Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Астық экспортындағы ауқымды іс

Астық экспортындағы ауқымды іс

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекет басшысы таяуда Пәкістанға мемлекеттік сапармен барғанында «Әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнім­дерінің 200-ден астам түрін экспорт­таймыз. Соңғы он жылда ауыл шаруашылығы өн­дірісінің жалпы ішкі көлемі 2,5 еседен аса көбейді. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті екі есе арттыруға ниеттіміз» деген еді. Яғни, мемлекеттің алға қойған межесі – ауылша­руа­шлылық өнімдерін ұлғайтып, секторға басымдық беру. Агроөнеркәсіпті дамытудың жайы Жолдауда да нақты айқындалған-тұғын.

Үкімет дерегінше, 2023 жылы агроөнер­кәсіп кешені өнімінің экспорты 5,3 млрд долларға жеткен. Жалпы экспорттағы өң­дел­ген өнімнің үлесі 43 пайыз болған. 2024 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты 5,1 млрд долларды құраса, агроөнеркә­сіп­ экспорттың жалпы көлемі  8,1 млн тонна болған. 2025 жылы астық экспортының көлемі 13,4 млн тоннадан асып, ол 5,9 пайызға өсіп, ал экспорттан түсіетін түсім 4,7 миллиард долларды құраған. Демек, жыл сайын ауылшаруашылық өнімдерінің экспортына сұраныс көбейіп, аграрлық са­лаға қажеттілік ұлғайды. Осы жылдар ішін­дегі негізгі экспортталатын тауарлар қ­атарында бидай, арпа, зығыр тұқымы, сиыр және қой еті, мұздатылған балық, бидай ұны, күнбағыс майы, газдалған су, мақта тал­шығы және басқа да өнімдер бар. Қазақстан Қы­тай, Ресей, Орталық Азия, Таяу Шығыс және ТМД мемлекеттеріне ауыл шаруашы­лы­ғына тиесілі бидай, күріш, ет-сүт өнімдерін тұрақты түрде экспорттайды. Жеткізу гео­графиясы  жылдан-жылға кеңейіп, Иран, Әзер­байжан және Қырғызстанға жөнелті­лімдер жаңартылып, Мысыр, Марокко және Вьетнам нарықтары ашылған. Қазір Бельгия, Польша, Норвегия, Ұлыбритания және Пор­тугалия нарықтарына шығу жұмыстары жүр­гізілуде, сондай-ақ Парсы шығанағы ел­дерімен ынтымақтастық нығайтылуда екен.

Астық тасымалының көлемі өсті

Біздің ел астық өндірісін дамытуды жолға қойды. Былтыр 27,1 млн тонна астық өндіріп, үлкен көрсеткішке қол жетті. Үкімет мәлі­метінше, біз 70-тен астам елге ауылшаруашы­лық өнімдерін жеткіземіз, олар әлем бойынша жетекші орынға ие. Мысалы, ұн экспорты бойынша әлемде 2-ші, күнбағыс майы бо­йынша 8-ші, дәнді-дақылдар бойынша 10-орында тұрмыз.  Фермерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов ауыл шаруашылығы өндірісінің экспорты жылдан-жылға қарқын алып келе жатқанын жақсылыққа балайды. Бірақ ол өнім сатуға ешқандай кедергі жасамау керек деп біледі.

– Былтырғы жылы 19 млн-нан астам бидай, 525 мың тоннадан астам күріш өн­дірдік. Бұл өндірілген астықтар өзімізге жет­кілікті, сыртқа да сатып жатырмыз. Мы­салы, бидайды шетелге шығаруға экспорттық субсидия беріледі. Алайда су тапшылығына байланысты күріш алқабы азайса, өнім азайып, баға көтерілуі ықтимал. Бәлкім, балама кәсіп табу керек болар. Астықтан өндірілетін ұн, макарон өнімдерінің экспортына ешқандай шектеу жоқ. Агро­экспортты Орталық Азияға, Ресейге, Қытайға және алыс-жақын шетелге пұлдауға жол ашық. Осы тақылеттес, сәбізді сыртқа сатуға шектеу қоймақшы болды, алайда кейін реттеді. Өзімізге 450 мың тоннадай сәбіз толық жетеді. Оны 2-3 айлап қоймада сақтау қиын. Мұның алдында қырыққабатқа, пияз­ға, картопқа шектеу қою өзінің тиім­сіздігін көрсетті. Нарық заманында агро­өнер­кәсіпке шектеу беріп қажет емес, – деп байыптайды ҚФҚ өкілі.

Ет-сүт бағыты дамытуды қажет етеді

Ет-сүт өнімдері де ел экспортының басты салаларына айналып тұр. «Олжа» шаруа қожалығының басшысы Болат Бөгетов шауашылықтарға берілетін субсидияның азайғаны, шаруаға тұсау деп ойлайды. Оның пайымдауынша, мемлекет тарапынан арзан несиелеу мен кепілдеме мәселесі шешілсе, кооперативтерге бірігу заңнамасын реттелсе, ауылшауашылық өнімдерін шетелге де экспорттап, ішкі нарықты да түгел қамтуға мүмкіндік болатын көрінеді.

– Мемлекет ауыл шаруашылығын дамы­туды мықтап қолға алды. Соның ішінде ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдерге демеу күшейді. Біздер мал шаруашылығымен шұғылданамыз. Сондықтан да бірнеше түйткілді қозғап өтейін. Бізде мал сойып, сүт өнімдерін өткізетін қара базар, сауда орталықтарынан басқа орын жоқ. Бұрын кооператив құру ісі басталып еді, өзара сенімнің болмай, тексерістің көбейіп, алған несиесін өтей алмай жабылды. Сондай-ақ қазір оңтүстікте пресс-шөптің құны 1 800-2 000 боп тұр. Бидай, күріштен жасалатын жем қолжетімсіз. Еттің бағасы өз-өзін ақта­май тұр. Дегенмен мемлекет квотасы арқылы Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай сияқты елдерге ет-сүт өнімдерін өткізіп жатқан ша­руашылықтар бар. Бірақ шамалап айтқанда, 5-10 ірі қарамен бастаған кәсіпкерлерге алдымен өзіміздің нарықты бағындыру қажет. Аталған істер орындалуы үшін коопе­ративтер қайта ашылып, субсидия азайса да, жеңілдетілген несие мен «Даму» қоры арқылы кепілдеме шешілсе, ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау артар еді, – дейді шаруа қожалық басшысы.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Мал шаруашылығы департаменті директоры Бағлан Аймұрзаев мал шаруашы­лығы саласында оң бастама жүзеге асып, ет-сүт бағытында ілкімді істер жасалып жат­қа­нын айтқан болатын. Әр өңірдің бейі­міне қарай шаруа жасалып, кепілдеме мәселесі оң шешімін тауыпты. 

– Жеке қосалқы шар­уа­шылықтар­ды кооперативтерге бірік­тіруде «Ауыл аманаты» бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Егер кооперативтер құрып, кәсіп ашатын болса, 30 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі. Енді кепілдемені фермер «Даму» қоры арқылы 85 пайызына кепіл­дендіре алады. Осы­ның арқасында жеке қосалқы шаруашы­лық­тардан өнімді жинай отырып, кейін сатуына да болады. Негізі, Еуропа елдері, АҚШ солай дағ­ды­ланған. Мал ша­руашылығын әр өңірдің бейіміне қарай бағу өте үлкен пайда береді. Түркістан облысын­дағы түйе сүтін өңдейтін Golden Camel зауыт жұмыс істеп тұр. Басты нарығы – Қытай елі. Дәл осын­дай үлкен сүт зауытын салуды Маң­ғыстау облысында салуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін 2,5 пайызбен беріліп, түйе сүтінен ұнтақ әзірлеп өнім өндіретін болады. Ақтөбе облы­сында жүн өңдейтін KazFelTec деген зауыт құрылысы желтоқ­сан­да тәмамда­ла­ды. Бұл өндіріс жүннен құрылысқа қажетті материалдар да шығар­мақ. Ынта­ландыру мақсатында жүннің келісіне 200 теңге субсидия беруді қарас­тырдық. Жүнді халықтан жинау үшін сер­вистік дайындау орталықтары түзіліп, оларды жеңілде­тіл­ген несиемен қолдай­мыз. Алматыда Түр­кия­ның Iskefe Holding компаниясы тері өңдеу зауытын салғалы жатыр. Бұйырса, 2027 жылы теріні өңдеп, желатин өнді­ріледі. Осылайша, дамыған елдердегідей мал шаруашылығын дамы­тып, өңдеу техноло­гия­­сына көшіп, ел қазынасы толыға түсе­ді, – дейді департамент басшысы. 

Ел қазынасын толықтырады

Агроэкспортының артуы экономикалық тұрғыдан көп пайда түсіретіні анық. Үкімет мәліметінше, қазір агроэкономиканы дамытудың 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірлену үстінде. Құжат ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруден бастап оны терең өңдеуге, сақтауға, ло­гистикаға және экспортқа шығуға дейінгі толыққанды қосылған құн тізбегін құруға бағытталған. Негізгі басымдықтарға өңдеу өнеркәсібін дамыту, агроөнеркәсіптік кластерлер мен агрохабтар қалыптастыру, сондай-ақ өндіріс пен өткізу нарықтары арасындағы байланыстарды нығайту жатады. Үкімет Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдапты. Аталған жоспар негізінде мал басын арттыруға ғана емес, өнімділікті ұлғайтуға, сондай-ақ саланың экспорттық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретін сапалы өңдеуді жақсартуға бағытталған. 

Бұл бастамаларды қаржы сарапшысы Бексұлтан Ысқақов та қоштайды. Белгілі экономистің сараптауынша, ауыл шаруашы­лығы өнімдерінің экспортының әлеуеті бұдан да зор, сол себепті де осы көрсеткіштері­мен тоқтап қалуға әсте болмайды екен. Ол азық-түлік өнімдерін өңдейтін өндіріс орындарын, сатуға ыңғайлы локацияларға жақындастырып салсақ, өз тиімділігін беріп, уақыт үнемдетуге септеседі деген сенімде. 

– Агроөнеркәсіп саласында экспорт көлемі мен табыс айтарлықтай өскен. Экспорттың өсуі соңғы 5 жылда шамамен 51%-ға артып, ал ауыл шаруашылығы өнімдері 66 елге жеткізілетін болды. Өңделген өнім­дердің үлесі экспортта 52%-ға дейін жетті. Бұл сала  жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, әсіресе ауыл аймақтарына кәделі. Жергілікті кәсіпкерлер мен шағын фермер­л­ер­дің кірісін ұлғайтады. Тауар айналымын теңестіріп, импортқа тәуелділікті төмендетеді. Экономиканы шикізат экспортына мұнай, газ, көмір, уранға тым тәуелді етпей, эко­номиканың әртараптануына  септеседі. Тек бидай, күрішті тонналап сатқанша, өңдеп ұн, макарон сияқты азық-түлік өндірісін қолдау керек. Сондай-ақ ет-сүт бағытында ұлттық өнімдер құрт, май, сүзбе, айран шығаратын цехтар, зауыттар, фабрикалардың әр өңірден ашу керек. Сонда сол өңірмен шектесетін шет мемлекеттерге сатуға оңа­йырақ болады, көп табыс табамыз. Ауыл шаруашылығын дамыту – Қазақстан үшін экономикалық тиімді инвестиция. Экспорттық табыс, елдің ЖІӨ нығайтады, жұмыс күшінің ауылдан қалаларға көшуін тежейді. Өңірлік даму теңсіздігін азайтады, – дейді қаржыгер Бексұлтан Ысқақов.  

Дүниежүзінде аграрлық экспорттан қы­руар пайда тауып, әлемге үлгі болып отыр­ған держалар бар. Мәселен, брокерлік деректер бойынша, АҚШ былтыр 190-200 млрд доллар табыс тапса, Бразилия 78 млрд, Аустралия 75 млрд доллар табыс тапқан.  Бұл агро­дер­жавалар әлдеқашан өзінің аграр са­ла­сын дамытуды жүйелеп, жолға қойып ал­ған. Біздің де мақсат – аргоөнеркәсіпті дамыту.

Тоқетері, елде агроэкономиканы да­мытудың 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленуде. «Е-АӨК» жобасын толыққанды іске асыру 2028 жылға дейін межеленген. Биыл 70-тен астам елге ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортта­мақпыз. Демек, Қазақстан аграрлы индус­триялы елдер қатарына еніп, әлемде өз орнымызды ойып алатын, ішкі-сыртқы нарықты астықпен, ет-сүт өнімдерімен қамтуға қауқарлы бола бастады. Елдің аузы аққа, қамбамыз астыққа, өрісіміз малға, үй іші мейірлі жандарға толса, бұл игіліктер бақытқа бастар жолмен тең. 

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 08:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары