Абай жеріндегі ауқымды іс
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұл күні Семейдің таңы өзгеше атты. Қала тіршілігі толық оянбай жатып, спорттық киім киген жастар таңғы жаттығуға жиналды. Жаттығуға қатысқандардың қатарында «Әділет» партиясының мүшесі, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев та болды.
– Семей қаласында жастар «Әділет» партиясы ұйымдастырған Road-эстафетасының «Чемпиондық рух» атты таңғы жаттығуына белсене жиналды. Жастардың басын қосып, салауатты өмір салтын ұстануға жақсы бастама деп ойлаймын. Road-эстафетасы – «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалғасып жатқан керемет жоба. Бұл жоба еліміздің түкпіріндегі ауылдарды таза ұстау мақсатында жасалып жатыр, – дейді ол.
Жаттығудан кейін қатысушылар қолғаптарын киіп, қоқыс жинауға арналған қаптарын алып, жолға шықты. Ендігі мақсат – Семейден Абай ауданына дейінгі тасжолдың бойын тазарту, тарихи орындардың айналасын ретке келтіру және туған өлкенің табиғатына жанашырлық таныту.
Абай облысындағы эстафетаның ауқымы атқарылған жұмыстың нәтижесінен-ақ көрінеді. Қатысушылар 487 шақырым жолдың бойын тазалап, 35 тоннаға жуық қоқыс жинады. Экологиялық шараға 500-ге жуық жас қатысып, үш аудан мен бір қаланы қамтыды.
Семейден Абай ауданына дейінгі жолда тазалық жұмыстары жүргізіліп, Күшікбай асуының айналасы да назардан тыс қалмады. Бұдан бөлек, Абай мемориалдық кешені мен Жидебай қорығы маңындағы аумақтар ретке келтірілді.
«Әділет» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Абай облыстық филиалының төрағасы Темірлан Бақтияровтың айтуынша, эстафета аясында тазалық жұмыстарымен бірге тарихи орындарды қорғауға да басымдық берілген.
– «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы Road-эстафетаның шеңберінде Абай ауылына келіп, Жидебай қорығында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар қорықтың маңайын вандализмнен сақтау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Шара барысында Қарауыл ауылына барып, мерекелік OPEN AIR концерт өткіземіз. Абай ауданының тұрғындары акцияға белсене қатысуда, – дейді Темірлан Бақтияров.
Оның сөзінен акцияның тек қоқыс жинаумен шектелмейтіні аңғарылады. Қасиетті орындарды бүлінуден қорғау, тарихи-мәдени мұраға құрметпен қарауды насихаттау да назарда тұр. Осы мақсатта «Вандализмге жол жоқ!» акциясы қатар жүргізілуде. Тарихи ескерткіштер мен табиғи нысандарды сақтау үшін арнайы мекемелердің жұмысы ғана жеткіліксіз. Қоғамның әрбір мүшесі ортақ мұраға жауапкершілікпен қарағанда ғана оны келер ұрпаққа аман жеткізуге болады. Әсіресе Абайдың атымен тығыз байланысты мекендерде бұл міндеттің салмағы айрықша.
Абай облысындағы эстафета экологиялық шаралармен қатар, тұрғындармен кездесулер мен қоғамдық қабылдауларды да қамтыды. Құрылтай депутаты Шалқар Байбеков елді мекендердегі азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап қана қоймай, тазалық жұмыстарына да қатысты.
«Таза Қазақстан» – тазалықтан басталатын тәрбие, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бүгінгі эстафета аясындағы іссапарымыз Абай облысының Бесқарағай ауданынан басталып, қасиетті Қарауылда, Абай ауданында жалғасуда. Бесқарағай ауданында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдадық. Аудан жастарымен бірге ағаш егіп, сенбілік ұйымдастырдық. Бұл – туған жерге деген жанашырлықтың, қоршаған ортаға деген қамқорлықтың және ортақ іске жұмылған бірліктің айқын көрінісі», – дейді Шалқар Байбеков.
Абай жеріндегі Road-эстафета бір күндік сенбіліктен әлдеқайда кең мазмұнға ие болды. Мұнда жастар спортпен шұғылданып қана қоймай, туған өлкенің тазалығына үлес қосты. Ауыл тұрғындары қалдықтарды сұрыптауға қатысып, экологиялық сауаттылықтың маңызын көрсетті.
Эльмира ЖҮРСІНБЕКҚЫЗЫ,
Абай облысы
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:34
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 05:11 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















