Ақтөбеде көлік өртеніп, үш адам жанып кетті: газ құю бекетінің иесі ұсталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысының полиция департаменті автогаз құю станциясында көліктің өртенуі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты: әйел адам және екі кәмелетке толмаған бала.
Сондай-ақ бір ер адам дене күйігімен медициналық мекемеге жеткізілді.
"Бұл факт Қылмыстық кодекстің 281-бабы ("Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу") бойынша тіркелді", - делінген полиция хабарламасында.
Автогаз құю станциясының иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Айта кетері, 19 маусымда кешке Ақтөбеде газ құю бекетінде тұрған көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:19
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Маусым 2026 12:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















