Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Абайдағы ауқымды іс

Абайдағы ауқымды іс

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Абай ауданының әкімі Шәкір Сұлтанхан ау­данның даму көрсеткіштері мен атқарылған жұ­мыстарды таныстырды. Аудан басшысы айтқан мә­ліметке қарағанда, негізгі басымдық халыққа қо­лайлы орта қалыптастыруға, инженерлік инф­­­ра­құрылымды жетілдіруге, көшелерді абат­тан­дыруға және қоғамдық кеңістіктерді көбей­туге берілген.

Абай ауданы – Шымкент­тегі халық саны ең көп ау­мақ­тың бірі. Бүгінде мұнда 27 ел­ді мекен­де 269,2 мың тұр­ғын тұрады. Аудан аумағында 55 мыңнан астам жеке тұрғын үй мен 350 көпқабатты үй бар. Тұрғын­дардың негізгі инже­нер­лік қа­жет­тіліктерін қам­та­ма­сыз ету бағытында да оң көр­сеткіштер қалыптасқан. Атап айтқанда, аудан ауыз­су­мен, электр энер­гиясымен жә­не табиғи газбен 100 пайыз қам­тылған.

Ауданда инженерлік инф­ра­­құрылымды дамыту жұ­мыс­тары тоқтаған жоқ. Қазір Жи­делі, Ақжайық және Нұр­шуақ шағынаудандарындағы жаңа құрылыс аумақтарын та­биғи газ жүйесіне қосуға қа­тысты жобалау жұмыс­тары жүр­гізілуде. Бұл – қала аума­ғы­ның кеңеюіне байла­нысты ерек­ше маңызға ие бағыт. Жаңа тұрғын алаптарының ин­­же­нерлік желілермен қам­та­ма­сыз етілуі халықтың тұр­мыс­тық жағдайын жақсартып қа­на қой­май, елді мекендер­дің жоспар­лы әрі жүйелі да­муы­на мүмкіндік береді.

Газдандырудың 100 пайыз­дық көрсеткішке жетуі ау-дан­ның әлеуметтік инфрақұры­лы­­мын­дағы маңызды нә­­ти­желердің бірі болса, жаңа құрылыс аумақта­рына газ желісін жеткізу осы жұ­­мыс­­тың сабақтастығын көр­се­­теді. Алдағы кезеңде жо­ба­лау жұмыстарының сапалы жүр­гі­зіліп, қажетті инф­ра­құрылымның кезең-кезеңі­мен іске қосылуы  тұрғындар үшін маңызды.

Тұрғындарға қолайлы орта қа­лыптастыруда жол инфра­құры­лымының орны ерекше. Аудан бойынша жалпы 1 274 кө­ше болса, оның 1 207-сі  ас­­­­фальт­талған. Бұл көше­лер­дің 95,4 пайызы асфальт­пен қам­тыл­ғанын көрсетеді. Биыл қалған көшелерді ас­-фа­льт­тау бағытын­дағы жұ­мыс­­тар да қолға алынған. Қа­зір 19 көшеде тиісті жұ­мыс­тар бас­тал­ды. Бұл – жол са­пасын жақ­­сарту арқылы тұр­ғын­дар­дың күн­делікті жү­ріп-тұ­руы­на қолай­лы жағдай жасауға бағыттал­ған нақты қа­дам.

Сонымен қатар аудан кө­ше­лерінің жарықтандырылуы 100 пайызға жеткізілді. Ендігі мін­дет – қолданыстағы жа­рық­­тан­дыру  инфрақұры­лы­мы­ның сапа­сын арттыру. Осы­ған байланысты жарық­тан­дыру бағаналарын жаңар­туды қажет ететін 13 көше­де жұмыстар жүргізіліп, оларды жыл соңына дейін аяқтау жос­­­­парланып отыр. Абай ау­да­нын­дағы биылғы жұмыс­тар­дың тағы бір маңызды ба­­­­ғыты – қоғамдық кеңіс­тік­терді дамыту және аула­ларды абаттандыру.

Биыл аудан аума­ғын­да 15 әм­бебап алаңша, 2 ашық спорт алаңшасы және 5 гүлзар салын­ды. Сонымен бірге 35 көшеге жалпы ұзындығы 44,5 ша­қырым болатын аяқжол тө­се­ліп, бұл жұмыстар толық аяқтал­ды. Жаяу жүргін­ші­лер­ге арнал­ған инфрақұрылым­ның дамуы – тұрғын­дардың қауіп­сіздігі мен күн­делікті жай­лы­лығын қам­тамасыз ете­тін маң­ызды фактор. Әсі­ресе халық тығыз орналасқан ау­дан­дарда сапалы аяқ­жол­дар­­дың болуы қоғамдық ор­та­ның қолайлы­лығына ті­ке­лей әсер етеді.

Көпқабатты тұрғын үй­лер­­дің аулаларын абат­тан­дыру­ға да ер­ек­ше көңіл бө­лін­ген. Ақ­жайық ша­ғынау­данындағы 18 көпқабат­ты тұрғын үйдің ау­ласы жарық­тандырылса, Асар шағынау­да­нындағы 30 көп­қа­батты үйдің қасбетіне ар­хи­тек­туралық жа­рық­тандыру ор­натылды. Мұндай жұ­мыс­тар ауданның түнгі кел­бетін жақ­сартып қана қоймай, тұр­ғындардың қауіпсіздігіне де оң әсер етеді.

Ауданның әлеуметтік орта­сын жақсартуда тұрғын­дар­дың өз ұсыныстары негізінде жү­зеге асырылатын «Халық қа­тысатын бюджет» жоба­сы­ның да маңызы зор. Жоба ая­­сында бірінші жар­ты­жыл­дық­­тың қорытын­дысы бойын­ша 9 ойын алаңы мен 2 гүл­зардың құрылысы аяқталып, пайда­лануға берілді. Қалған ны­сан­дарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспар­ланған.

Абай ауданындағы жүйелі жұ­мыстардың ішінде «Таза Қа­зақстан» жалпыұлттық эко­ло­гиялық бастамасы да ай­рықша орын алады. Өйт­кені ауданның көркейіп, таза әрі жайлы болуы тек инф­ра­құрылымдық жоба­ларға емес, тұрғындардың қоғам­дық мәдениеті мен ортақ жауап­кер­шілігіне де байланысты. Жыл басынан бері аудан ау­ма­ғында 31 сенбілік ұйым­дас­тырылып, оған шамамен 50 мың адам қатысты. Сенбі­лік­терге тұрғындармен қатар кә­­­­сіпкерлер, мемлекеттік қыз­­метшілер, еріктілер мен бұ­­қаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері атсалысты.

«Таза Қазақстан» идея­сы­ның түпкі мәні де осында. Та­за көше, жинақы аула, абат­тандырылған қоғамдық орын ең алдымен тұрғындар­дың өзіне қолайлы орта қа­лыптастырады. Сондық­тан тазалықты сақтау тек комму­налдық қызметтердің емес, қоғамның ортақ міндетіне ай­на­луы қажет. Ауданның әлеу­меттік-экономикалық да­муында тұрғын үйлерді ал­дағы жылу маусымына дайын­дау мәселесі де назар­дан тыс қалған жоқ. Орта­лық­тан­ды­рылған жылу жүйесіне қо­сыл­­ған 162 көпқабатты тұр­ғын үйдің 99-ында сығымдау жұ­мыстары жүргізілді. Бұл жұ­мыстардың уақытылы ат­қарылуы – қысқы кезеңге дайындық сапасын қамта­ма­сыз етудің маңызды бөлігі. 

Жалпы, Абай ауданындағы бі­рінші жартыжылдықтың қо­­ры­тындысы инфра­құры­лым­ды жаң­ғырту мен абат­тан­дыру жұ­мыс­тарының жүйе­лі жүргізіліп отыр­ғанын көр­сетеді. Алдағы ке­з­еңдегі не­гізгі міндеттер – жаңа құ­ры­­лыс аумақтарын инже­нер­лік желілермен қам­тамасыз ету, қалған көшелерді асфа­льт­­тау, жарықтандыру жүйе­ле­рін жаңарту, абат­тан­дыру жобаларын толық аяқ­тау жә­не «Таза Қазақстан» бас­та­ма­сы ая­сын­дағы жұмыс­тардың тұрақты­лығын сақтау.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:62
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Тамыз 2026 05:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары