Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Экологиялық кеңес отырысында Жасыл Даму қызметінің тиімділігі талқыланды

Экологиялық кеңес отырысында Жасыл Даму қызметінің тиімділігі талқыланды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Экологиялық кеңестің кезекті отырысында «Жасыл Даму» АҚ қызметі және оның тиімділігі жан-жақты талқыланды. Мәжіліс депутаты Бауыржан Смағұловтың төрағалығымен өткен жиынға кеңес мүшелері, Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев, кеңес төрағасының орынбасары Елдос Абаканов, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, «Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Сәрсенбай және Астана, Алматы, Шымкент әкімдіктерінің өкілдері, партия жанындағы аймақтық Экологиялық кеңестердің төрағалары қатысты, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Партия жанындағы Экологиялық кеңестің төрағасы Бауыржан Смағұлов Қазақстан экологияға теріс әсерді азайту саясатын белсенді түрде жүзеге асырып отырған жауапты мемлекет ретінде 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді басты мақсаттарының бірі ретінде белгілеп отырғанын атап өтті. Осы ретте экологиялық жаңғырту, табиғи ресурстарды тиімді басқару және «жасыл» технологияларды енгізу мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығына айналып отыр.

- Осы маңызды бағыттарды іске асыруда Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл даму» АҚ ерекше рөл атқарады. Алайда «Жасыл Даму» операторының жұмысына жиі сын айтылады. Себебі, ұйымның жұмысы ресми түрде ашық деп жарияланғанымен, іс жүзінде қоғам тарапынан бақылау шектеулі, - деп атап өтті Бауыржан Смағұлов.

Осы тұста Бауыржан Смағұлов ресми мәліметті мысалға келтіріп, елімізде жыл сайын шамамен 5 миллион тонна тұрмыстық қалдық түзілетнін және оның 26% ғана қайта өңделетінін айтты. Сондай-ақ Мәжіліс депутаты экологиялық бастамаларға қатысты нақты стратегияның болмауы және қаражаттың мақсатсыз жұмсалуы сияқты түйіткілді мәселелерді де ерекше атап өтті.

- Экологиялық кодекс пен радиоактивті қалдықтар туралы заң жобасын талқылауға сарапшылар мен қоғам өкілдері белсене қатысуы тиіс. Бұл мәселеге қатысты шешімдерді бірлесе қабылдамасақ және ол заңнамалық деңгейде реттелмесе, экологиялық мәселелер сол күйі шешімін таппай, қордалана береді, – деді депутат.

«Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбайдың мәлімдеуінше, «Жасыл даму» «Оператор РОП» орнына келген уақыттан бері ел қазынасына 1 трлн 473,2 млрд теңге көлемінде утилизациялық алым түскен. Оның ішінде отандық өндірушілерден – 723,1 млрд теңге, ал импорттаушылардан шамамен 531 млрд теңге жиналған. Бұған қоса, бұрынғы оператордан 219,2 млрд теңге мөлшеріндегі қаражат компания балансына берілген.

- 2022-2024 жылдар аралығындағы шығындар және 2025 жылға жоспарланған қаржы көлемі 1 трлн 529,7 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат Экологиялық кодексте белгіленген бағыттар бойынша игерілуде. Мемлекеттік бюджетке 155 млрд теңгеден астам қаражат түсті. Оның ішінде 128,9 млрд теңге – салық, ал 26,2 млрд теңге – мемлекетке төленген дивидендтер. Бұл көрсеткіштер «Оператор РОП» функцияларын мемлекеттік компанияға берудің нәтижесінде мүмкін болды.

Қазір құқықтық базасы жаңадан әзірленіп жатқан бірқатар экологиялық өзекті бағыттарды қаржыландыру үшін Үкіметтің жаңа қаулысы дайындалып жатыр. Аталған жобаларға 42,7 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр, - деді Ержан Сәрсенбай.

Жиында талқылауға қатысқан Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев елімізде әзірленіп жатқан Қалдықтарды басқару тұжырымдамасына қатысты бірқатар маңызды мәселені көтерді. Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап күшіне енеді деп жоспарланған жаңа құжатта экологиялық басқаруға жауапты ұйымдардың нақты міндеттері мен рөлі анық көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ Сергей Пономарев экологиялық жүйеге деген қоғамдық сенімді арттыру үшін ашық мәліметтер базасы мен цифрлық бақылау тетіктерін енгізу қажет екеніне тоқталды. Депутаттың айтуынша, бұл қадамдар жобалардың тиімді жүзеге асуын және қаражаттың дұрыс жұмсалуын қамтамасыз етеді.

- Қазір бұл тұжырымдама дайындалу үстінде. Ал онда «Жасыл даму» АҚ-ның үйлестіруші және атқарушы рөлі қалай айқындалады? Бұл компанияға Ұлттық оператор мәртебесін беру көзделіп отыр ма? Сондай-ақ оның жұмысында ашықтық, цифрландыру және қоғамның белсенді қатысуы сияқты принциптер ескеріле ме? – деп сұрады депутат.

Депутаттың бұл сұрағына Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев бұл сауалға жауап берді. Оның айтуынша елімізде әзірленіп жатқан Қалдықтарды басқару тұжырымдамасы мемлекеттік органдармен келісу сатысында. Құжатты әзірлеуге бизнес қауымдастық пен халықаралық сарапшылар да қатысқан.

- Тұжырымдама аясында жүргізілген сараптамалар негізінде елдегі қалдықтар бойынша толыққанды, бірыңғай деректер базасының жоқ екені анықталды. Нақтырақ айтқанда, қалдықтардың нақты көлемі мен түрлері туралы бірізді мәлімет жоқ. Бұл – жүйелі жұмысты қиындатып отырған негізгі мәселе. Сондықтан тұжырымдамада қалдықтарды толық инвентаризациялау және заңдастыру міндеті көзделіп отыр. Осылайша, жаңа құжат қалдықтардың толық циклін - бастапқы пайда болуынан бастап, оны жинау, тасымалдау, өңдеу және көмуге дейінгі барлық кезеңін қамтиды. Бүгінде біз қалдықтардың қозғалысын толық көре алмаймыз. Әр ведомствоның өз базасы бар, бірақ ортақ платформа жоқ. Осыған байланысты «Жасыл даму» компаниясына ұлттық оператор мәртебесін беру ұсынылып отыр. Бұл – тұжырымдаманың басты тетіктерінің бірі», – деп нақтылады Жомарт Әлиев.

Кеңес отырысының соңында экологиялық саясаттың тиімділігін жақсарту үшін мемлекеттік органдар, бизнес пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жасыл жобаларды қолдау, қалдықтарды тиімді басқару, экологиялық білімді арттыру және ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету маңызды екені айтылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:236
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 18:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары