Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Жасыл даму : утильтөлем қаржысы қайда жұмсалды?

Жасыл даму : утильтөлем қаржысы қайда жұмсалды?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Компания мәліметіне сәйкес, 2025 жылда кәдеге жарату төлемдерінен 375 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Оның ішінде 166,9 млрд теңгесі көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерден, 187,4 млрд теңгесі импорттаушылардан, 20,5 автокомпоненттер мен қаптамаларды өндірушілер мен импорттаушылардан жиналған. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері тетігі аясында 140,9 млрд теңге қайтарылып, шамамен 125 млрд теңге экологиялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Бұл қаржының 86,1 млрд теңгесі қатты тұрмыстық қалдықтар саласына, 15,9 млрд теңгесі өртті ерте анықтау жүйелеріне, 2,4 млрд теңгесі рефрижераторлық жабдықтарға, ал 21 млрд теңгесі мемлекеттік органдарға арналған арнайы техника сатып алуға жұмсалған.

Қайта өңдеу саласын дамыту – экологиялық оператордың негізгі басымдықтардың бірі. 2024-2026 жылдарға бұл мақсатқа 185 млрд теңге қарастырылған. Қаражат тікелей компанияда сақталмайды, ол Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өндірістік жобаларға бағытталады. Яғни, жаңа зауыттар салуға, сұрыптау желілерін іске қосуға, қайта өңдеу кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға жұмсалады. Соңғы екі жылда 25 инвестор 93,7 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау алған. Нәтижесінде, жылына 395 мың тонна қалдық өңдей алатын 14 қайта өңдеу зауытын іске қосу, қуаты 490 мың тоннаға жететін төрт сұрыптау желісін ашу және 112 қоқыс таситын көлік сатып алу көзделген. Жобаларға 18,7 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тартылған. Нысандардың бір бөлігі әлі салынып жатқандықтан, олардың толық қуатқа шығуы кезең-кезеңімен жүзеге асады.

Қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау мен қалдықтарды жинау EcoQolday бағдарламасы аясында жалғасып келеді. Бүгінге дейін жоба аясында 84 келісімшарт жасалып, 884 млн теңгеден астам қаржы төленген. Егер 2024 жылы 11 мың тонна қалдық өңделсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 49 мың тоннадан асқан. Екі жылда жалпы 60 мың тоннадан астам қалдық қайта өңдеуге жіберілген, оның басым бөлігі – қағаз бен шыны. 2026 жылға бағдарламаға 2,3 млрд теңге қарастырылған.

«Кәдеге жарату төлемдерінен түскен барлық қаражат Экологиялық кодекс талаптарына қатаң сәйкес және тек экологиялық жобаларға бағытталады. Біз қаражатты жай ғана жинақтамаймыз, оларды экономикаға – нақты экологиялық және әлеуметтік нәтиже беріп жатқан салаларға қайтарымды негізде қайта бағыттаймыз», – деді «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов.

Аталған жобаларды іске асыру елімізде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үлесін 25%-дан 40%-ға дейін арттыруға, сондай-ақ 5,1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұлттық парктерде, Астана мен Жезқазған қалаларының мектептерінде халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруда. Бұл шараларды 2026 жылы кеңейту жоспарда бар. 

Қаражаттың бір бөлігі қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамыту мен экологиялық ағарту жұмыстарына бағытталған. Арнайы контейнерлер мен экоурналар орнату, ақпараттық түсіндіру жұмыстары, ұлттық парктер мен білім беру ұйымдарындағы экологиялық сабақтар осының бір бөлігі.

Компания өкілдері утильтөлем тетігінің тиімділігіне толық баға беру үшін жиынтық есеп қажет екенін айтады. 2025 жылға арналған есеп уәкілетті органға ұсынылғаннан кейін, 2026 жылдың 1 мамырына дейін жарияланбақ. Оған дейін ақпарат жекелеген бағдарламалар мен бағыттар бойынша ғана қолжетімді.

Утильтөлем бастапқыда қалдықтарды қайта өңдеуді ынталандыру құралы ретінде енгізілген. Өндірушілер мен импорттаушылар төлеген қаражат  салаға инвестиция ретінде қайта бағытталуы тиіс. Бұрын бұл жүйенің тиімділігі жөнінде түрлі пікір айтылды, себебі қайта өңдеу деңгейі төмен болып, қалдықтардың басым бөлігі полигондарға жөнелтілді. Қазір жүйе заң талаптарына сәйкес нақты реттеліп, қаражаттың мақсатты жұмсалуына басымдық беріліп отыр. 

Алдағы уақытта «Жасыл даму» негізгі миссиясын жалғастырып, ӨКМ қаражатының ашық әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуді, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамытуды және ел экономикасының орнықты экологиялық моделін қалыптастыруды көздейді. Компания жаңа экологиялық жобаларды қайтарымды қаржыландыруға қосымша шамамен 100 млрд теңге бағыттауды жоспарлап отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:241
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 17:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see144

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see136

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see134

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see131

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see130

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see126

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see123

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see121

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see118

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see117

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see117

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see115

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see114

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see114

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары