Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Елімізге Аустралиядан 305 бас асыл тұқымды ірі қара жеткізілді

Елімізге Аустралиядан 305 бас асыл тұқымды ірі қара жеткізілді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Астана халықаралық әуежайына Qatar Airways Cargo әуе компаниясының арнайы жүк рейсімен Аустралиядан асыл тұқымды ірі қараның кезекті легі жеткізілді. Ұшақ бортында абердин-ангус тұқымына жататын 305 бас ірі қара болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл – Солтүстік Қазақстан облысына Аустралиядан осы тұқымды малдың алғаш рет әкелінуі. 

Өнімділігі жоғары мал басын импорттау Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында қолға алынып жатыр.

Жоспардың негізгі мақсаты – отандық асыл тұқымды мал шаруашылығының әлеуетін нығайту, табынның генетикалық сапасын жақсарту, төл өсіру ісін дамыту және бәсекеге қабілетті мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту. Жоспарға сәйкес, барлығы 50 мың бас асыл тұқымды мал сатып алу көзделген. Оның ішінде 40 мың бас ірі қара және 10 мың бас ұсақ мал бар. Бүгінде Қазақстанға 9,5 мыңға жуық ірі қара жеткізілді.

«Асыл тұқымды мал базасын нығайту – министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Қазіргі уақытта елімізге 9,5 мыңға жуық ірі қара әкелінді. Бүгін абердин-ангус тұқымына жататын 305 бас малдың кезекті легін қарсы алдық. Солтүстік Қазақстан облысына бұл тұқымды мал Аустралиядан алғаш рет жеткізіліп отыр. Жалпы, 40 мың бас ірі қара және 10 мың бас ұсақ мал сатып алу жоспарланған», – деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы. 

Мал басын асылдандыру және жаңарту жұмыстарына қатысып жатқан шаруашылықтардың қатарында «Шал ақын АГРО-2020» және «Asyl Farms» серіктестіктері бар. 

«Етті мал шаруашылығын дамыту – біздің шаруашылық үшін өндірісті әртараптандыруға және өзіміздің жемшөп базасын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз абердин-ангус тұқымын бордақылау көрсеткіштерінің жоғарылығы мен ет сапасының жақсы болуына байланысты таңдадық. Австралиядан әкелінген асыл тұқымды малдың генетикалық әлеуеті жоғары, өнімді табын қалыптастыруға, алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының өзінде асыл тұқымды мал өсіру мен көбейтуді дамытуға жол ашады», – деді «Asyl Farms» серіктестік директоры Ғабиден Балғынбеков. 

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту орталықтарының біріне айналып келеді. Өңірде асыл тұқымды мал сатып алуға бағытталған жалпы құны 15 млрд теңге болатын 23 жобадан тұратын пул қалыптастырылған. 

Жыл басынан бері облысқа Германия мен Даниядан 3 мыңнан астам аналық мал әкелінді. Жыл соңына дейін Аустралиядан асыл тұқымды мал жеткізетін тағы 10 әуе рейсін қабылдау межеленіп отыр. 

Болжам бойынша, өңірге импортталатын малдың жалпы саны 11 мыңға жуық ірі қара мен 1,5 мыңнан астам ұсақ малға жетеді. Сонымен қатар өңірде саланың тұрақты дамуына қажетті инфрақұрылым да жетілдіріліп жатыр. 

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында 118 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Оның 50-і – заманауи кешендер. Бұдан бөлек, жалпы қаржыландыру көлемі 1,5 млрд теңге болатын 57 ветеринариялық бекеттің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осылайша, асыл тұқымды мал импорттау мал басын уақытша көбейтудің ғана емес, мал шаруашылығын ұзақ мерзімді дамытудың маңызды тетігі ретінде қарастырылып отыр. 

Озық генетиканы енгізу, ветеринариялық инфрақұрылымды жаңғырту, селекциялық жұмысты жетілдіру және отандық мал өсіру жүйесін дамыту табын өнімділігін арттыруға, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және Қазақстанда өндірілетін бәсекеге қабілетті өнім көлемін ұлғайтуға жол ашады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 00:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see131

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see127

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see126

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see118

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see115

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see114

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see113

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see113

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see112

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see111

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see111

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see111

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see111

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see110

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see110

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see110

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see109

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see108

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары