Кеден ісі жөніндегі халықаралық келісімдерді қарайды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Күн тәртібіне Өзбекстан Үкіметімен екі елдің кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасы енгізілді. 2025 жылғы 15 қарашада Ташкент қаласында қол қойылған құжат екі мемлекеттің кеден органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге және қатерлердің алдын алу мен олардың жолын кесу бойынша шараларды келісуге бағытталған. Қазір Қазақстанның кеден қызметінің өкілдіктері Қытай, Түркия, Ресей сынды сегіз мемлекетте жұмыс істейді.
Сондай-ақ депутаттар 2026 жылғы 4 ақпанда Исламабад қаласында жасалған Қазақстан мен Пәкістан Үкіметтерімен арадағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын қарайды. Құжатта екі елдің кеден органдары арасында өзара әкімшілік көмек, техникалық қолдау және кедендік декларациялардағы ақпарат алмасу мәселелері бойынша іс-қимыл қамтылған. Келісімді іске асыру Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды кеңейту бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға жол ашады.
Бұдан бөлек, Бюро шешімімен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ұйымдастырылған сауда-саттықта бағалы қағаздарды орналастыруға және олардың айналысына трансшекаралық рұқсат беру туралы келісім қорытынды әзірлеу үшін салалық комитетке жолданады.
Құрылтай Бюросының отырысында I шақырылымдағы Құрылтайдың Парламентаризм институтымен өзара іс-қимыл жөніндегі бірінші сессияға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жеті бөлімнен тұратын құжатта 63 заң жобасын әзірлеу қарастырылған.
Сондай-ақ Парламентаризм институты Құрылтай депутаттарының заң шығару қызметін талдамалық сүйемелдеумен және үлгілік заңдардың ұлттық заңнамаға енгізілуіне мониторинг жүргізумен айналысады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының I шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар кодекс пен заңға кешенді ревизия жүргізіп, оларды Конституция қағидаттарына сәйкестендіру жоспарланып отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:73
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 05:11 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















