Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматыда Халықаралық «Ақ таяқ» күніне орай «Шекарасыз кітапханалар: халықаралық тәжірибе, үздік практикалар және инновациялар» атты халықаралық семинар өтті. Іс-шара «Қала ырғағында: Алматы – тең мүмкіндіктер аумағы» атты «Ақ таяқ» айлығы аясында ұйымдастырылып, инклюзивті кітапханалық ортаны дамыту және ақпарат пен мәдени ресурстарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Халықаралық семинарға Қазақстанның Астана, Павлодар, Өскемен, Орал, Тараз және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясынан келген ұлттық, арнайы және көпшілік кітапханалардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми кітапханалардың өкілдері онлайн және офлайн форматта қатысты.

Елдің сала мамандарын біріктірген жиында инклюзивті ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, көру қабілеті бұзылған азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ кітапхана ісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу мәселелері талқыланды.

Семинар барысында қатысушылар өз елдеріндегі озық тәжірибелермен бөлісіп, ақпараттық ресурстардың қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған заманауи шешімдерді таныстырды. Сонымен қатар, кедергісіз кітапханалық орта қалыптастыру, қызмет көрсетудің инновациялық тәсілдерін енгізу және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Халықаралық кездесу аясында кітапханалардың жоғары оқу орындарымен өзара ынтымақтастығын нығайту, инклюзивті қызмет көрсетуді жетілдіру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары да қарастырылды. Қатысушылар заманауи кітапханалардың барлық санаттағы азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді мәдени-білім беру кеңістігі ретіндегі маңызын атап өтті.

"Бүгінде инклюзивті орта қалыптастыру және ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта кітапхана мамандарының инклюзивті құзыреттіліктерін дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Болашақ мамандар ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға сапалы қызмет көрсету үшін тиісті білім мен кәсіби дағдыларды меңгеруі тиіс. Сондықтан мамандарды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және халықаралық тәжірибе алмасу аса маңызды. Бүгінгі семинар осы мәселелерді жан-жақты талқылауға және кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді", – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының аға оқытушысы, PhD Шынар Үсенбаева.

Алматыда өткен халықаралық семинар Қазақстан, Орталық Азия елдері мен Ресей Федерациясының кітапхана мамандары арасындағы кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, кітапхана саласында инклюзия, цифрландыру және тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған маңызды алаңға айналды.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда 32 қалалық кітапхана жұмыс істейді. Оның ішінде зағип және көзі нашар көретін оқырмандарға арналған Брайль бағдарламалары мен дыбыстық интерфейстермен жабдықталған 10 арнайы станция қарастырылған. Бұл мүмкіндіктер ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың білім мен ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 21:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see132

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see129

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see129

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see126

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see125

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see115

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see114

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see113

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see112

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see110

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see110

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see110

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see110

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see109

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see108

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see108

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see108

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see108

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары