Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Бюджет қаржысы бейберекет жұмсалмауға тиіс

Бюджет қаржысы бейберекет жұмсалмауға тиіс

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов Прези­дент тапсырмаларын орын­­дау шеңберінде жекемен­­шік білім беру және меди­ци­на­лық ұйымдар­ды мемле­кеттік қаржылан­­дыру жү­йесін реформалау жө­нін­­де жиын өткізді.

Үкімет басшысы Оқу-ағар­ту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерінің алдына жан басына шаққандағы қаржы­ландыру жүйесіндегі теңгерім­сіздіктерді жою міндетін қойды.

Жиында мемлекет сапалы әрі қолжетімді қызметтер көрсетуге қатысты міндеттемелерді өзіне алатыны және мекемелерде орын болмаған жағдайда жеке­мен­шік ұйымда оқуға жан басына шаққандағы қаржыландыру қарастырылғаны атап өтілді. Десе де бұл мүмкіндікті теріс пайдалану деректері тіркеліп отыр. Субсидия көлемін көбейту мақса­тында оқушылар мен мұғалім­дердің жасанды легі туындап жатыр. Бұл білім сапасына, сондай-ақ мемлекеттік шығын­дар­дың тиімді жұмсалуы­на теріс әсер етеді.

Премьер-министр жекемен­шік білім беру ұйымдары­на қатысты қымбат оқу ақысы мә­се­лесін де атап өтті. Ол мем­ле­кеттік бюджет «элиталық» мектептердің қызметін қаржы­лан­дыруға жұмсалмауы кере­гін ерекше айтты. Мұндай мек­теп­терде ата-аналардың төлем­­дері оқу үдерісін толық қамта­ма­сыз етуге мүмкіндік береді.

Қаржы министрі Мәди Такиев жеке мектептерге мемлекеттік тапсырыс беру тетіктерін қайта қарауға қатысты жұмыстар туралы баяндады. Осы мәселелерді шешу мақсатында жекеменшік мектептердің қаржыландыру үдерістері толық цифрландырылып, қызметтерге төлемдер келісімшарттан бастап ақша төлеуге дейін есепке алынды.

OrtaBilim қызметінің биылғы 6 қаңтардағы мәліметтеріне сәйкес, e-Qazyna.kz веб-порта­лында 789 жеке мектеппен 78,7 мл­­рд теңге көлемінде қар­­жы­­ландыру келісімдері жасал­ған. (2025 жылы – 845 мек­теп). Сондай-ақ бұрын қар­жы­­­лан­­­­ды­рыл­ған 206 мекеме бел­­гі­­ленген талаптарға сай кел­мей­­ді. Оқу­­шылар мен мұғалім­дер­ді жал­­ған тіркеу мен қосар­лан­ған есеп­ке алу, рұқсат етілген жоба­лық қуа­ттан артық жүктеу және тағы басқа жағдайлар анықталды.

Аудит барысында төмен­дегі­дей алдын ала нәтижелер белгілі болды. 1 333 оқушының бір мектептен екінші мектепке 5-тен 12 ретке дейін көшуі, 64 жеке­меншік мектепте оқушы­лардың саны жобалық қуат­тан екі есе артық болуы, 2024 жылы 167 жеке мектептің салық­тық есептілігінде кірістер көрсетіл­мегені анықталған.

Ішкі мемлекеттік аудит қызметінің аумақтық департа­менттері арнайы хат жіберіп, нәтижесінде мектептер 1,2 млрд теңге көлемінде салық төледі. Бүгінде 46 мектепте қарсы тексерулер жүргізіліп жатыр.

Келесі кезеңде мемлекеттік мектептер (6 887 мектеп), балалар бақшалары мен университеттер де цифрландырылатын болады. Бұл қадам білім беру қызметтерін бюджеттен қаржы­ландырудың барлық циклінде толық ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиын барысында жекемен­шік білім беру мекемелерін лицензиялау тәсілдерін қайта қарау мәселесі де қаралды. Жеке ұйымдардың азаматтарға медициналық қызмет көрсетуі саласында тәртіп орнату мақсатында үкіметтік жұмыс тобы азаматтардан келіп түсетін өтініштерді қаперге ала отырып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның активтеріне талдау жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша Қордың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған іс-шара­лар қабылданады.

Жиын қорытындысында Оқу-ағарту, Денсаулық сақ­тау, Қаржы министрліктері­не бір апта мерзімде атал­ған мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды. Бұл жұмыстарды үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаеваға жүктелді.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды

Экономика • Бүгін, 15:20

Қазақстан мен Хорватия серіктестігі нығаяды

Саясат • Бүгін, 15:05

Мұстафа Шоқайдың бұрын жарияланбаған фотосуреттері табылды

Жәдігер • Бүгін, 14:45

Израилдің батыс жағалауында 4G іске қосылды

Саясат • Бүгін, 14:00

Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты

Футбол • Бүгін, 13:35

Президент сұхбаты: мемлекет саясаты қалай өзгерді?

Саясат • Бүгін, 13:11

АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады

Әлем • Бүгін, 12:40

Юто Кубо Қаршыға Дәуітбектің көзін шұқып алды

Спорт • Бүгін, 12:15

Диспансерлік есепте тұрған 1787 жүргізушінің көлік басқаруына шектеу қойылды

Қоғам • Бүгін, 12:03

Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай?

Оқиға • Бүгін, 11:37

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

Футбол • Бүгін, 11:26

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жаңа техника жұмысты жетілдіреді

Аймақтар • Бүгін, 10:50

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қаңтар 2026 16:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары