Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудың тұрақты мөлшері белгіленбек

Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде миллиардтаған қаржы тартылған 215 жоба іске асырылуда

Әткеншекке таласқан : Астанада ойын алаңында ата аналар төбелесті

Алматы Қорғас тас жолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

Алматы облысында 3 мың метр биіктікке шыққан турист қыз адасып қалған

Құрылтай депутаттары кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Қасым Жомарт Тоқаев Аида Балаеваның алдына кезек күттірмейтін міндеттер қойды

Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті

Шақырту алдыңыз ба Қазақстандағы 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру туралы не білу керек

Жандос Сауыт, аккордеонист: Баян мектебінің болашағы зор

2027 жылы АЕК өсуі қандай танымал құқық бұзушылықтар үшін көбірек төлеуге тура келеді

Димаш Құдайберген шахтаға түсті

Негізгі басымдықтарды айқындап берді

Қауіпсіздіктің қуатты қалқаны

Қауіпсіздіктің қуатты қалқаны

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Биыл Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл толып отыр. Кез келген шақыртуға жедел жетіп, жылдам әрекет ететін жасақтың қызметі осы кезеңде мықтап қалыптасты, ширады, жетілді. Төтенше жағдайға сақадай сайланып, адам өмірін сақтап қалу жолында от пен суға түсуден тайынбайтын құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің тіршілігінде қауіп-қатер табан астында.

Суреттер – ТЖМ баспасөз қызметінен алынды

2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды. Президент табиғи және техногендік апаттар дәуірінде министрлікті қайта құру қажет екенін алға тартты. Бүгінде жыл сайын құтқарушылар 90 мыңнан астам шықыртуға барады. Орта есеппен 15 мың адам апат аймағынан құтқарылса, 30 мың адам эвакуацияланады, 5 мың адамға алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Айталық, осы жылдың басы­нан бері төтеншеліктер 9 мың адамды құтқар­ған. 3 мыңнан астам зардап шеккен тұрғын медициналық кө­мек­пен қамтылған, 7 мың адамға психология­лық қолдау көрсетілген.

Төтенше жағдайлар қызметінің жасағы күн-түн демей кез келген шақыртуға барады. Олар­дың ішінде қиын жағдайға тап болған тұр­ғынд­арды аман алып қалу жолында басын бә­й­геге тігіп, ерлік жасағандар – бір қауым. Серт­­ке берік, қызметке адал төтеншеліктер тұр­­ғын­­дарға көмектесуді бас­ты міндеті санайды.

Сондықтан жұмыс бары­сын­дағы көзсіз ерлігін пұл­дамайды, қосымша ақы сұра­май­ды. Өкі­ніш­ке қарай, егемендік жылда­рынан бері елімізде табиғи ғана емес, тех­но­гендік апаттар да бірнеше мәрте қайталанды. Жер­гілікті әкімдік, жауапты орган­дардың оқыс оқиғаға алдын ала қамдан­ба­ғанының салдары ауыр тиген сәттер болды. Өткен 30 жылда 72 құтқарушы ерлікпен қаза тапты. Өзгені аман алып қалу жолында өзін құрбан еткен бейбіт заманның батырлары – осылар.

Кешегі көктемгі су тасқыны кезінде апат аймақтарына өңір-өңірден көмекке құтқарушылар аттанды. Ел басына қауіп төнгенде атпал азаматтар ойланбастан отба­сынан жыраққа кете барды. Құрал-саймандарын сайлап, суды бөгеді. Тасқын арасында қалып қойған тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды.

Төтенше жағдайлар министр­лігінің құрамында өрт сөндіру­ші, құтқарушылардан бөлек, сүңгуірлер, кинологтер, инс­­пек­тор, инженер, дәрігер, ұш­­қыштар қызмет етеді. Әр құ­рам өзінің жұмысын жетік бі­леді, тосын шақыртуларда бекі­тілген ережеге сай шешім қабылдайды. Төтеншеліктер тек табиғи, тех­­ногендік апат кезінде ғана жұ­мылмайды. Өрт сөндіруге асы­ғады, тұрғындар оқыс жағдайға тап болса, тосылып қалмай, жедел жолға шы­­ға­ды. Техникалық талаптарды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, құтқаруға кі­ріседі. Бүгінде Төтенше жағ­дай­лар министрлігі Мемлекет басшысының бастамасымен өрт сөндіру, апат салдарын жоюдан бөлек, апаттың алдын алуға қабілетті жаңашыл, техно­ло­гия­лық жағынан қамтыл­ған, икемді құрылымға айналды. Бұл туралы мереке қарсаңында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов толығырақ айтып берді.

– Еліміздің әр аймағында күн сайын отыз мыңнан астам адам қызметке кірісіп, ел азамат­тарының қауіпсіздігін қамта­масыз етеді. Қазіргі Төтенше жағдайлар қызметі тек каска, өрт сөндіретін көлік, басқа да құ­рал­дармен сипатталмайды. Қазір жедел көмекте жасанды интеллект, ұшқышсыз ұшу аппараттары, цифрлық платформалар өрт сөндіргіш пен құтқару құралдарының небір түрі қол­данылады. Ми­нистр­лік­тің иелігінде 200-ге жуық ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Тек биылдың өзінде олар екі мыңнан астам операция жүргізіп, жоғалған адамдарды іздеуге, апат аймақтарындағы жағдайды баға­лауға көмектесті. Сол секілді «Орман» жүйесі орман өрттерін мейлінше ерте анықтауға мүм­кіндік береді. «Табиғат» қо­сым­­шасы экологиялық қауіп­терді талдайды. «Тасқын» платформасы су тасқыны қаупін болжай отырып, елді мекендерді алдын ала эвакуациялауға жағдай жасайды. Осыған қоса, MASS ALERT жаңа жедел құлағдандыру жүйесі қазір Алматы қаласында іске қосылды. Алда еліміздің өзге де сейсмикалық қауіпті өңірлерінде енгізіледі, – деді Ш.Әрінов.

Еліміздегі азаматтық қор­ғау жүйе­сі Еуразиядағы ең тех­но­логиялық жүйе­лер­дің бірі­не айналып келеді. Бұл – адам қауіпсіздігін кемелденген қоғамның басты көрсет­кіші ретінде қабылдайтын мем­лекеттің саналы таңдауы. Кейінгі жылдары Төтенше жағдайлар министрлігі басқару жүйесін толығымен қайта құрды. Енді бөлімшелер жеке-жеке емес, біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейді. Ресурстар ортақ бөлініп, шешім­дер жылдам қабылданады. Өрт сөндірушілерді, құтқару­шы­лар мен медицина мамандарын біріктіретін әмбебап бөлімшелер ашылған. Бөлім­ше­лер – кешенді, жедел ден қоятын мобильді топтар. Ми­нистр­лік инфрақұрылымды нығайтуға да көп көңіл бөледі. Тек кейінгі екі жылдың ішінде ведомство бірнеше мың жаңа техника, он екі әуе кемесін, жиыр­ма мыңнан астам құрал-жаб­дық алған. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі тарихында алғаш рет жеке құрамды апат аймақтарына жеткізуге арналған жеке ұшақтары пайда болды. Биыл еліміздің барлық өңірінде 20 авиажасақ құруға бағытталған жаңа ведомстволық бағдарлама басталды.

Дамыған қоғамда қауіпсіз­дік тек ірі қалалардың ғана артық­­­шылығы болмауға тиіс. Сон­дықтан министрлік «Ауыл құтқарушылары» ведомство­лық бағ­дарламасы аясында бұрын көмек кешігіп баратын шал­ғайдағы ауылдарда заманға сай ерікті өрт сөндіру бекеттерін құруға мықтап кіріскен. Қазірде осындай бекеттер еліміздегі жүздеген елді мекенде жұмыс істеп жатыр. Енді ауыл тұрғын­дары жақын маңда кез келген уақытта көмекке келуге дайын топ барын біледі. Оқыс жағдайға тап болса, шақырады.

Төтенше жағдай қызметінде халықаралық ынтымақтастықтың маңызы, ықпалы зор. Бұл тұр­ғыда еліміз көрші елдермен апат­тардың салдарын жою мәсе­ле­лерінде берік байланыс орнатқан. Мысалы, Әзербай­жанмен Каспий теңізі бойынша ынтымақтастық орнаған. Бүгінде онда мұнай қалдықтарын жоюмен, теңізде құт­­қару жұмыстарымен айна­лысатын «Теңіз жасағы» маман­­дан­дырылған бөлімшесі қызмет етеді. Сол секілді Алматыда Қазақстан-Қытай сейсмология орта­лығы құрылады. Онда екі елдің сейсмологтері бірге дерек­терді талдап, жер сілкіну болжамын жасайды.

Құқықтық салаға да елеулі өзгерістер еніп жатыр. Биыл маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды. Нәтижесінде, 10 кодекс, 30-дан астам заңға 600-ден астам түзету енді. Бұл құжат азаматтық қорғау жүйесінің толыққанды реформасына айналды. Заң ТЖМ үйлестіру рөлін күшейтіп, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттырады. Төтенше жағдайлардың алдын алуға басым­дық береді. Яғни қауіптің өзімен емес, салдарымен күресуге мықтап ден қойылады. Бұдан өзге, қазір Төтенше жағ­дай­лар қызметінде жұмыс істей­тін азамат­тарды әлеуметтік қор­ғау­ға көңіл бөлінеді. Сондай-ақ «Орталық-Өңір-Орталық» кадр­лық ауы­сым жүйесі енгізілді. Мұнда орталық аппараттың тәжіри­­белі басшылары өңірлерге барып, жергілікті басқаруды күшейтеді. Жас мамандарға білім береді.

Төтенше жағдайлар ми­нистр­­лігі мереке қарсаңында «30 жылдыққа 30 игі іс» акция­сын бастады. Қыркүйек, қазан аралығында еліміздің әр өңірін­дегі құтқарушылар қайырым­­дылық, әлеуметтік іс-шараларға қатысып, балалар мен қарттарға көмек қолын созып жатыр. Енді бір топ донор болып, қан тапсырса, көгалдандыру жұмыс­тарына жұмылған төтенше­ліктер де аз болмады.

Кеше Құтқарушылар күніне орай Орталық коммуника­­ция­лар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсын­баев салада атқарылып жатқан іс-шара­­ларға, жеткен жетістіктерге тоқ­талды.

– Бүгін құтқарушылардың бір тобын Мемлекет басшысы қабылдап, марапаттады. Бұл бізге, марапат алған әріп­тестерге үлкен мәртебе. 30 жылда біздің қызмет күрделі, абыройлы жолдан өтті. Түрлі реформалар мен сынақтарға қа­рамастан, құтқарушылар әр­дайым адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауда алдыңғы шепте тұрды. Сала саңлақтары еліміз егемендік алғалы зардап шеккен миллонға жуық адамға көмек көрсетіп, жарты миллион шамасында төтенше жағдайды жоюға күш біріктірді. Қостанай, Абай облыстарындағы орман өрттері, шахталардағы техногендік апаттар, алапат су тасқыны, Әзербайжан ұшағы құлаған кезде де құтқарушылар жұмылды, – деді вице-министр.

Төтенше жағдайлар ми­нис­тр­лігінің бө­лімдері халық­­аралық оқу-жат­тығу­ларға, гума­ни­тарлық, апаттық құтқару опе­ра­ция­­сына жиі қатысып келеді. Түркия, Ауғанстан, Қырғызстанда бол­ған өрт, жер сілкінісі, селді ауыздықтауға барды. Шетелдерге 49 гуманитарлық көмек көрсет­ті. Төтенше жағдайлар кезінде кейінгі бес жылда адам шығыны ортаесеп­пен 30 пайызға қысқар­ған. Сондай-ақ биыл су басқан елді мекендер саны 95%-ға азай­ған.

Қорыта келгенде, құтқару­шыларға қандай сый-құрмет көр­сет­сек те жарасады. Олардың әлеуметтік жағдайы, қауіпсіздігі ешқашан назардан тыс қалмауға тиіс. Көптің тілегімен өрт сөн­дірушілердің тұрғын үй төлем­­дері мәселесі шешілді. Заңға тиісті түзетулер енгізілді. Енді қандай да бір себептермен тұр­ғын үй төлемін ала алмайтын қызметкерлер де көмексіз қалмайды. Айталық, министрлік ірі қалалармен қатар, өңірлерде қызметтік жатақханалар салуды ойластырып отыр. Төтенше жағдайлар қызметінде еңбек ететіндерді жігерлендіретін, әлеу­меттік жағдайын оңалтатын осындай бастамалар үзілмек емес. Ал ең бастысы – ел-жұрттың, күн-түн демей жедел шақыртуға қамданып, көмекке асығатын құтқарушылардың амандығы.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 13:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

30 Тамыз 2026 17:24see160

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

30 Тамыз 2026 22:45see151

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

31 Тамыз 2026 00:46see149

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

31 Тамыз 2026 07:42see144

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

30 Тамыз 2026 20:52see141

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

31 Тамыз 2026 11:59see140

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

30 Тамыз 2026 15:49see136

Қазақстанда жекеменшік мектептерді қаржыландырудың тұрақты мөлшері белгіленбек

31 Тамыз 2026 14:20see131

Президент Жолдауын жүзеге асыру: елімізде миллиардтаған қаржы тартылған 215 жоба іске асырылуда

31 Тамыз 2026 09:06see130

Әткеншекке таласқан : Астанада ойын алаңында ата аналар төбелесті

31 Тамыз 2026 15:40see129

Алматы Қорғас тас жолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

31 Тамыз 2026 16:19see128

Алматы облысында 3 мың метр биіктікке шыққан турист қыз адасып қалған

30 Тамыз 2026 18:26see127

Құрылтай депутаттары кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

30 Тамыз 2026 15:23see126

Қасым Жомарт Тоқаев Аида Балаеваның алдына кезек күттірмейтін міндеттер қойды

31 Тамыз 2026 14:58see125

Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті

31 Тамыз 2026 18:30see122

Шақырту алдыңыз ба Қазақстандағы 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру туралы не білу керек

31 Тамыз 2026 12:01see121

Жандос Сауыт, аккордеонист: Баян мектебінің болашағы зор

01 Қыркүйек 2026 05:22see115

2027 жылы АЕК өсуі қандай танымал құқық бұзушылықтар үшін көбірек төлеуге тура келеді

31 Тамыз 2026 20:31see114

Димаш Құдайберген шахтаға түсті

01 Қыркүйек 2026 01:24see111

Негізгі басымдықтарды айқындап берді

01 Қыркүйек 2026 03:31see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары