Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Алматы облысында спорт пен құқық мәдениетін насихаттаған ауқымды іс шара өтті

Алматы облысында спорт пен құқық мәдениетін насихаттаған ауқымды іс шара өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алматы облысының  Іле ауданында «Чемпиондық рух» атты ауқымды спорттық-профилактикалық шара өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оған 300-ден астам жас қатысып, спорт пен құқық мәдениетін қатар дамытудың үлгісін көрсетті.

Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидасын ілгерілету, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және есірткісіз қоғам құру мақсатында ұйымдастырылды.      Жиын Алматы облысы Полиция департаменті жанындағы Есірткі құқықбұзушылықтарының профилактикасы бойынша Республикалық кеңестің бастамасымен және «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» ЖҚ Алматы облыстық филиалының қатысуымен өткізілді.

Ашық аспан астындағы жаттығуға әлемдік аренада еліміздің намысын қорғаған саңлақ спортшылар қатысты. Олардың қатарында джиу-джитсудан қос дүркін әлем чемпионы Сейілхан Болатбек, әлем чемпионатының жүлдегері Райхан Абдуллаева, жеңіл атлетикадан 17 дүркін ел чемпионы Ислам Амангос, спорт ардагері Айсара Керімбекова бар. Жалпы, жаттығуды халықаралық UAE SWAT Challenge – 2026 жеңімпазы, Жедел әрекет ету арнайы жасағының офицері Қымбат Ахметова жүргізіп, қатысушыларға темірдей тәртіп пен бірлік үлгісін көрсетті.

Шараның спикері, Алматы облыстық мәслихатының депутаты және ҚР ІІМ жанындағы Республикалық кеңес мүшесі Нұрсұлтан Орынбасаров жастарға арналған сөзінде спорттық ереже мен мемлекеттік заңның байланысын ерекше атап өтті:

«Спортта биік белестерді бағындыру үшін ең алдымен сол спорт түрінің қатаң ережесіне бағынып, тәртіп сақтау қажет. Заң мен тәртіп – бұл тек қоғамдық норма емес, нағыз чемпиондардың басты қағидасы. Ереже бұзылған жерде жеңіс те болмайды. Тәртіпті азамат қана – рухы мықты, нағыз жеңімпаз тұлға».

Қатысушылар да өз әсерімен бөлісті. Ботагөз Қанатқызы, қатысушы:

«Чемпиондармен бірге жаттығу өте шабыттандырды. Спорт арқылы тәртіп пен заңды құрметтеуді үйрену ерекше әсер қалдырды. Енді мен өзімнің достарыммен де тәртіп пен құқық мәдениетін насихаттағым келеді».

Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының мамандары, соның ішінде полиция полковнигі Алтын Темірғалиева бастаған өкілдер жастарға есірткі мен құқықбұзушылықтың зардабы туралы маңызды ақпараттар берді.

Бұл ауқымды шара Іле ауданы жастарының бойында жат қылықтарға қарсы берік иммунитет қалыптастырып, оларды «Әділетті Қазақстанның» саналы азаматы ретінде тәрбиелеуге бағытталған нақты қадам болды. Нұрғиса Тілендиев атындағы мәдениет үйінің алдында жиналған 300 жас – тәртіпті және есірткісіз қоғамға деген нық сенімнің көрінісі.

Шара спорттық тәртіп, заң мәдениеті және жастарды әлеуметтендіруді үйлестірген жаңа форматтағы іс-қимыл ретінде ерекше есте қалды. Бұл – Қазақстандағы «Заң мен тәртіп» қағидаларын насихаттау бойынша жүйелі жұмыстың жарқын үлгісі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 19:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары