“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматыда таудан түсіп келе жатқан 18 бен 23 жас аралығындағы төрт жас жігіт аюдың ақырығанына ұқсас дыбыстан зәресі ұшқан. Олар жолды өз бетінше жалғастыруға батпай, көмекке жүгінген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Соқпақ жолда аюдың дауысын естіген
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Медеу ауданында, "Медеу" бағытындағы № 166 туристік соқпақта болған. Таудан түсу кезінде жастар аюдың ақырығанына ұқсас дыбыстарды естіген. Қатты қорыққан олар тоқтап қалып, жолды ары қарай жалғастырмауды жөн көрген.
Оқиға орнына Алматы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары мен полиция қызметкерлері аттанды.
Мамандар жастарды тауып алып, "Медеуге" дейін шығарып салды. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Осыдан кейін төрт жігіт қалаға қарай өз бетінше жол тартты.
ТЖМ қауіпсіздік ережелерін еске салды
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жарияланымы (@112kz_)
Төтенше жағдайлар министрлігі тауға жорықты алдын ала жоспарлауды, ауа райы мен күннің бату уақытын ескеруді сұрайды. Құтқарушылар туристік соқпақтан шықпауды және маршрут таңдауда өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалауды ескертті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қыркүйек 2026 09:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















