Үш адам өртеніп кеткен: газ құю бекетінің басшысына сот үкімі шықты
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Ақтөбеде үш адамның өліміне әкеп соққан газ құю бекетіндегі жарылысқа байланысты станция басшысы сотталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының соты хабарлады.
Қылмыстық іс қалалық №2 сотта қаралды. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 281-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни жарылыс қаупі бар объектілердегі қауіпсіздік қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет үшін айып тағылды.
Сот мәліметінше, автогаз құю станциясының басшысы өрт қауіпсіздігі және газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі талаптарын бұзған. Ол оператор-құюшыны тиісті құжаттарынсыз жұмысқа қабылдап, қажетті даярлықтан өткенін тексермеген. Сонымен қатар қызметкерге өрт және жарылыс қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізбеген, арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеген.
Тергеу материалдарына сәйкес, станция басшысы сол күні тыйым салынғанын біле тұра, жолаушылар отырған автокөліктің жанында тұрмыстық газ баллонына сұйытылған мұнай газын құюға рұқсат берген. Қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан баллон жарылған.
"Өрт салдарынан жәбірленушінің жұбайы мен кәмелетке толмаған екі баласы қаза тауып, тағы бір жәбірленушінің денесінің 40-45%-ын күйік шалып, ауыр зиян келген", – деп хабарлады облыстық сот.
Сот отырысында айыпталушы кінәсін ішінара мойындаған. Ал жәбірленуші оны кешіріп, талап-арыз қоймайтынын мәлімдеген.
Сот үкімімен станция басшысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған үш жыл мерзімге жарылыс қаупі бар объектілерде басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, қайғылы оқиға биыл маусым айында болған. Газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам қаза тапқан.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 21:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















