Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Щучинск кафесіндегі жарылысқа қатысты үш сотталушыға сот үкімі шықты

Щучинск кафесіндегі жарылысқа қатысты үш сотталушыға сот үкімі шықты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бурабай аудандық сотында Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» кафесінде болған жарылысқа қатысты іс бойынша үкім жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Сотта үш сотталушы болды. Олар – кафені жалға алушы, автогаз құю станциясының директоры және газ баллондарын жеткізуші.

Соттағы соңғы сөзінде кафені жалға алушы Ақмола облысының тұрғындарына бірнеше жыл бойы көрсеткен көмегі туралы айтты. Қайғылы оқиғадан кейін де зардап шеккендерге көмек көрсеткенін атап өтті. Жараланғандар жүгінетін арнайы орталық ашқанын, тәулік бойы байланыста болғанын, ауруханаға дәрі-дәрмек жеткізгенін еске салды.

– Сот талқылауы барысында менің кінәм кафенің қызметін тиісті деңгейде бақыламағанымда, атап айтқанда, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағаламағанымда екенін түсіндім. «Центр плова» мекемесінің барлық құжаттары мен жұмысын басқарушыға сеніп тапсырдым, өйткені оның жауапкершілігіне үміт арттым. Болған жағдай үшін баршаңыздан кешірім сұраймын. Бұған шын жүрегіммен өкінемін. Зардап шеккендердің ешқайсысын назардан тыс қалдырмай, көмектесе беремін, – деді ол.

Жнармай құю станциясы директоры да соңғы сөзінде жәбірленушілерден кешірім сұрады. Алайда сот қарауы нәтижесін тілге тиек етті. Оның сөзінше, сыртқы әсер салдарынан газ баллоны жарылып, өрт содан шықққан.

– Барлық сарапшы мен маман сот залында тіпті шамадан тыс толтырылған баллонның өзі тек сыртқы жылу әсерінен ғана жарылуы мүмкін екенін айтты... 25 ақпанда «Шерол» автожанармай құю станциясында тұрмыстық газ баллондарын толтыру фактісі 26 ақпанда «Центр плова» кафесінде шыққан өртке себеп болған жоқ, – деп түсіндірді ер адам. Ол соттан өзін ақтауды сұрады.

Ал газ баллондарын жеткізуші қысқа ғана сөйлеп, соттан болған жағдайға әділ әрі заңды баға беруді өтінді.

Бурабай ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Досболов кафені жалға алушы мен автожанармай құю станциясы иесіне жеті жыл, ал газ жеткізушіге алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Бурабай аудандық соты кафені жалға алушының әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі бойынша (өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы салдарынан абайсызда ауыр зардаптарға, адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге, сондай-ақ екіден астам адамның өліміне әкеп соғу) сараланды. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, кәсіпкерге үш жыл бойы қоғамдық тамақтану саласында қызмет етуге тыйым салынды.

Жанармай құю станциясы директоры ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі (тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету, соның салдарынан абайсызда екіден астам адамның денсаулығына зиян келтіру, сондай-ақ адамның өліміне әкеп соғу) бойынша сотталды. Оған да жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Газ баллондарын жеткізуші ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздарын ішінара қанағаттандырды. Әр жәбірленушіге 1 миллионнан 4 миллион теңгеге дейін өтемақы төлеу белгіленді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 13:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары