Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Қаржы нарығындағы жаңа белес

Қаржы нарығындағы жаңа белес

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл бірегей құрылымның тізгіні кімнің қолына көшеді және мұның артында қандай стратегиялық мүдде тұр? Рейтингтік агенттіктердің 3 түрінен құралатын жаңа институционалдық модель енгізіледі. Реформаның жаңашылдықтар тастыны мұнымен толастамақ емес: оның аясында банктердің иығына соны міндеттер мен жаңа жауапкершілік жүгі артылғалы тұр.

Үш тағанға сүйенген ұлттық модель

Мәжіліс «Рейтингтік қызмет туралы» және оған ілеспе заң жобасын қабылдады. Ел тарихында тұңғыш рет жаңа институтты құрғалы тұрған бұл құжаттар Мемлекет бас­шы­сының Жарлығымен бекітілген Қа­зақстанның қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру үшін әзірленді.

– Жаңа заң алғаш рет Қазақстандағы кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеудің құқықтық негізін белгілейді. Сондай-ақ олардың мәртебесін, қызмет шарттарын, тәуелсіздікке, ашықтық пен есептілікке қойылатын талаптарды айқындайды, – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова.

Қатардағы шағын бизнеске рейтингтің әрине, қажеті шамалы. Ал әр салаға тірек, темірқазық болар ірі кәсіпорын-компания­ларға, қаржылық ұйымға мұнсыз даму жоқ. Рейтингтерді кредиттік тәуекелді бағалау және инвестициялық шешім қабылдау кезінде инвесторлар мен банктер де кеңінен қолданады. Ол сондай-ақ әр сектордағы ахуалды барынша дәл бағамдау үшін Үкіметке, Ұлттық банк пен қаржылық реттеушіге керек. 

Бірақ еліміз тәуелсіздік алған кезден бері отандық осы саланың тізгіні қалпымен шетелдіктердің қолында болғаны жасырын емес. Бұл ретте Қазақстанда ұлттық рейтинг­тік бағалау жүйесі және құқықтық базасы қалыптаспады. Мұның сыртында жатжұрт­тық рейтингтік агенттіктер қызметінің қымбаттығы оны шағын және орта бизнес үшін қолжетімсіз етті. 

– Ұлттық рейтингтік жүйені құру қазақ­стандық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің капитал нарығына шығуын, одан арзанырақ әрі ұзақ мерзімге несие тартуын жеңілдетеді. Бұл сонымен бірге ақпараттық теңгерімсіздік-асимметрияны азайтуға және эмитенттердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді, – деді М.Әбіл­қасымова.

Сонымен, жаңа индустрияны қалып­тастыру үшін жаңа заң аясында елде жаңа «нарықтық институционалдық модель» енгізіледі. Ол кредиттік рейтингтік агенттік­тердің 3 түрінен тұрады. Біріншіден, «Қа­зақ­станның рейтингтік агенттігі» құрылады және тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институтына айналады. Әйткенмен, ол жүз пайыз мемлекеттік болмайды. Оның қожайын-акционерлері қатарында Ұлттық банк, халықаралық рейтингтік агенттіктің бірі және басқа инвесторлар болады. 

Екіншіден,  республика аты халықара­лық, заты америкалық алпауыт рейтингтік агенттіктерді ары қарай да мойындайды, олардан бас тартпайды. Бұлар – Standard&Poor's, Moody's, Fitch. Бұған қоса, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін кемінде 5 дамыған ел таныған кез келген өзге агенттіктер де таны­лады. Үшіншіден, қазақстандық жеке­меншік агенттік ашуға рұқсат етілуі мүмкін. 

Бұдан бөлек, жаңа заңнамалық топтама РА-лар қызметін реттеу мен қадағалаудың толық циклін түзеді. Қаржы нарығын реттеу агенттігі бұрын-соңды болмаған жаңа құзырларға ие болады. Оған халық­аралық және шетелдік рейтингтік агент­тіктерді (РА) тану, мониторингтеу және тануды кері қайтарып алу, сондай-ақ рей­тинг­тік қызмет туралы заңнама талап­тарының сақталуын бақылау өкілеттіктері беріледі.

Қазақстандық нарыққа кіруге рұқсат алу үшін халықаралық және шетелдік РА-ларға біліктілік талаптары белгіленеді. Басты өлшемшарттарға ең кемі 5 жыл қызмет тәжірибесі, меншікті капитал деңгейінің жеткіліктілігі, сынақтан өткен әдіснамасы және институционалдық тәуел­сіздігі жатады.

Қазақстандық РА үшін жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар заңға тәуелді актілер­мен, яғни қаржылық реттеушінің қаулы­ларымен белгіленбек. Ведомствоның түсін­діруінше, жарғылық капиталы шамамен 10 млрд теңгені құрауға тиіс. Бұл басқа елдердегі ұлттық рейтингтік агенттіктердің практикасына сәйкес келеді. Басшылары мен топ-менеджерлеріне біліктілік талаптары белгіленеді. Олардан бейінді білімінің, жұмыс тәжірибесінің және мінсіз іскерлік беделдің болуы талап етілмек.

– Рейтинг беру тек біз бекіткен әдіснамалар негізінде жүзеге асырылады. Әдіснамалар компанияның кредит қабілетін кешенді, жан-жақты бағалауды, тәуекелдің барлық маңызды факторын ескеруді, оның тарихи деректерін салыстыра қарауды және тексеруді қамтамасыз етуге тиіс. Әдіснамаларын жылына кемінде бір рет тұрақты жаңартып отыруға міндетті, – деп нақтылады М.Әбілқасымова.

Ұлттық банк жаңа жүйені қалай қолдайды?

Тұтастай алғанда, бұл – арнасынан тасы­ған дариядай табысы көл-көсір, тартымдылығы жоғары кәсіп көзі. Осы себепті де аталған заң күшіне енгеннен кейін ішкі нарық айдынында шетелдік азулы агенттіктермен иық тіресіп, бәсеке көрігін қыздыратын отандық алыптардың бой көтереріне сарапшылар сенеді. Өйткені рейтингтер – қаржы нарығы инфра­құры­лымының негізгі элементі, алтын діңгегі іспетті.

Ұшан-теңіз табыс неден құралады? Қазіргі уақытта капитал нарығы оң серпінге қол жеткізді. Соңғы бес жылда акциялар нарығын капиталдандыру 115%-ға ұлғайып, 44,7 триллион теңгені құрады. Қазақстан қор биржасында акциялар шығарылым­дарының саны екі есеге өсіп, 111 шығары­лымды құрады. Облигациялар нарығының көлемі 16,5%-ға ұлғайып, 16,7 триллион теңгеге жетті. Қазақстан қор биржасындағы эми­тенттердің саны 70-тен 158-ге дейін өсті. 

Бірақ осылардан түсетін кірістің бәрі ондаған жылдар бойы елден сыртқа кетумен болды. Бүгінгі күні Қазақстан аумағында америкалық Standard & Poor's, Moody's және Fitch Ratings халықаралық РА-лары рейтинг береді. Олардың берген бағасы шын мәнінде халықаралық қаржы нарық­та­ры­на «кіру билеті» саналады. Сондай-ақ ресейлік «Эксперт РА» және АКРА пруден­циялық реттеу мақсатында төл рейтингін ұсынады. Мемлекет те, ұлттық компаниялар да, қазақстандық жекеменшік компаниялар мен банктер де тек соларға жүгінеді. Енді оларға отандық балама құрылмақ.

Айта кету керек, қазіргі уақытта халық­ара­лық рейтингті қаржы секторында 53 компания алған. 23 банктің 14-і де соған ие. 37 ұлттық компанияның және жеке сектордағы 45 компанияның халықаралық рейтингі бар. Оған лайықты болу және жыл сайын тексеруден өту үшін тұрақты түрде орасан зор шығын шығарады. Бірақ құны нақты қаншаға түсетінін компания­лар реттеушіге де айтпайды: корпоративтік құпия болып есептеледі екен. 

Ашық дереккөздерге жүгінсек, әлемдік үш алыптың бағасын алу рәсімі бірнеше миллион долларға дейін қаржы шығаруды талап етеді. Рейтингті ұдайы қайта қарау, компания көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу, рейтингті жаңартудың комиссиясы орта есеппен 15 000–50 000 доллар тұрады. Агенттік төрайымы Мәдина Әбілқасымова ұлттық рейтингтік агенттіктердің бағасы ішкі нарыққа қолжетімді болатынына сендірді.

– Шетелдік инвесторлар қаржы құю туралы шешім қабылдағанда халықаралық рейтингтің болуын талап етеді. Ал ұлттық рейтингті сыртқы нарықта да қолдануға болады, бірақ бұл үшін оны ең алдымен шетелдік қаржы реттеушілері тануға тиіс. Біз алда шетелдік реттеушілермен жұмыс жүргізіп, өзара тану тетіктерін енгіземіз. Осындай тетіктер қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық одақта қолданы­лады. Мысалы, Ресеймен арада осындай тетікті енгіздік, – деді М.Әбілқасымова. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы өздерінің есебі бойынша ұлттық рейтингтің құны халық­аралық рейтингтердің құнынан айтарл­ықтай төмен болатынын айтты. Сондықтан бұл шағын және орта бизнес үшін тиімді тетік болады деп тұспалданды. Ол арқылы кәсіпкерлер қор нарығына жеңілдетілген тарифпен шыға алуға тиіс.

Тәуелсіздік сыналатын тұс

Әлбетте, заң тұрғысынан міндеттеме жүктелмесе, ұлттық рейтингтердің бағы жана қоюы неғайбыл. Көпшілік үйреншікті ескі сүрлеуінен шыға алмай, баяғы соқпақпен салып ұрып жүре береді де жаңасына қызығушылық болмайды. Онда бұл сала ескі таз кепешін киіп қала бермек.

– Осыны ескере отырып, депутаттар мемлекетке қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға ұлттық рейтингті иелену міндетін жүктеуді ұсынды. Бұл тізімнің көш басында ірі қаржы институттары мен алпауыт ұлттық компаниялар тұруы мүмкін. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің жөні бөлек: олардың халықаралық мойындалған рейтингтері болғандықтан, ұлттық бағалау­сыз-ақ тіршілігін дөңгелете алады. Сон­дықтан банктердің басым бөлігі үшін ұлттық рейтинг маңызын жоғалтады. Әсіре­се, банк капитал нарығына шықпайтын болса, ешқандай рейтингке зәрулік болмайды. Осыған байланысты банктердің ұлттық рейтингті пайдалануға нақты ынта­сы болуы үшін оларға да міндет қойылғаны жөн, – дейді Мәжіліс депутаты Никита Шаталов.

Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев ұлттық рейтингтерге қатысты банктерге де белгілі бір талап болатынына сендірді. Ол халық пен бизнестен депозит тартатын барлық банк белгілі бір формула мен әдістеме бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына тиісті жарналар аударып тұратынын еске салды. 

– Банктерді ынталандыру мақсатында біз алдымен осы формулаға ұлттық рейтинг­тің болуын енгіземіз. Осы арқылы банктердің ұлттық рейтинг алуға деген ынта-ықыласын арттырамыз. Екіншіден, Ұлттық банк – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарын басқарушы. Бұл қаражатты инвестициялау кезінде біз бел­гілі бір инвесторлардың рейтингіне назар аударамыз. Мұнда да ұлттық рейтинг­тің болуы біз үшін басымдыққа айналады, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Үшіншіден, қор биржасы бағытында да ұқсас жұмыс жүргізілмек. Инвесторлар немесе міндеттемелері бар тұлғалар алдын ала «KASE Клирингтік орталығы» АҚ-ына маржалық жарна енгізуге тиіс. Ұлттық банк бұл формулаға да ұлттық рейтингті енгізуге ниетті. Атап айтқанда, ҚРҰБ төрағасының бірінші орынбасары ұлттық рейтингі бар банктердің аз мөлшерде жарна төлейтінін хабарлады. «Қорыта айтқанда, қолымызда жеткілікті құралдар бар. Біз бұл бағытта банктерді ынталандыратын боламыз. Тіпті олармен келіссөздер де жүр­гіздік. Банктер ұлттық рейтинг алуға қазірден қызығушылық танытып отыр», – деді Ерұлан Кенжебекұлы.

Қаржылық реттеуші тағы бір қызықты мәліметті жеткізді: болашақта ұлттық рейтингтік агенттік халықаралық IPO-ға шығуы мүмкін. Заңда бұл ұйымның басты құрылтайшысы Ұлттық банк болатыны көрсетілген. Оның басты серіктесі аты әзірге аталмаған халықаралық рейтингтік агенттік болмақ. Осы екінші ірі акционері арқылы ұйым халықаралық деңгейде мойындалған әдіснамаға ие болады. 

Бүгінде Ұлттық банк халықаралық рейтингтік агенттіктердің «үлкен үштігімен», сондай-ақ ресейлік, қытайлық және басқа рейтингтік агенттіктермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Мақсат – олардың әдіс­намасын пайдалану және жаңа рейтингтік агенттікті құруға жұмылдыру. Бұдан өзге, заң басқа инвестор тұлғалар мен өзге құрылтайшылардың қатысуын да қарас­тырады. Алайда олардың әрқайсысының үлесі 10%-дан аспауға тиіс. Бұл белгілі бір тұлғаның осы жолмен ұлттық агенттікті өз уысына түсіріп алмауы үшін жасалыпты. 

«Негізгі темірқазық акционер Ұлттық банк болады. Бұл инвесторлардың сенімін арттыру және тұрақты институт қалыптас­тыру үшін қажет. Ең алдымен, біз мемлекет қаржыландыратын, кредиттік ресурстарға тәуелсіз әрі сапалы бағалау жүйесін құруды көздеп отырмыз. Басқа қатысушылар үшін біз үлесті 10 пайызға дейінгі көлеммен шектеуге шештік. Бірқатар елде бұл институт бірнеше жыл табысты жұмыс істегеннен кейін IPO-ға шығатын тәжірибе бар. Біз де болашақта осы институтты IPO-ға шығара аламыз деген үміттеміз», – деді Мәдина Әбілқасымова.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттіктің құрылуы қаржы нарығы инфрақұрылымын нығайтып, отандық бизнес үшін рейтинг алу құнын төмендетуге, шағын және орта бизнестің капитал нарығына қолжетімділігін кеңейтуге және рейтингтік қызметтен түсетін табыстың ел ішінде қалуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге халықаралық әдіснамаға сүйенгенімен, агенттіктің шынайы тәуелсіз­дігі мен объективтілігін қамтамасыз ету, саяси немесе корпоративтік ықпалдан қор­ғау және оның рейтингтерін нарық пен шетелдік инвесторлардың мойындауына қол жеткізу басты сын-тегеурін болмақ. Сондықтан шетелге телмірген саланың жаңа тынысының ашылуы, ұлттық рейтинг­тік агенттіктің беделі мен табыс­тылығы басқару сапасына, ашықтығына және халықаралық стандарттарға қанша­лықты адал болатынына тікелей байланысты.

Айхан ШӘРІП

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see173

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see165

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see164

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see161

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see160

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see156

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see149

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see148

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see146

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see142

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see141

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see139

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see139

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see139

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see136

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see134

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see128

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see125

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see125

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see124
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары