Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Жасыл белдеу: шаһардың экологиялық қалқаны

Жасыл белдеу: шаһардың экологиялық қалқаны

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қаланың жасыл аймақтарын кеңейту, ағаш отырғызу жұмыстарын жүйелі жүргізу, өсімдіктер карантиніне бақылауды күшейту және құрылыс талаптарының сақталуын қамтамасыз ету тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруда ерекше маңызға ие. Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында қалада жасыл белдеуді дамытуға және табиғи ресурстарды қорғауға бағытталған жұмыстар жалғасып келеді.

Шымкент қаласының әкі­мі Ғабит Сыздық­беков­тің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қоршаған ортаны қорғауға тікелей және жа­нама қатысы бар бірнеше маңыз­ды мәселе қаралды. Атап айт­қанда, өсімдіктер карантині са­ласындағы мемлекеттік ба­қылау, құрылыс нысандарының бел­гіленген талаптарға сәйкесті­гі және күзгі ағаш егу науқанына дайындық мәселелері тал­қы­лан­ды. Бұл бағыттар қаланың эко­ло­гиялық жағдайын жақсарту, жа­сыл инфрақұрылымды дамы­ту және урбанизация үдерісінің қоршаған ортаға әсерін реттеу тұр­ғысынан өзара тығыз байла­ныс­ты.

Жайлы орта, тұрақты даму

Қала аумағындағы жасыл же­лектің көлемін арттыру – Шым­кенттің ұзақмерзімді эко­ло­гиялық дамуы үшін маңызды міндеттің бірі. Ағаштар мен бұ­та­лар қалалық кеңістіктің көр­кін арттырып қана қоймай, шаң­ды азайтуға, көмірқышқыл га­зын сіңіруге, жергілікті мик­рок­лиматты реттеуге және тұр­ғындардың демалысына қолай­лы жағдай жасауға ықпал етеді. Сондықтан көгалдандыру жұ­мыс­тары бірреттік науқанмен шек­телмей, жүйелі жоспарлау мен тұрақты күтімді қажет етеді. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, «Жасыл белдеу» коммуналдық мем­лекеттік мекемесіне бекі­тіл­ген жер учаскелерінің жалпы ау­мағы 8 772,6 гектарды құрай­ды. Оның 5 307,7 гектары мем­ле­­­­кеттік орман қорына тиесілі бол­са, 3 464,9 гектары жасыл бел­деу аумағын қамтиды.

Сонымен қатар 2026 жылғы сәуірде Түркістан облысынан мем­лекеттік орман қорының 3 578,57 гектар жері аталған меке­ме­нің балансына берілген. 

Шымкентте ағаш отыр­ғызу жұ­мыстары соң­ғы жылдары ке­зең-кезеңімен жүр­гізіліп келеді. 2023 жылы 36 гек­­тар аумаққа 60 мың көшет егіл­се, 2024 жылы 186 гектарға 130 мың көшет отыр­ғызылған. Ал 2025 жылы 54 гек­тар жерге 40 мың көшет егіл­ген. Биыл күзде 120 гектар ау­мақ­қа тағы 100 мың ағаш пен бұ­та отырғызу жос­пар­ланып отыр. Бұл жұмыс жос­пар­ланған көлемде жүзеге асса, қа­­­ладағы жасыл желек қорын то­лықтыруға және жасыл бел­деудің аумағын дамытуға мүм­кін­дік береді.

Алайда көгалдандырудың нә­тижесін тек егілген кө­шет­тер­дің санымен өлшеу жеткіліксіз. Ең маңызды көрсеткіштің бірі – олар­дың жерсіну деңгейі мен бір­неше жылдан кейінгі сақ­талуы. Климаттық жағдайға бейім­делген ағаш түрлерін таң­дау, суару жүйесін ұйымдастыру, топырақтың сапасын ескеру және жас көшеттерді тұрақты кү­тіп-баптау жұмыстың тиім­ділігін арттырады. Сондықтан күзгі науқанның сапалы өтуі ағаш отырғызумен қатар, кейінгі күтім шараларының дұрыс ұйым­дастырылуына да байла­нысты.

Азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды бөлігі

Қоршаған ортаны қорғау тек ағаш отырғызу және жасыл ай­мақ­тарды көбейтумен шектел­мей­ді. Өсімдіктер дүниесін зиян­кестерден, карантиндік ор­га­низм­дерден және ауыл шаруа­шы­лығы дақылдарына қауіп төн­діретін факторлардан қорғау да экологиялық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі сана­ла­ды. Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі Агроөнеркәсіптік ке­шен­дегі мемлекеттік инспекция ко­митетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспек­ция­сы­ның басшысы Қарсыбек Ер­туовтің мәліметінше, қалада фи­тосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұ­мыс­тары жалғасып жатыр. Жыл басынан бері «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кә­сіпорнының зертханасында Шым­кент аумағынан экспорт­та­латын карантинге жатқызыл­ған 328 237 тонна өнім тексеріл­ген. Зерттеу нәтижесінде 11 889 фитосанитариялық сертификат рәсімделген.

Сонымен бірге қала аума­ғы­на импортталатын карантинге жатқызылған өнімдер де бақы­лаудан өтеді. Мұндай шаралар өсім­діктердің аурулары мен зиянкестерінің таралу қаупін тө­мендетуге, ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерінің қауіпсіздігін қам­та­масыз етуге және өңірдің фи­тосанитариялық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауға ба­ғыт­талған.

Биыл шегірткелердің та­ралуын болдырмау мақ­са­тында ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы 1 382 гектар жерге хи­миялық өңдеу жүргізілген. Зиянкестерге қарсы күрес ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға мүмкіндік бергенімен, мұндай жұмыстардың эколо­гиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес орындалуы да назардан тыс қалмауы керек.

Әсіресе өңдеу аумақтарын нақ­­­­­ты белгілеу, препараттарды бел­гіленген нормаларға сәйкес қол­дану және олардың айна­ла­дағы өсімдіктерге, топыраққа, су көздеріне ықтимал әсерін ба­­­­қылау маңызды. Өсімдіктер ка­рантині саласындағы тиімді сая­сат зиянкестермен күресудің н­әтижелілігі мен қоршаған ор­таны қорғау талаптарының үй­ле­­сіміне негізделуге тиіс.

Құрылыс қарқыны һәм жауапкершілік

Қаланың тұрақты дамуы құ­ры­лыс саласының өсуімен қа­тар жүреді. Алайда жаңа нысан­дар­дың салынуы кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы, қала кеңістігінің дұрыс жоспарлануы жә­не қоршаған ортаға түсетін сал­мақтың ескерілуі ерекше маңыз­ға ие. Қалалық орта сапа­сы және бақылау басқармасының басшысы Берік Дүйсенов ап­па­рат­тық кеңесте құрылыс са­ла­сын­дағы мемлекеттік бақы­лау нә­тижелері мен 2026 жылғы 1 шіл­деден бастап қолданысқа ен­гізілген жаңа Құрылыс ко­дек­сінің талаптары туралы баян­да­ды. Сонымен қатар жаңа нор­ма­лардың талаптарына тоқталды. 

Басқарма басшысы есепті ке­­зеңде 132 құрылыс нысаны тек­­серіліп, 314 хаттама толты­рыл­­ған. Тексеру нәтижесінде жал­­пы сомасы 78,1 миллион тең­­ге көлемінде айыппұл салын­ған. Анықталған заңбұзушы­лық­тар қатарында заңсыз құрылыс, құ­ры­лыс сапасына қойылатын талап­тарды бұзу және үлестік қа­тысу саласындағы құқық­бұзу­шылықтар бар. Құрылыс сала­сын­дағы мемлекеттік бақылау ең алдымен азаматтардың қауіп­сіздігін қамтамасыз етуге бағыт­талғанымен, оның қаланың эко­­логиялық сапасына да қаты­сы бар. Ғимараттар мен инф­ра­құры­лым нысандарын орна­лас­тыру кезінде жасыл аумақтарды сақтау, инженерлік желілерді дұрыс жоспарлау, құрылыс қал­дық­тарын басқару және қоғам­дық кеңістіктердің сапасын қам­тамасыз ету маңызды.

Қаланың қарқынды өсуі жағ­дайында құрылыс сапасына қойылатын талаптарды сақтау ғана емес, табиғи ортаны қорғау мә­селелерін де қала құрылысы ше­шімдерінің ажырамас бөл­і­гіне айналдыру қажет. Бұл – тұр­ғындардың өмір сүру сапасын арт­тыруға және қаланың ұзақ­мер­зімді тұрақтылығын қамта­ма­сыз етуге ықпал ететін бағыт.

Осылайша, жасыл белдеуді да­мыту, орман қорын кеңейту, өсімдіктер карантиніне бақылау жүр­гізу және құрылыс саласын­дағы заң талаптарының сақ­талуын қадағалау бағыттары бір-бірін толықтырады. Олар­дың барлығы қаланың қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етуге, табиғи ресурстарды қорғауға және қо­лайлы қалалық ортаны қа­лып­тастыруға бағытталған.

Аппараттық кеңес қоры­тын­дысында қала әкімі тиісті бас­қар­малар мен жауапты мекеме­лерге карантиндік және құрылыс талаптарының сақталуына ба­қылауды күшейтуді, сондай-ақ күз­гі ағаш егу жұмыстарына уақ­­тылы әрі сапалы дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды. Алдағы кезеңде жоспарланған 100 мың ағаш пен бұтаны отыр­ғызу жұмысының нәтижесі оны ұйымдастыру сапасына, кө­шет­тердің жерсінуіне және кейінгі күтімге байланысты болмақ. Сол сияқты фитосанитариялық ба­қылау мен құрылыс талап­тары­ның орындалуы да тұрақты мо­ниторингті және жауапты ор­гандардың үйлесімді жұмы­сын қажет етеді.

Қаланың экологиялық бо­лашағы отырғызылған ағаш­тар­дың санымен ғана емес, олардың сақ­талуымен, табиғи ресурстар­дың қорғалуымен және тұрғын­дарға ұсынылатын ортаның с­апа­сымен бағалануға тиіс. Осы тұр­ғыдан алғанда, жасыл бел­деуді дамыту мен қоршаған орта­ға жауапкершілікпен қарау Шым­кенттің алдағы жылдарда­ғы даму күн тәртібінде маңызды орын алуы қажет.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 06:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see137

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see135

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see131

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see126

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see123

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see121

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see121

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see120

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see120

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see119

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see119

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see118

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see118

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see117

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see117

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see116

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see115

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see114

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see113

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары