Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әділет партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Әділет партиясы Сеулдегі ICAPP Бас ассамблеяда Қазақстандағы құқықтық реформаларды таныстырды

Жамбыл облысында Президент Жолдауын түсіндіру барысында су тапшылығы мен ауыл шаруашылығы мәселесі талқыланды

Жасөспірімдер Олимпиадасы: Максим Сажнев бесінші орын алды

Қаскөйлер инженердің компьютері арқылы биржаға кіріп, 6,3 миллиард доллар ұрлаған

Мақпал Жүнісова Мейрамбек Бесбаевтың мерейтойына неге бармағанын айтты

Неліктен жеңіл автокөліктің дөңгелегін ауыстыру жол талғамайтын көлікке қарағанда арзанырақ: бағадағы айырмашылық қайдан шығады

Белгілі педагог Сапарғали Әшімов блогер Біржан Әшімнің әкесі қайтыс болды

Ақмола облысында Shabyt Fantasy шығармашылық үйі ашылды

Жетісу облысының тұрғыны бірден төрт ұл босанды

​Атырау вокзалындағы құрылыс жұмыстары екі ауысыммен атқарылып жатыр

Атырауда түнде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді

​Бензин 300, ал дизель 400 теңге болады ма? Үкімет сарапшылардың болжамына жауап берді

“Қазақ тілі барлық салада кең қолданыс тауып жатыр“ Тоқаев

Үштөбеде Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

17 жастағы Фатима Сұпығалиева жаттығу кезінде Олимпиада чемпионын жеңді

​Атырауда миллиардтаған келісімшарттары мердігер Ертістің тең иегері атанды

Вакцинация жүргізілді ме, жоқ па: екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды

Күйсандық пен қылтима Президент кейбір сөздердің қазақ тіліне аудармасын күмәнді деп атады

Отбасы құндылығы мемлекет саясатының тірегі

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен Түркі әлемі ұлттық ғылым академиялары одағының (UNASTW) Бас ассамблеясының 9-отырысы өтті. Академияның 80 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған халықаралық жиынның негізгі мақсаты – ғылым академиялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бірлескен ғылыми-зерттеулерді дамыту және ортақ тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеудің басым бағыттарын айқындау, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Халықаралық жиын барысында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолия ғылым академиялары Дала өркениетін бірлесіп зерттеу жөніндегі халықаралық консорциум құру туралы көпжақты келісімге қол қойды. Бұл бастама алты елдің ғылыми әлеуетін, тарихи дереккөздері мен зерттеу инфрақұрылымын біріктіріп, Жошы Ұлысы мен Алтын Орда мұрасын халықаралық деңгейде кешенді зерттеуге бағытталған.

Отырыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев ғылыми ынтымақтастықты нақты бағдарламалар мен ұзақмерзімді бірлескен жобаларға айналдырудың маңызын атап өтті.

«Біздің негізгі ұстанымымыз – академиялар арасындағы байланысты бірлескен бағдарламаларға, ортақ зерттеу инфрақұрылымына және жас ғалымдар үшін тұрақты мүмкіндіктерге айналдыру», – деді Ақылбек Күрішбаев.

Консорциумның негізгі міндеті – Дала өркениетінің Еуразия тарихындағы орнын жаңа ғылыми деректер мен пәнаралық зерттеу әдістері негізінде зерделеу. Бірлескен жұмыстар Жошы Ұлысы мен Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын, мемлекеттілік пен құқықтық дәстүрлерді, тарихи дипломатияны, Ұлы Жібек жолы байланыстарын және мәдени сабақтастық мәселелерін қамтиды.

Консорциум аясында бірлескен археологиялық экспедициялар ұйымдастыру, Дала өркениетінің цифрлық архивін, тарихи деректер корпусын және интерактивті тарихи-картографиялық атласын әзірлеу жоспарланған. Сонымен қатар тарихи қолжазбаларды цифрландыру, зерттеулерде жасанды интеллект пен геоақпараттық технологияларды пайдалану, академиялық басылымдар дайындау және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту көзделген.

Ынтымақтастықты жүйелі дамыту мақсатында 2027–2031 жылдарға арналған ортақ ғылыми ынтымақтастық Жол картасын әзірлеу ұсынылды. Құжатта тарихи дереккөздерді ғылыми айналымға енгізу, бірлескен пәнаралық зерттеулер жүргізу, ортақ ғылыми инфрақұрылымды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау бағыттарына басымдық беру көзделеді.

Бас Ассамблеяның маңызды нәтижесі болған алтыжақты келісім Дала өркениетін, Жошы Ұлысы мен Алтын Орда мұрасын зерттеуде ұзақмерзімді халықаралық ғылыми әріптестіктің негізін қалайды. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығы аясында жүзеге асқан бұл бастама ғылыми сабақтастықты нығайтып, Орталық Еуразияның әлемдік өркениетке қосқан үлесін халықаралық академиялық кеңістікте танытуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 16:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әділет партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

10 Қараша 2026 01:55see184

Әділет партиясы Сеулдегі ICAPP Бас ассамблеяда Қазақстандағы құқықтық реформаларды таныстырды

10 Қараша 2026 01:53see184

Жамбыл облысында Президент Жолдауын түсіндіру барысында су тапшылығы мен ауыл шаруашылығы мәселесі талқыланды

10 Қараша 2026 01:52see171

Жасөспірімдер Олимпиадасы: Максим Сажнев бесінші орын алды

10 Қараша 2026 01:53see166

Қаскөйлер инженердің компьютері арқылы биржаға кіріп, 6,3 миллиард доллар ұрлаған

10 Қараша 2026 01:51see164

Мақпал Жүнісова Мейрамбек Бесбаевтың мерейтойына неге бармағанын айтты

10 Қараша 2026 01:53see164

Неліктен жеңіл автокөліктің дөңгелегін ауыстыру жол талғамайтын көлікке қарағанда арзанырақ: бағадағы айырмашылық қайдан шығады

10 Қараша 2026 01:35see162

Белгілі педагог Сапарғали Әшімов блогер Біржан Әшімнің әкесі қайтыс болды

10 Қараша 2026 01:35see160

Ақмола облысында Shabyt Fantasy шығармашылық үйі ашылды

10 Қараша 2026 01:54see159

Жетісу облысының тұрғыны бірден төрт ұл босанды

10 Қараша 2026 17:19see129

​Атырау вокзалындағы құрылыс жұмыстары екі ауысыммен атқарылып жатыр

10 Қараша 2026 17:41see129

Атырауда түнде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді

10 Қараша 2026 17:23see124

​Бензин 300, ал дизель 400 теңге болады ма? Үкімет сарапшылардың болжамына жауап берді

10 Қараша 2026 15:40see121

“Қазақ тілі барлық салада кең қолданыс тауып жатыр“ Тоқаев

10 Қараша 2026 13:25see120

Үштөбеде Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

10 Қараша 2026 01:48see119

17 жастағы Фатима Сұпығалиева жаттығу кезінде Олимпиада чемпионын жеңді

10 Қараша 2026 17:57see119

​Атырауда миллиардтаған келісімшарттары мердігер Ертістің тең иегері атанды

10 Қараша 2026 17:00see116

Вакцинация жүргізілді ме, жоқ па: екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды

10 Қараша 2026 18:30see116

Күйсандық пен қылтима Президент кейбір сөздердің қазақ тіліне аудармасын күмәнді деп атады

10 Қараша 2026 13:22see115

Отбасы құндылығы мемлекет саясатының тірегі

10 Қараша 2026 05:37see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары