Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Жерасты су қорын барлауға бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігіне талдау жүргізу қажет Құрылтай депутаты

Жерасты су қорын барлауға бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігіне талдау жүргізу қажет Құрылтай депутаты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Су көздерін сақтау, суды үнемдеп пайдалану жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Бұл бағыт «Әділет» партиясының сайлауалды су ресурстарын тиімді пайдалану міндетімен де сабақтас. 

Мемлекет басшысының Жолдауда суды тиімді пайдалану үшін суды үнемдеудің әдіс-тәсілдерін қолдану маңызды екенін айтты. Сондықтан Қазақстанның су қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жерасты суының стратегиялық маңызы айрықша. Бұл мәселені Құрылтайда «Әділет»  партиясы фракциясының депутаттары Б.Елеусізова, Ж.Әшімжанов, М.Әмірғалиев, Н.Теңізбаев көтерді. Осы мәселені жүйелі түрде шешу үшін Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясының мүшесі Бота Елеусізова Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа «Әділет» партиясы фракциясы атынан депутаттық сауал жолдады. 

Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын тиімді басқару, су үнемдеу технологияларын енгізу және су саласын цифрландыру міндеттеріне ерекше назар аударып келеді. Алайда еліміздің жерасты су әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай отыр.

«Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы бекітілген жерасты су қоры – тәулігіне 43,2 миллион текше метр. Нақты пайдаланылатын көлемі шамамен 1,5 миллион текше метр. Бұл – бекітілген қорлардың небәрі 3,5 пайызы. Әсіресе, су тапшылығы байқалатын өңірлерде жерасты суын ауыл шаруашылығы мен елді мекендердің қажеттілігіне тиімді пайдалану мәселесі өзекті», – деді Құрылтай депутаты Бота Елеусізова.

2 256 гидрогеологиялық ұңғыма қараусыз қалған

Депутаттар көтерген тағы бір мәселе – 2026 жылғы мәлімет бойынша, елімізде қараусыз қалған 2 256 гидрогеологиялық ұңғыма бар. Оларды уақытылы жөндемеген соң су ысырап болып жатыр. Сонымен қатар жерасты суының мониторингін жетілдіру, гидрогеологиялық деректерді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіру және нақты су алу көлемін бақылау мәселелері де жүйелі шешімді талап етеді.

 «Әділет» партиясының мүшесі Бота Елеусізова көтерген мәселе шаруалар үшін де өте маңызды. Су үнемдеу технологиясын ауыл шаруашылығында қолданып отырған мамандардың айтуынша, депутаттың ұсынысын кезең-кезеңімен іске асыру керек. Ауыл шаруашылығы саласының білікті маманы Нұрбол Мәметтің айтуынша, «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрі  міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі №317 бұйрығының №4 «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар)» жобасының паспорты бойынша мемлекеттік қолдау көрсету қарастырылған.

«Су үнемдеу технологияларын енгізу – мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, табиғи су ресурстарын тиімді пайдалануға және жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі. Әсіресе, құрғақшылық пен су тапшылығы жиі байқалатын аймақтарда мал шаруашылығын сумен үздіксіз қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Мемлекеттік қолдау арқасында құрғақшылық пен су тапшылығы жоғары жер учаскелерінде мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалып, су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы су ресурстарын тиімді пайдалану, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру және мал басын тұрақты сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі кеңейді», – дейді сарапшы Нұрбол Мәмет. 

Құдық құрғақшылықта құтқарады 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясын енгізу мақсатында 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте 214,6 миллиард теңге қарастырылған. Бұл алдыңғы үш жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 миллиард теңге бөлінді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда: «Елімізде ірі су көздеріне жақын орналасқан үлкен аумақты алып жатқан жер алқаптары бар. Сол жерлерді суармалы егіншілікке пайдалану дәстүрлі дақылдардың өнімділігін 2-2,5 есе көбейтуге ықпал етеді.  Жаңа алқаптарды игеру кезінде су үнемдеудің озық тәсілдерін және агрохимиялық технологияларды қолдану аса маңызды», – деп атап өткен болатын. Су үнемдеудің нақты нәтижесін Түркістан облысында диқандар іске асырып отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының су шаруашылығын дамыту және су үнемдеу технологияларын ендіру бөлімінің басшысы Нұрбол Мәметтің айтуынша, өңірдегі суармалы жерлердің жалпы көлемі – 575 мың гектар. Бұл – республика көрсеткішінің төрттен бір бөлігі. Биыл облысқа 3,8 млрд текше метр ағын су лимиті бекітіліп, нақты 4,0 млрд текше метр су алынды. Нәтижесінде, вегетациялық кезеңдегі суару маусымы қалыпты жағдайда аяқталды. 

«Суармалы алқаптарды ағын сумен қамтамасыз ету үшін өңірде су жинау инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта Мемлекет басшысының жаңа бөгеттер мен су қоймаларын салу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Бәйдібек ата», «Боралдай», «Қарақуыс» және «Иқан су» су қоймаларының құрылыс жобалары әзірленді. Жобалар толық іске асырылған жағдайда «Бөген» су қоймасына қосымша 120 млн текше метр ағын су жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. «Бәйдібек ата», «Қарақуыс» су қоймалары биыл пайдалануға беріледі. Бұл нысандар келесі вегетациялық маусымнан бастап шаруалардың суармалы алқабын ағын сумен қамтамасыз етеді», – дейді маман Нұрбол Мәмет.

Өңірлердегі барлық бұлақ зерттеледі

Құрылтай депутаттары көтерген мәселені шешу үшін Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышевтің айтуынша, 2024–2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы аясында иесіз, суы өздігінен атқылайтын гидрогеологиялық ұңғымалардың санын азайту үшін жұмыс атқарылып жатыр. Жыл соңына дейін 10 жоба аясында 54 ұңғыманы жою және Атырау, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Ұлытау облысында 698 ұңғыманы тексеру жоспарда бар. 

«Бірыңғай цифрлық гидрогеологиялық деректер базасы құрылады. Бұлақтарды тексеріп, дерегін цифрландырады. Бұл бағытта жұмыс Жамбыл облысында іске асып жатыр. Осыған дейін  586 бұлақты тексерді. Болашақта өңірлердегі барлық бұлақ зерттеледі. Мәліметтерді жинап, мониторинг жүргізу үшін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне енгізіп, бірыңғай база қалыптастырады», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Суармалы егінде су үнемдеу үшін мемлекеттік қолдау нәтижесінде, технологиялар енгізілген жер көлемі 158,8 мың гектарға ұлғайды. Нәтижесінде, олардың жалпы қамту аумағы 702,3 мың гектарға жетті. 

Қазақстанда жерасты суының 4 803 бұлақ көзі анықталды. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышевтің мәліметінше, министрлік Қазақстан Республикасында жерасты суын кешенді пайдалану және басқарудың 2027–2040 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Жобаны жүйелі іске асыру жерасты суын игеру тиімділігін арттырады. Ең бастысы, су қорын сақтауға пайдасын тигізеді.

«Бүгінде Қазақстанда тәулігіне 43,2 млн текше метр пайдалануға жарамды қоры бекітілген жерасты суының 4 803 кен орны мен учаскесі барланды. Ал жерасты суының болжамды ресурстарының жалпы көлемі тәулігіне 176,1 млн текше метр. Бұл барланған пайдалану қорынан төрт есе көп. Биыл жыл соңына дейін «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі іздестіру-бағалау жұмысы бойынша 38 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Ал 2027–2029 жылдары 88 жобаны жүзеге асыру көзделген», – деді вице-министр Талғат Момышев. 

Мамандардың пікірінше, тамшылатып суару әдісі арқылы суды 50-60%-ға дейін үнемдеуге болады. Ылғал мен қоректік заттар өсімдікке тұрақты әрі тең мөлшерде берілетіндіктен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2-3 есеге дейін артады. Өнімнің сапасы артады. Топырақ эрозияға ұшырамайды. Технология еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондықтан «Әділет» партиясының мүшесі, Құрылтай депутаты Бота Елеусізова Үкіметтен мына мәселелерді шешуді сұрады. 

«Өңірлерде жерасты су қорын түгендеп, олардың нақты пайдаланылуына және игеру мүмкіндігіне кешенді талдау жүргізу қажет. Иесіз және авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялау жұмысын жеделдетіп, олардың бірыңғай цифрлық тізілімін қалыптастыру керек. Жерасты сулары мониторингін жаңғыртып, геологиялық және гидрогеологиялық деректерді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіру маңызды. Ауыл шаруашылығында жерасты суын пайдалану лимитін ғылыми негізде белгілеп, нақты су алу көлемін цифрлық есепке алу мен оған бақылау енгізу керек. Жерасты су қорын барлау мен бағалауға бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігіне талдау жүргізу қажет, – деді Құрылтай депутаты Бота Елеусізова.

Құрылтай депутаттары көтерген жерасты су көздерінің мәселесі жан-жақты зерттеу жүргізуді қажет етеді. Су көздері –  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық ресурс. Оларды тиімді басқару ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттырып, халықты ауызсумен қамтамасыз етуге және өңірлердің дамуына мүмкіндік береді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see117

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see114

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see114

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see110

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see110

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see109

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see108

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see105

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see104

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see104

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see104

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see102

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see102

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

05 Қараша 2026 16:01see101

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see101

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары