Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

Жаңа жол өңірлер дамуына жол ашады

Жаңа жол өңірлер дамуына жол ашады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Өңірлер арасындағы логистиканы жақсартып, жүк тасымалын арттыруға «Орталық – Батыс» көлік дәлізі ықпал етпек. Былтыр Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында Мемлекет басшысы аталған көлік дәлізінің құрылысын бастау туралы Үкіметке тапсырма бергенін айтқан еді. 

«Бұл – маңызды инфрақұрылымдық жоба» деген Президент жаңа жолдың Торғай өңірінің де дамуына тың серпін беретінін атап өтті. 

Тың жобаның арқасында орталық пен батыс арасы жақындап, екі ара жүздеген шақырымға қысқаруға тиіс. 

«Орталық – Батыс» күрежолы орталықтан оқшау қалып, шалғай жатқан өңірлердің тамырына қан жүгіртуге тиіс. 896 шақырымдық жолмен тәулігіне үш мыңға дейін көлік өтеді. Жалпы саны 70 мың адам тұратын 13 елді мекеннің маңымен салынады. Бұл – жол құрылысына жергілікті мыңдаған тұрғын жұмысқа тартылады деген сөз. Ал құрылыс аяқталғанда жол бойында жүздеген кәсіпкерлік нысаны бой көтермек. Бастысы – «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» дәлізіне қосылатын жолдың арқасында арадағы қашықтық 560 шақырымға қысқарады. 

Нұртілек Хасенов, ҚР Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитеті басқармасының басшысы:

- Қазіргі кезде мысалы, Каспийге шығу үшін Орал арқылы, Атырау арқылы айналу керек болатын болса, бұл жол енді Каспийге шығаратын жол 500-600 шақырымдай қысқартатын болады. Бұл енді уақыт жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді жоба болмақ. Жаңа атап өткендей, 21 учаске – 896 шақырым деген өте үлкен сандық көрсеткіш. Енді жоспарымыз бойынша 10-15 мың адам маусымға байланысты, құрылыс жұмыстарының басталып кетуіне байланысты тұрғындар, жұмысшылар тартылатын болады осы жобаға. 

Қазір Астанадан Ырғызға барам деген жолаушы 1438 шақырым жол жүреді. Яғни Атбасар, Есіл, Қостанай, Қарабұтақ арқылы Ырғызға барады. Ал жаңа жол бірден батысқа бет алады. Жантеке, Егіндікөл ауылдарымен өтіп, Арқалық пен Торғай үстімен Ырғызға тартады. Төте жолдың арқасында жолаушы діттеген жеріне тез жетеді. Жаңа бағыт Торғай өңірінің экономикасына серпін беретіні анық.

Нұртілек Хасенов, ҚР Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитеті басқармасының басшысы:

- Үлкен, ұзақ жол болғаннан кейін жолдың бойындағы жол қызмет көрсету сервис орталықтары бой көтереді. Әсіресе жанар-жағармай құю станциялары, машиналарды жөндейтін бекеттер, қонақүйлер, тамақтандыру орталықтары сияқты. Бұл енді кәсіпкерлік субъектілердің қызығушылығына байланысты. Міндетті түрде сұраныс көбейеді. Себебі көліктің легі артқан сайын, жүретін халықтың саны артқан сайын қызмет көрсету орталықтары да жұмыс жасайтын болады. 

Жалпы биыл 11 мың шақырымнан астам жолда құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 2300 шақырым жаңадан салынып, қайта жаңғыртылса, 5 мың шақырымы күрделі және орташа жөндеуден өтеді. Сондай-ақ төрт мың шақырым жергілікті маңыздағы жол жөнделеді. 

Негізгі жобалар қатарында «Қызылорда-Жезқазған» автожолы бар. Құрылыстың ұзындығы – 208 шақырым. Сондай-ақ 232 шақырымдық «Ақтөбе-Ұлғайсын», 572 шақырымдық «Қарағанды – Жезқазған» жолдарындағы жұмыстар жалғасады. Бұдан бөлек, бірнеше айналма жол жобасы жүзеге асады. СНХ.

Мақсат Қалиақпаров, ҚР Көлік вице-министрі:

- Ірі елді мекендерді жолдарды салу мен реконструкциялау ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл және Рудный қалаларының айналма жолдары бойынша жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. 

Бүгінде Қазақстан Еуразиядағы негізгі логистикалық торапқа айналды. Қазір әлемнің 42 еліне автокөлікпен жүк тасылады. Былтыр жүк көлемі 300 млн тоннаға жуықтады. Таяу жылдары бұл көрсеткіш өсе беретіні сөзсіз. Сондықтан автожол саласын барынша дамыту қажеттігі түсінікті.

Авторлары: Нұрқанат Қанапия, Ғалымжан Абдылахат, Айбек Омархан

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 08:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see153

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see145

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see142

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see141

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see138

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see123

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see123

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see120

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see119

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see118

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see117

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see114

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see111

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see110

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see109

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see108

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

28 Тамыз 2026 19:53see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары