Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Драматургиядағы дара даңғыл

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Оның қаншалықты жылдам әрі сенімді жететіні бизнестің жұмысына, технологияның дамуына, күнделікті қызметтердің сапасына ықпал етеді. Күні кеше Каспийдің табанымен тартылған жаңа байланыс желісінің мәнін осы тұрғыдан бағалаған жөн. Қазақстан үшін бұл  – халықаралық ақпарат алмасудың тағы бір жолы, ал өңір үшін Шығыс пен Батысты жақындас­тыратын ортақ мүмкіндік.

Бакуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын Транскаспий талшық­ты-оптикалық байланыс желісін іске қосты. Ұзындығы 380 шақы­рым­дық желіні «Қазақтелеком» мен AzerTelecom бірлесіп жүзеге асырды. Ол Қазақстанды, Орта­лық Азияның өзге елдерін және Қытайды Еуропамен байланыс­тыратын жаңа бағыттың құрамына кіреді. Алдағы уақытта Жерорта теңізі мен Қара теңіздегі байланыс жүйелеріне қосылуы да мүмкін.

– Біз халықаралық маңызы зор бірегей жобаны іске қостық. Ең бастысы, бұл – жаңа заманның дәлізі. Яғни көлік дәлізі ғана емес, мүлдем жаңа дәуірге, цифрлан­дыру кезеңіне тиесілі жаңалық. Бұл ынтымақтастықтың түбегейлі соны форматы, Орта дәліздің цифрлық түрінің жүзеге асырылуы десек болады, – деді Қазақстан Президенті.

Бұл сөздің астарында Орта дәліздің қызметін кеңейту мақ­саты жатыр. Жүк тасымалы елдер­ді жолмен, портпен, теміржолмен байланыстырса, цифрлық желі сол кеңістікте ақпараттың жүруіне жағдай жасайды. Екеуінің тоғы­суы Қазақстанның географиялық артықшылығын толығырақ пай­да­лануға мүмкіндік береді. Алайда ақпаратты өз аумағымыз арқылы өткізу мен одан ел ішінде қосым­ша құн қалыптастыру – өзара сабақтас болғанымен, бөлек мін­деттер. Екіншісі үшін жаңа желі­нің айналасында технологиялық қызметтер дамуы қажет.

Осы кездесуде мемлекеттер басшыларының қатысуымен Транс­каспий халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі үкімет­аралық келісім құжаттары да ал­ма­сылды. Бұған дейін қол қойыл­ған құжат Қазақстан мен Әзер­байжанның осы бағыттағы ынты­мақтастығына арналған. Байла­ныс желісінің ашылуы мен көлік дәлізіне қатысты рәсімнің қатар өтуі екі ел қатынасында тасымал­дың қай түріне де мән беріліп отыр­ғанын аңғартады.

Мұның қисыны түсінікті. Жүк жөнелткен кәсіпорынға тауардың қайда жүргенін білу, серіктесімен хабарласу, құжаттарын уақытылы рәсімдеу қажет. Жолдағы әр кідірістің шығынға айналатыны секілді, ақпараттың кешігуі де жұмысты бөгейді. Сондықтан көлік қатынасын жетілдіру мен байланыс мүмкіндігін кеңейту бірін-бірі толықтырады. Әсіресе бірнеше ел арқылы өтетін бағытта осы екеуінің үйлескені маңызды.

Қазақстан мен Әзербайжан үшін ортақ жобалардың сабақ­тастығы да осында. Портқа келген жүк әрі қарай жолын жалғастыруға тиіс болса, жаңа кабельмен жет­кен дерек те құрлықтағы желілерге кедергісіз өтуі керек. 

Теңіз түбіндегі тынымсыз еңбек

Салтанатты рәсімде іске қосылған желінің артын­да күрделі инженерлік жұмыс тұр. Каспийдің ашық мұхитқа шыға­тын жолы жоқ. Сондықтан дайын кабель төсеуші кемені сырттан әкелу мүмкін болмаған. Мамандар теңіздегі кемелердің бірін қайта жабдықтап, бұрын атқармаған жұмысқа бейімдеген. Бұған дейін теңіз табаны зерттеліп, болашақ бағыттың әр шақырымы зерде­ленген.

Салмағы 600 тоннаға жуық қорғаныш қабаты бар кабель құр­лықпен сегіз мың шақырымнан астам жол жүріп жеткізілген. Оны төсеу Әзербайжанның Сумгайыт жағалауынан басталып, Ақтауға қарай жалғасқан. Осы деректердің өзі жобаның екі нүктені сызықпен қоса салудан әлдеқайда күрделі болғанын көрсетеді. Мұнда ба­й-ла­ныс технологиясымен қатар тасымал, кеме жабдықтау және теңіздегі жұмысты ұйымдастыру мәселелері қатар шешілген.

Желінің жобалық өткізу қабі­леті секундына 400 терабиттен асады. Бірақ көпшілікке осы сан­нан гөрі оның күнделікті өмірге әсері маңызды. Мәселен, шет­елдегі серверге жіберілген сұрау­дың жауабы неғұрлым тез қайтса, қашықтан қолданылатын қызмет те соғұрлым шапшаң жұмыс іс­тейді. Жаңа бағыт Еуропадағы ірі дерек алмасу тораптарына дейінгі сигнал кідірісін екі есе қыс­қартуға мүмкіндік береді деген есеп бар. Дегенмен бұл әр үйдегі интернет бірден екі есе жылдамдайды де­ген­ді білдірмейді. Тұтынушы сезінетін сапа ел ішіндегі желінің жағдайына да байланысты.

Байланыс жолының көбеюі жылдамдық үшін ғана қажет емес. Бір бағытта ақау шықса, ақпарат­ты басқа арнамен жеткізу мүмкін­дігі болғаны маңызды. Өйткені интернеттің үзілуі қазір хат алма­суды ғана тоқтатпайды. Саудаға, банк қызметіне, мекемелердің жұмысына да қолбайлау болады. Сондықтан қосымша желінің құны қалыпты күндері байқал­ма­ғанымен, байланысқа салмақ түскенде білінеді.

Осы жағынан қарағанда, Транс­каспий желісі Қазақстанның сырт­қы байланысын әртарап­тан­дыруға жол ашады. Алайда жаңа бағыттың болуы өзге елдерге тәу­ел­ділік түгел жойылды деген сөз емес. Ақпарат Еуропаға жеткенше бірнеше мем­лекеттің аумағынан өтеді. Мұндағы ұтыс – бағыт таң­дау мүмкіндігінің кеңеюінде. Ел үшін бір ғана жолға байланбай, бірнеше арнаны қатар пайдалана алудың өзі маңызды.

Игілігі елге бұйырған желі

Қазақстан үшін келесі мін­дет – ашылған мүмкіндікті эко­номикаға қызмет еткізу. Қосымша халықаралық арна ірі техноло­гия­лық компанияларды тартуға, бұлт­ты қызметтер мен жасанды ин­теллект инфрақұрылымын да­мы­туға негіз бола алады. Бірақ байланыс жолының болуы өздігі­нен жеткіліксіз. Деректерді сақ­тай­тын орталықтар, тұрақты эл­ектр қуаты, білікті мамандар және кәсіпке түсінікті талаптар қатар қажет. Сонда ғана теңіз астын­дағы желі ел ішіндегі жаңа жұмыс пен жаңа қызметке ұласады.

– Былтыр Әзербайжан Орта­лық Азия мемлекеттері басшы­ларының Консультативтік кезде­суіне толық мүше ретінде қа­былданды, биыл мен осы ұйымға толық мүше ретінде қатыстым. Аталған жоба ынтымақтастықты тереңдетуге қосылған кезекті үлес болды. Яғни бұл желіні Орталық Азия елдері де, Оңтүстік Кавказ жұр­ты да, одан тысқары елдер де пай­даланады. Осылайша, бүгін жаһандық жобаны іске қостық, – деді Әзербайжан Президенті.

Ал желіні іске қосқаннан ке­йінгі міндет – оның мүмкіндігін толық пайдалану. «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин­нің айтуынша, жаңа бағыт Қазақ­стан арқылы өтетін деректер кө­ле­мін арттыруға жол ашады. Де­мек, елдің халықаралық байла­ныстағы қызметі де кеңеймек. Бұған дейін сырттан ақпарат ала­тын тұтынушы ретіндегі қаже­тіміз басым айтылса, енді оны бас­қа нарықтарға жеткізуден түсе­тін пайдаға да назар аударылып отыр.

– Қазақстан үшін бұл бірнеше мүмкіндік береді. Біріншіден, дерек­терді тасымалдау көлемі ұлғаяды. Қытай мен Еуропа ара­сында тауармен бірге деректерді де тасымалдайтын боламыз. Бұған дейін Орталық Азия мемлекеттері интернетке Ресей мен Қытай арқылы қол жеткізіп келді. Енді Еуропаға шығатын жаңа бағыт ашылды. Франкфурт, Ыстанбұл және басқа қалалармен байланыс­ып, солар арқылы дүниежүзілік интернет желісіне қосыламыз. Осылайша, қосымша бағыт қа­лып­тастырып отырмыз, – деді Бағдат Мусин.

Бұл мүмкіндіктің өңір үшін де салмағы бар. Көрші ел­дердің жаңа бағытты пайдалануы Қазақстанның байланыс қызметін ұсынатын нарығын кеңейте ала­ды. Алайда оған сұраныс болуы үшін бағыттың ашылғаны жеткі­ліксіз: қызметтің сапасы мен тұр­ақ­тылығы пайдаланушы талабы­на сай келуі керек. Мусин келтір­ген сынақ нәтижесі осы тұрғыдан назар аударарлық. Оның айтуын­ша, сигнал кідірісінің көрсеткіші екі есе жақсарған. Енді осы нәти­жені күнделікті жұмыста сақтау маңызды.

Мұндай міндеттің артында желі­ні салған мамандардың жа­уап­кершілігі тұр. Теңіздегі құры­лыс аяқталғанымен, жағалауға жеткізілген кабельді құрлықтағы байланысқа жалғау өз алдына бірнеше жұмысты қажет еткен.

– Кабель төселгеннен кейін жағалаудағы жұмыстарға кірістік. Сүңгуірлер оны жағаға жеткізді. Құрлықтағы мамандар тран­шея­лар дайындады. Одан кейін ка­бель­ді жергілікті байланыс желі­леріне қостық. Ақтауда да, Сум­ғай­ытта да арнайы станциялар салынды. Мұның бәрінің артында инженерлердің, кабель маман­дарының, сүңгуірлердің, теңіз­шілер мен тасымалды ұйымдас­тыр­ған қызметкерлердің еңбегі тұр. Осы жоба үшін күндіз-түні жұ­мыс істеген мамандардың бар­лы­ғына алғыс айтамын, – деді ол.

Мусин атаған бұл жұмыс­тар­дан құрылыстың өзара жалғасқан талай кезеңнен тұрғанын көреміз. Енді сол еңбектің жалғасы желіні күтіп ұстаудан, ақаусыз жұмысын қамтамасыз етуден көрінуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, жобаның қайтарымы тартылған кабельдің ұзындығымен ғана өлшенбейді. Негізгі өлшем – оның қанша кә­сіп­ке мүмкіндік бергені, байланыс сенімділігін қалай арттырғаны және өңірдегі технологиялық дамуға қандай үлес қосқаны. Каспийден өткен жаңа жолдың шын бағасын енді осы нәтижелер айқындайды.

Кәмила ДҮЙСЕН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 09:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see136

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see132

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see128

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see125

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see123

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see122

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see121

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see121

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see121

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see121

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see119

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see119

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see118

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see118

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see117

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see116

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see115

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see115

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see114

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары