Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Татулықты тұғырлаған белес

Татулықты тұғырлаған белес

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін мерейтойлы жыл еліміздегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығай­тудың ерекше кезеңі болды. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Бірлік пен ынтымақтастық, диалог, өзара сенім мен құрмет, азаматтық жауапкершілік – осы мызғымас қағидаттардың бәрі еліміздің ілгерілеуі­нің негізін құрайды». Бұл сөздер Ассамблеяның 30 жылдығындағы қызметінің мән-маңызын дәл айқындайды.

Жыл маңызды оқиғаларға, кез­десулерге, бастамаларға толы болып, «бейбітшілік» пен «ке­лісім» ұғымдарының шы­найы мағынасын терең түсі­ну­ге мүмкіндік берді. Бұл құн­ды­лықтар этномәдени бір­лестік­тердің, ақсақалдар және ана­лар кеңестерінің, ғы­лыми қауым­дастық өкілде­рінің, шы­ғарма­шы­лық ұжым­дардың және бел­сенді жас­тар­дың бір­лес­кен еңбегі ар­қылы күн сайын нығайып жатыр. Осы сан қырлы жұмыстың жү­регі – көптеген жыл бойы елорда­лық Достық үйі болып келеді.

Астана тұрғындары үшін елорданың атын абыроймен алып жүру – үлкен мәртебе. Ал этносаралық келісім саласында қызмет ететіндер үшін бұл мәртебе тәуелсіздіктің басты құндылығы – бейбіт өмірді сақтау және нығайту жолындағы зор жауапкершілікпен ұштасады. Жыл бойы елордалық Ассамблея адамдарды ортақ жасампаз мақсаттарға біріктіретін институт ретіндегі мәртебесін сенімді түрде дәлелдеді. Ассамблея бастамалары әлеуметтік, мәдени, білім беру және ағартушылық бағыттарда жүзеге асырылып, халықтың әртүрлі топтарын қамтыды.

Мерейтойлы жыл айтулы іс-шаралардан және Ассамблея ардагерлерін ұлықтаудан бас­талды. Достық үйлерінде естелік тақталар ашылды. Әр этномәдени бірлестік жыл бойы өтетін мерекелік шаралар жоспарын әзірледі. Елорда Ассамблеясының бірқатар мүшесі этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін қоғамдық марапаттар мен мерейтойлық медальдармен наг­радталды. Бұл – біздің қоғамға деген көпжылдық адал қызмет пен тынымсыз еңбектің жоғары бағалануы.

Жұмыстың негізгі бағыт­тарының бірі қайырымдылық қызметі болды. Астана қаласы ҚХА жанындағы «Жомарт жан» орталығы қиын жағдайға тап болған елорда тұрғындарына көмекті жалғастырды. Биыл  16 мың адам қолдау алды, көр­сетілген көмек көлемі 63 млн теңгені құрады. Бұл жұ­мыс жос­парлы және жүйелі түр­де жүр­гізіліп, этномәдени бірлес­тіктерге тән адамгершілік пен өз­ара қолдаудың жоғары деңгейін көрсетеді.

Әдеттегідей, қалалық Ассам­блея көпэтносты отбасыларға, көпбалалы аналарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар балаларға және елорда еңбек ұжымдарына ерекше көңіл бөледі. Осы санат­тардың әрқайсысына бағытталған қоғамдық маңызы бар жоба­лар жүзеге асырылып, сенім, әлеуметтік қолдау және өзара түсіністік нығайтылды.

Дәстүр бойынша Достық үйінде Ассамблея ардагерлерін әрдайым құрметтеп, олардың кеңесіне құлақ асып, жоспарлар сол тәжірибелі тұлғалардың ұсы­ныстарына сәйкес үйлестіріліп отырады. Жыл сайын Қарттар күнінде ардагерлерді құрметтеп, әріптестерімен қауышуға мүм­кіндік беріледі. Олар өз тәжіри­бесін, өмірден түйген дана ойла­рын көпшілікпен бөлісетін «Ас­самблея. Тұлға. Тағдыр» атты бейнероликтер сериясының және «Birlik Talks» подкасттарының кейіпкерлеріне айналды.

2025 жыл Достық үйінің ха­лықаралық деңгейдегі қызығу­шылық орталығына айналған кезең болды. Оған шетелден мәр­тебелі қонақтар келді: Израиль Кнессетінің спикері Амир Охана, Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукс, Румыния мемлекеттік хатшысы Джанина Ситару және Румыния Мәде­ниет министрлігі мемлекеттік хат­шысының орынбасары Ирина Санда Марин Каджал. Бұл сапарлар еліміздің этносара­лық келісім моделінің халықара­лық деңгейде зор қызығушылық пен құрметке ие екенін айқын дәлелдеді.

Ассамблея жұмысының ма­ңызды бөлігі – жастар бағытын дамыту. Биыл отансүйгіш, әлеу­меттік белсенді жас буынды тәрбиелеуге ерекше жағдай жасалды. Түрлі жобалар арқы­лы жастар көшбасшылық қабі­леттерін дамытып, көп тілді мең­ге­ріп, мәдени бастамалар мен халық­аралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін алды. Бұл ел­дің дамуына жауапкершілікпен қа­райтын болашақ азаматтарды қалыптастыруға үлес қосады.

Елорда шығармашылық ұжым­дары жыл бойы Астананы және жалпы мемлекетімізді ха­лықаралық алаңдарда лайықты танытып, этномәдени өмір­дің бай палитрасын және жоғары деңгейдегі мәдени қарым-қаты­насты паш етті. Олардың фестивальдар мен концерттерге қатысуы мәдени диалогті нығай­тып, әлемге көпэтносты қоға­мымыздың әсемдігін және алуан түрлілігін көрсетті.

Өз аясын кеңейте отырып, елордалық Ассамблея кәсіп­орындарда Еңбек Ассамблея желісін, сондай-ақ ерекше қа­жеттіліктері бар азаматтарды қо­ғамдық өмірге тарту үшін Ин­клюзивті Ассамблеяны және Спорттық Ассамблеяны дамытуға кірісті. Жаңа идеялар мен жаңа адамдардың келуі келісім мен та­тулықты нығайту ісінде жаңа жо­балар мен ауқымды нәтижелерге жол ашатыны сөзсіз.

Жыл қорытындысында ме­рей­той тек есеп беру кезеңі ғана ­емес, Ассамблеяның бірегей қо­ғам­дық келісім институты ре­тін­де дамуының маңызды бе­лесі болғанын атап айтуға бола­ды. Ассамблея жыл бойы Мемле­кет басшысы айқындаған тұрақ­тылықты, әлеуметтік тұтас­тықты және ұлттық бірегейлікті нығайту бағытын берік ұстанды. Астана­ның этномәдени бірлес­тіктері алдағы уақытта да осы міндет­тердің жүзеге асуына маңыз­ды үлес қоса отырып, этнос­аралық диалог пен өзара ынты­мақтастықтың негізгі орталығы болып қала береді.

Келер жыл қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп, жаңа мүм­кіндіктер әкеліп, елордамыздың әр шаңырағында бейбітшілік, келісім және жасампаздық атмосферасын сақтасын. «Татулық – табылмас бақыт» деп халық даналығында айтылғандай, шынайы бақыттың өлшеусіз құндылығы татулық екені сөзсіз!

Есет БАЙКЕН,

Астана қаласы әкімінің орынбасары,

елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары

Соңғы жаңалықтар

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының жүлде қоры жарияланды

Футбол • Бүгін, 12:08

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:51

«Astana Motors»: Отандық көлік өнеркәсібіндегі серпіліс

Технология • Бүгін, 11:42

Цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына ел тұрғындарының көзқарасы қандай?

Қоғам • Бүгін, 11:40

Еуроодақ ресейлік газдан бас тарту туралы шешім қабылдады

Оқиға • Бүгін, 11:35

«Жетісу» футбол клубына бас бапкер тағайындалды

Футбол • Бүгін, 11:25

Атырау облысында аңшы жоғалып кетті

Оқиға • Бүгін, 11:13

Димаш Құдайберген медицина университетінің құрметті профессоры атанды

Қоғам • Бүгін, 11:01

Қазақстанда бағдарламалау мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 10:51

Кеңгір ауылы газға қосылып, таза ауыз сумен қамтылды

Қоғам • Бүгін, 10:40

Алматы метросының «Қалқаман» станциясы мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі

Оқиға • Бүгін, 10:33

Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

Қоғам • Бүгін, 10:20

Сақ болыңыз: Алаяқтар тұрғындарды алдауда жаңа тәсіл қолданып жатыр

Қоғам • Бүгін, 10:15

Түркістан облысында көпір опырылып қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:11

18 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:01

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 13:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары