті тәжірибелік дағдыларын көрсетеді. Сонымен қатар жеңімпаздар Қарулы күштер атынан халықаралық жарыстарға қатысады.

Оған қоса, Қарулы күштердің оқу-әдістемелік базасы да жетілдіріліп келеді. Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі ескеріле отырып, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығында қолданылатын нормативтер жинағы қайта әзірленді.

Сержант кадрларын даярлау еліміздің бес әскери колледжінде он түрлі мамандық бойынша жүзеге асырылады. Олардың түлектері Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектерінде қызмет атқарады.

Осыдан бірер күн бұрын Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде оқуды аяқтаған 100 кадет кәсіби сержанттар корпусының қатарына қосылды. Іс-шара барысында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков жас түлектерді құттықтап, Отан алдындағы абыройлы қызметтеріне табыс тіледі.

– Бұл – жаңа буынның сапқа қосылу күні. Түлектеріміздің арасында оқуда, әскери тәртіпте, қоғамдық өмірде ерекше көзге түсіп, колледжді үздік дипломмен аяқтап отырған сегіз оқу озаты бар. Үздік дипломдар – болашақ мінсіз офицерлік және сержанттық мансаптарыңыздың берік іргетасы. Енді осы биіктен түспеңіздер. Сіздерге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Әскери серт бердіңіздер, енді Отанға деген адалдық өмірлік бағдарларыңыз болуға тиіс, – деді генерал-майор.

Салтанатты рәсім аясында сержанттар Қарулы күштер сержантының ар-намыс кодексін қабылдап, сержанттар корпусына қабылдау рәсімінен өтті. Бұл – әскери қызметке адалдықты, жоғары жауапкершілік пен кәсіби міндетке беріктікті айқындайтын маңызды дәстүр.

– Осы айтулы күнде бізге сапалы білім, темірдей тәртіп және Отанға деген шексіз махаббатты бойымызға сіңір­ген колледждің басшылығына, ұстаздарымызға, командирлерге барлық түлектер атынан алғысымды айтамын. Сіздер бізді заманауи әскери біліммен сусындатып қана қоймай, Бауыржан Момышұлының тактикалық көрегенділігі мен Сағадат Нұрмағамбетов атамыздың мемлекетшілдік қасиетін бойымызға сіңірдіңіздер. Отан алдында берген әскери антымызға өмір бойы адал болуға уәде береміз, – деді оқу үздігі сержант Өміржан Тасболатов.

Сержанттар корпусы – ел армиясының өзегі, әскери басқару жүйесінің негізгі тірегі. Кіші командирлердің кәсібилігі, тәжірибесі мен борышқа адалдығы әрдайым жоғары бағаланады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 08:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары