Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Табандылықпен бағындырған белес

Табандылықпен бағындырған белес

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Коллаждарды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Осыдан 14 жыл бұрын елге келген Ардақ Айтуқызы Алматы­ның іргесіндегі «Алтын Орда» базарында көкөніс пен жеміс-жидек сатып, саудамен айналысты. Таңғы елең-алаңнан басталатын тіршіліктің түн ортасына дейін дамыл таппайтынын былайғы жұрт біле бер­мейді. Отбасындағы бала-шағаның қамын жасаумен қатар, базардағы күнделікті күйбең тірлікті қатар алып жүру нәзік жанның иығына түскен жүкті еселей түсті. Соған қарамастан отағасы Өмір Үсен екеуі қиын­дыққа мойымай, табысқа жету жолында табандылық танытып, еңбек етуге төселді.

«Базарда сауда жасаумен он жылдан астам уақыт айналыстық. Тиыннан теңге құрау оңай болған жоқ. Табысқа жету жолында талай рет сүрініп, қайта тұрдық. Төзім мен табандылықтың арқасында алға ұмтылуды басты мақсат еттік. 2021 жылдан бастап кәсіпкерлікке батыл қадам жасап, осы саланы дамытуға біржола бет бұрдым. Әйтей ауылдық округіне қарасты Сауыншы ауылының маңынан сатып алған 7 гектар жерге өндіріс ошағын салып, «BMG Holding» компаниясының негізін қаладым. Сөйтіп, зауытта сэндвич-панель өндіруді бастадық», дейді кәсіпкер Ардақ Айтуқызы.

Іскер жан Ардақ Айтуқызы Қытай Халық Республикасының Іле-Қазақ автономиялық облысында дүниеге келген. Балалық шағы Іле ауданында өтіп, жастайынан үлкен арманға қанат қағып, биік мақсатқа ұмтылды. Қытай елінде орта мектепті тәмамдаған соң, қаржы мамандығы бо­йынша жоғары білім алды. Он жылдан астам уақыт банк саласында қызмет атқарды. 2012 жылы тарихи Отанына қоныс аударды. Алғашқы он жылдан астам уақытын «Алтын Орда» базарындағы саудаға арнаған кезеңде мол тәжірибе жинақтап, кәсіпкерліктің қыр-сырын мең­герді. Уақыт өте келе өндіріс бағытына біржола бет бұрды.

«Кәсіпкерлік саласында та­быс­­қа жету үшін білімді үне­мі жетіл­діріп, өзіңді дамытып отыру аса маңызды. Осы мақсатта бүгінде бизнес және басқару мамандығы бойынша Narxoz Business School-да магистратурада білім алып жүрмін. Одан бөлек, бизнесті дамыту бағытындағы түрлі семинарға қатысуды дағдыға айналдырғанмын», дейді Ардақ Айтуқызы.

Алты қыздың ардақты анасы үшін отбасы – өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Шаңырағына шуағын төккен Милара, Елдана, Аяжан, Айару, Раяна, Раиса есімді қыздарының екеуі жоғары білім алып жүрсе, үшеуі мектеп жасында. Ал кен­же­сіне небәрі алты ай. Бала­пандарын аялап өсіре жүріп, бизнестің де берекесін арттыра білген кәсіп иесі бүгінде бірқатар сәтті жобаны жүзеге асырған іскерлігімен танылып келеді.

Соның бірі – өзіндік жарқын идеядан бастау алған «BMG Holding» компаниясы. Болашаққа деген сенімнен туған бұл жоба ұлттық өндірісті жаңғыртуға, технологиялық дамуға үлес қосуға және жергілікті өңірдің әлеуетін арттыруға бағытталған. 2021 жылдың шілде айында алғашқы өндіріс ошағын ашқан кәсіпкер екі жыл бұрын Қарасай ауданының Сауыншы ауылында заманауи сэндвич-панель өндіретін кәсіпорынды іске қосты. Өндірістік кәсіпорын еліміздегі жаңа индустриялық серпілістің бір бөлігіне айналып, «BMG Holding» сэндвич-панель өндіру бойынша отандық нарықтағы көшбас­шы­ның біріне айналды.

«Біз шатыр мен қабырғаға пайдаланылатын сэндвич-панель өнімдерінің кең ассортиментін ұсы­намыз. Олар жылуды тиім­ді оқшаулайтын қасиетке ие, бұл ғимараттарды жылыту мен салқындатуға кететін шығын­дар­ды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сэндвич-панель­дер­ді жобалау, жеткізу және орнатуды қоса алғанда, құрылыс жұмысының толық кешенін ұсынамыз. Өндіріс зауытымыз заманауи автоматтандырылған желі­лермен жабдықталған. Бұл тапсырыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауға мүмкіндік береді. Біз тек полимермен қапталған мырышталған болат пен өртке төзімді материал­дарды қолданамыз. Өндіріс үде­рісінің әр кезеңі қатаң сапа бақы­лауынан өтеді. Бұл өз кезе­гінде өнімдеріміздің сенім­ділігі мен беріктігін қамтамасыз етеді», дейді кәсіпкер.

Бастапқыда «Даму» кәсіпкер­лікті қолдау қорынан 7 пайыздық мөлшерлемемен 200 млн теңге көлемінде қаржы алып, іргесі қаланған кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 300 мың шаршы метрге жуықтайды. Десе де, сапалы отандық өнім өндіру көлемі көбіне тапсырысқа қарай реттеледі. Кәсіп иесінің айтуынша, зауыт өнімдеріне туристік аймақтардан сұраныс жоғары. Жеңіл әрі құрастыруға ыңғайлы сэндвич-панельдерге деген қажет­тіліктің жаз маусымында арта түсетіні де сондықтан.

Бүгінде тәулігіне 2 мың шаршы метр өнім өндіретін кәсіпорында 40-тан астам адам тұрақты еңбек етеді. Олардың бар­лығы – Әйтей ауылдық окру­­гіне қарасты ауылдар­дың тұрғындары. Еңбек адам­да­рының жалақысын уақтылы төлеумен қатар, жұмыс­шы­ларға ыс­тық тамақ беру мәсе­лесі де жолға қойылып, арнайы асхана жабдықталған.

Келер жылы осы кәсіпорын­ның іргесінен құны 11 млрд теңгені құрайтын металл бояу өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Жоба жүзеге асқан жағдайда жүздеген адам тұрақты жұмыспен қамтылып, отандық өндірістің көлемі одан әрі арта түспек.

«Өмірдегі басты ұстанымым – адалдық, жауапкершілік және тұ­рақты даму. Шынайылықты ба­ға­лаймын, адамдармен қарым-қатынаста ашық болуға тыры­самын. Сонымен қатар әр сөздің салмағын түсінуге үй­реніп келемін. Отбасы – ең үлкен құндылық. Ана ретінде балаларымды тәрбиелеумен ғана шектелмей, оларға үлгі болатын тұлға болуды мақсат етемін. Кәсіпкер ретінде тек пайда табуды емес, қоғамға пайда әкелуді ма­ңызды санаймын. Әрбір істі жүйемен, тәртіппен, ұзақ­мерзімді жоспармен жүргізу – басты қағидам. Үнемі өзімді дамытуға, білім алуға және ой-өрісімді кеңейтуге ұмтыламын. Адамның шынайы күші – оның ішкі өсуінде деп сенемін. Сон­дықтан мақсатым – тек табысты кәсіпкер болу емес, қоғамға ықпал ететін, адамдарға шабыт беретін тұлғаға айналу. Болашақта өз ісімді жүйелі әрі тұрақты дамытып, халықаралық деңгейге жеткізгім келеді. Сонымен қатар әйелдерге қолдау көрсететін, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып дамитын мықты бизнес-қауымдастық құруды армандаймын. Әйел адамның әрі ана, әрі көшбасшы, әрі табысты кәсіпкер бола алатынын көрсеткім келеді. Мақсатым – тек өзімді емес, айналамдағы адамдарды да биік белестерге жетелеу», дейді Ардақ Айтуқызы.

Кәсіпкердің қайырымдылық істері де көпке үлгі. «Өзге елде ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол» деген даналықты берік ұстанымына айналдырған Ардақ Айтуқызы «Білім-күш» қорына қаржы бөліп, ағылшын тілін мең­геруге ниетті 30 баланың бір жыл бойы тегін білім алуына мүмкіндік жасаған. Бұдан бөлек, қиындыққа тап болған жандарға қолдау көрсетіп, мұқтаждарға көмек қолын созады.

Атажұртқа аңсап жетіп, маңдай терімен кәсібін дөңге­ле­тіп, өндірісін өркендетіп отыр­ған Ардақ Айтуқызының өмір жолы – табандылық пен ізденістің, адал еңбек пен елге деген жанашырлықтың жарқын үлгісі. Бүгінде ол отбасының ұйытқысы, алты қыздың аяулы анасы ғана емес, отандық өндірістің дамуына үлес қосып жүрген іскер әйел ретінде де өз орнын қалыптастырып келеді. Оның әр бастамасының ар жағында өз пайдасынан бұрын елдің игілігін ойлайтын азаматтық ұстанымның тұрғаны қуантады.

Алматы облысы,

Қарасай ауданы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 20:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары