Киев келіссөздерден бас тартқан сайын арнайы әскери операция жалғаса береді Песков
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Егер Киев шынайы келіссөздерден және бейбіт келісімге жол ашатын маңызды шешімдерден бас тарта берсе, арнайы әскери операция жалғаса береді, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Егер екінші (украиналық - Sputnik) тарап процесті кейінге қалдыра берсе, шынайы бейбіт келіссөздерден және бейбіт келісімге жол ашатын маңызды шешімдерден бас тартса, арнайы әскери операция жалғаса береді", - деді ол РИА Новостидің сұрағына жауап бере отырып.
Песков Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы бейбітшілік процесі уақытша тоқтатылғанын айтқанмен, бұл АҚШ-пен ешқандай байланыс жоқ дегенді білдірмейтінін жеткізді.
Сонымен қатар Песков Ресей әрқашан Украинадағы арнайы әскери операция мақсаттарына бейбіт жолмен жетуді қалайтынын тағы ескертті.
"Біз әрқашан мақсаттарымызға бейбіт жолмен жетуіміз керек деп айтып келдік", - деді Песков.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:61
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 20:39 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















