Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

Астана жайлы біле жүретін 20 маңызды статистика

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

Соғыс жылдарында хабар ошарсыз кеткен батырдың медалі 80 жылдан кейін туыстарына берілді

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

69 адам: Ауыл партиясынан Құрылтайға кімдер баруы мүмкін?

Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

Бидай экспортындағы мазасыз бағыт

Бидай экспортындағы мазасыз бағыт

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мұнай бағасынан бастап, тасымал мәселесі күрделене түскен жайы бар. Тасымал дегеннен шығады, соғыстың салқыны Каспий теңізіне де жетті. АҚШ және Израиль ұшақтары бірнеше рет Иранның Каспийдегі порттарына соққы жасады. Демек, парсылар еліне түрлі өнім, соның ішінде арпа-бидай жөнелтіп келген Қазақстан үшін бұл жағдай ойландыратын мәселеге айнала бастады деген сөз. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі деректеріне қарағанда, Қазақстанның Иранға экспорттаған бидайының көлемі соңғы бірнеше жылда біршама өсіпті. Айталық, 2023 жылы 86 мың тоннаны бидай жөнелтсек, 2024 жылы 1,1 млн тоннадан асыпты. 2025 жылы 1 млн тонна бидай Парсы еліне жет­кізілген. 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында 31 мың тонна бидай экспортталыпты. 

Күрежолдың машақаты

Ұлттық статистика бюросының дерек­теріне қарағанда, еліміз жылына орта есеппен 7-8 млн тонна көлемінде бидай экспорттайды. Қазақстан бидайын тұтынушылар тізімінің басында Өзбекстан тұр. Көрші мемлекет жылына 3-3,5 млн тонна көлемінде бидай алады. Екшіні орын­ға Тәжікстан жайғасып, шашамен жылына 1-1,5 млн тоннаға дейін бидайы­мызды сатып алады. Үшінші орынды Қытай иеленіп, бидайымызды импорттау көлемі 1 млн тоннадан асты. Ал төрттікті Иран түйіндейді. Кейінгі екі жылда Иранның Қазақстаннан импорттаған бидайының көлемі 1 млн тоннадан түскен емес. Ал биыл жағдай басқаша болатын сыңайлы. 

Жылдың алғашқы тоқсаны аяқталды. Ал Қазақстанның Иранға экспорттаған бидайының көлемі көп емес. Аймақтағы әскери жанжал Қазақстанның бидай экспортын біршама уақыт тежеді. Еліміз ақпанның аяғы мен наурыз басында Иранға астық жөнелтуде екі аптаға жуық үзіліс жасауға мәжбүр болды. Кейін «Ақ Бидай терминалы» арқылы бидай жөнелттік. 2026 жылдың басынан бері терминал арқылы Иран нарығына 31 000 тонна қазақстандық астық жөнелтілді. Әдетте, бұл уақытта кемі 50-70 мың тонна көлемінде бидай экспорт­талуға тиіс-тұғын. Яғни, жылдағы мөлшерден екі еседей төмендегені байқалады. Жалпы, ай сайын 100 мың тонна тұрақты бидай жөнелту көзделген меже болатын. Бірақ діттеген мақсатқа, биыл жете алмай келеміз. 

«Қазақстанның Астық одағы» талдау комитетінің басшысы Евгений Карабанов та, Иранға астық тасымалдаудың қиын­дағанын жасырмады.

– Біз Иранға астық сататын едік. 2024-2025 маркетингтік жылы Қазақстан арпа­сының Иранға экспорты 1 млн 228,4 мың тоннаны құрады. Бірақ әскери қимылдар барлық келісімшарттар үшін тікелей форс-мажорға айналды. Бүгінде жеткізілімнің бәрі тоқтады. Қалыптасқан ахуалға байла­нысты бұл бағытта­ғы экспорт көлемі тек төмендей беретін түрі бар, – деп ашығын айтқан еді ол.

Бір жыл бұрын, Иран елшісі мен Ауыл шаруашылық министрі кездесіп, біздің тарап, 2 млн тонна бидай, 1 млн тонна арпа, жалпы көлемі 3 млн тоннаға дейін астық өнімдерін жеткізуге қауқарлы еке­німізді мәлімдеген болатын. Арпа, бидай, жалпы астық тасымалы бойынша, екіжақты уағдаластық та болған. Алайда Таяу Шы­ғыстағы геосаяси ахуал, бұл уағдаластықты да толық орындауға мұрша бермей тұрғаны айқын сезіле бастады. Бұл ойды қаржы сарапшысы, экономист Бексұлтан Ысқақов та қоштайды. 

– Иран мен Израиль, АҚШ арасындағы соғыс әзір тоқтамайтын түрі бар. Оқтын-оқтын бірін-бірі бомбалап жатыр. Бізге астық экспорты бойынша бұрынғы жолдар, уағда­лас­тықтар өз кезегінде түгелдей орын­дала алмай жатыр. Себебі геосаяси ахуал күрделі. Сондай-ақ Талибан үкіметі «Талибан және Орталық Азия» деген жиын жасап экспорт, импорт мәселесін қарапты. Енді Ауғанстанға арпа, бидай, күрішті көбірек сатайын десең, өте қауіпті. Себебі Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс та ушығып тұр. Сон­дықтан бұл соғыс жақын арада тоқтамаса, экономикалық тұрғыдан өз зардабын тигізбей қоймайды, – деп сараптайды экономист.

Жаңа нарық қажет

Астық, соның ішінде арпа мен бидай экспорты біз үшін өте үлкен стратегиялық, экономикалық міндет. Былтыр Үкімет 27,1 млн тонна астық жиналып, рекордтық деңгейге жеткенімізді мәлімдеген болатын. Ал сол астықтың жартысынан астамын осы уақытта экспорттап, қалғанын кәдеге жа­рататын едік. Енді сол меже мұң болып тұр. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ дерек­теріне сәйкес, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы наурызға дейінгі кезеңде астық пен ұнның экспорты 8,9 млн тоннаны құрапты. Бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық екен. 

АШМ-ның деректеріне зер салсақ, экспорттың негізгі бағыттары бойынша оң динамика байқалған. Атап айтқанда, Өзбекстанға жеткізілімдер 14%-ға өсіп, 6,6 млн тоннадан 7,5 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға экспорт 1,8 есеге артып, 194 мың тоннадан 354 мың тоннаға дейін көбейді. Ауғанстанға жеткізілім көлемі 24%-ға өсіп, 1,1 млн тоннадан 1,3 млн тон­наға жетті. Түрікменстанға экспорт 1,5 есеге ұлғайып, 94 мың тоннадан 145 мың тоннаға дейін артты. Бірақ бұл тізімнің ішінде бұрыннан қалыптасқан Иран бағыты байқалмайды. Демек, жаңа бағыттар іздеу қажет дегенді аңғартады. Бұл ойды біздің сарапшылар да құптап отыр.

Белгілі саясаттанушы Дос Көшімнің пайымдауынша, Таяу Шығыстағы толассыз қақтығыстарда біздің ел тек астық экспор­тынан ұтылып қалуы бек мүмкін. Сондықтан ол жаңа нарық іздеу қажет деген пікірде.

– Біздегі басты мәселе – бидайда. Не­гізінен, Қазақстан Иранға едәуір бидай экспорттап келді. Енді астық тасымалы тоқтауы мүмкін. Соның салдарынан тағы да жаңа елдер іздеп, бидай, ұн өнімдерін сатуға тура келеді. Өйткені оқ пен оттың, санкцияның астында жатқандықтан, оларға тасымалдау қайта-қайта тежеле береді. Сондықтан Еуропа елдері, іргедегі Қытайға көбірек сатуға тырысу керек. Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға өтіп, одан әрі сатылып жатса, геосаяси қиындық біреуінде туындай қалса, келесісіне астық, оның ішінде арпа-бидай сатуға мүмкіндік ашыла береді. Бұл сонда түрлі қиындықтардан алып шығатып, әлеуетімізді түгендеп тұратын дәліз болар еді. Ендігі жерде Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Иранмен сауда-саттық мәсе­лелері күрделенеді, қиындайды, – дейді саясаттанушы. 

АШМ-нің мәліметінше, былтыр жаңа өнім астығын жеткізу көлемі 8,5 миллион тон­наға жетті, яғни 2024 жылдың осы ке­зе­ңіндегі көрсеткіштен 14 пайызға жоғары­лапты. Дегенмен Иран, құзырлы орган мәліметінің жалпы тізімінен түсе қоймапты. Мәселен, астық Вьетнамға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Солтүстік Африка елдеріне экспортталып, Иранға, Әзербайжанға және Грузияға жеткізілімдер қайта жанданатын көрінеді. Еуропа нарық­тарына негізінен Durum және Hi-Pro сұ­рып­ты жоғары сапалы бидай экспорттал­мақ. Былтыр Қытайға мал азықтық ұн жеткізу көлемі 2,9 миллион тоннаны құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 2,4 есе артыпты. Алдыңғы жылы Қазақстан бидай экспорты бойынша әлемде 10-орын, ал арпа экспорты бойынша 9-орын иеленіп­ті. Бұл межеден түспеу үшін өнім экспорт­тайтын бағыттардың да диверсификациясы керек. Экономист Бексұлтан Тұрсынбекұлы, ас­тық экспортында нарықты бір ғана ба­ғытқа тіреп қою – стратегиялық қателік деп байыптайды. 

– Қазақстанның арпа-бидай экспортына қатысты қазіргі жағдайды тек уақытша қиындық деп қарауға болмайды. Бұл – гео­саяси тәуекелдердің нақты көрінісі. Бүгінде Иран, Ауғанстан, Пәкістан бағытта­рындағы тұрақсыздық экспорт логистикасына да, жал­пы сауда ағынына да тікелей әсер етіп отыр. Осындай жағдайда бір немесе бірнеше нарыққа тәуелді болу – үлкен стратегиялық қателік. Сондықтан қазіргі ахуал бізден жедел әрі жүйелі шешімдерді талап етеді. Ең алды­мен, астық экспортында нарықтарды әрта­раптандыру мәселесіне басымдық беру қажет. Қазақстан үшін дәстүрлі әрі географиялық тұрғыдан қолайлы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері тұрақты бағыт болып қала береді. Алайда бұл нарықтардың сыйымдылығы шектеулі екенін ескеру керек. Орта және ұзақмерзімді перспективада негізгі назарды ауқымды әрі төлем қабілеті жоғары нарықтарға аудару қажет. Мәселен, Қытай бағыты – үлкен мүмкіндік. Бірақ бұл нарыққа шығу үшін өнім сапасы, фитосанитарлық талаптар және келісімшарттық тәртіп халықаралық стандарттарға толық сай болуға тиіс. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Ара­биясы, Египет секілді Таяу Шығыс пен Сол­түстік Африка елдері де астық импорты бо­йынша ірі әрі перспективалы нарықтар саналады. Бұл ретте Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін көлік-логис­тикалық бағыттардың маңызы арта түседі. Яғни, мәселе тек нарық табуда емес, сол нарыққа тиімді әрі тұрақты жеткізу тіз­бегін қалыптастыруда. Қазіргі жағдай – тек сынақ емес, жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Егер Қазақстан экспорт географиясын ке­ңейтіп, логистиканы дамытып және өнім са­пасын халықаралық талаптарға сәйкес­тендірсе, онда біз астықты тек шикізат ретінде емес, стратегиялық экс­порттық өнім ретінде тиімді өткізе ала­мыз, – дейді эконмист.

Тоқетері, бұрын Иранға, Таяу Шығыс, Парсы шығанағы елдеріне астық экспортын ұлғайтуға күш салып келдік. Енді ол жақ­тарда, геосаяси ахуал күрделеніп, біздің арпа-бидай экспорты қиындады. Ал эконо­мист, саяси сарапшылар, соғыс тоқтайты­нынан дәмелену әбестік, одан да жаңа бағыт іздеп, өніміміздің сапасын халықаралық стандарттарға сай ету қажет деп біледі. Біздің атқамінерлер де жаңа нарық іздеп, Әзербайжан, Қытай, Еуропа нарығына қарай күш салатынын байқатты. Ендеше «өгізді де өлтірмей, арбаны да сын­дыр­май», қамбада астықты шірітпей, оң жам­басымызға келетін нарық тапқан жөн сияқты.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 05:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

05 Шілде 2026 20:03see118

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

05 Шілде 2026 17:28see112

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

06 Шілде 2026 21:06see107

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

05 Шілде 2026 11:41see105

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

06 Шілде 2026 20:04see102

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

05 Шілде 2026 10:52see102

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

06 Шілде 2026 17:07see101

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

05 Шілде 2026 21:01see100

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

06 Шілде 2026 01:02see100

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

05 Шілде 2026 21:38see99

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

05 Шілде 2026 09:33see98

Астана жайлы біле жүретін 20 маңызды статистика

06 Шілде 2026 11:45see97

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

06 Шілде 2026 18:10see97

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

05 Шілде 2026 19:12see97

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

05 Шілде 2026 09:26see96

Соғыс жылдарында хабар ошарсыз кеткен батырдың медалі 80 жылдан кейін туыстарына берілді

06 Шілде 2026 18:43see96

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

05 Шілде 2026 15:56see95

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

05 Шілде 2026 13:55see94

69 адам: Ауыл партиясынан Құрылтайға кімдер баруы мүмкін?

06 Шілде 2026 22:35see94

Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

05 Шілде 2026 13:27see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары