Қызылордада бір аптада жол ережесін бұзу бойынша 8 мыңнан астам дерек тіркелді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қызылорда облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы бақылау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, бір апта ішінде өңір аумағында жол жүрісі қағидаларын бұзудың 8 мыңнан астам дерегі тіркелген.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, анықталған құқықбұзушылықтардың басым бөлігі жылдамдық режимін сақтамауға қатысты. Нақты айтқанда, белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асырған 3 234 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Ал қауіпсіздік белдігін тақпаған 1 833 жүргізуші анықталған.
Сонымен қатар маневр жасау және жол жүрісі қағидаларын бұзудың 153 дерегі, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу және басып озу талаптарын сақтамаудың 55 дерегі тіркелген.
Бұл көрсеткіштер жолдағы тәртіп пен жүргізушілер жауапкершілігін арттыру қажеттігін аңғартады. Соған орай жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін әрбір жүргізушіні жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіздік белдігін тағып, жол қозғалысының өзге қатысушыларына құрметпен қарауға шақырады.
Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Рульдегі әрбір адамның тәртібі мен сақтығы өз өмірі ғана емес, өзгенің де амандығына тікелей әсер етеді. Сондықтан жол ережесін сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін ескертеді.
Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:82
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:59 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















