Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Электронды экокарта Атырау тұрғындарына қолжетімсіз: бюджет қаржысы қайда кетті?

Электронды экокарта Атырау тұрғындарына қолжетімсіз: бюджет қаржысы қайда кетті?

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

26 наурыз 2026 жыл, Атырау

...Бұл картаны қаладағы негізгі ластаушы көздерді анықтау үшін әзірлеген. 

Алайда Атырау тұрғындары электронды картаны көре алмайды. Облыстық табиғи ресурстар басқармасы түсіндіргендей, ол тек ішкі жұмыс құралы ретінде қолданылады және экологиялық жағдайды талдау үшін пайдаланылады.

Қалада шаңды дауылдар мен жағымсыз иістерге байланысты негізгі ластаушы көздерді анықтауға көмектесуі тиіс болған бұл картаны тұрғындар жиі еске алады. 

Атырау мен Құлсары қалалары бойынша шекті рауалы шығарынды (ШРШ) жөніндегі жиынтық томмен gov.kz порталынан танысуға болады: Атырау және Құлсары қалаларының шекті рауалы шығарынды (ШРШ) томын жасақтау.

Бұған дейін хабарланғандай, бұл құжатты қайтадан басқа мердігер әзірлеген. Алғашқы нұсқасы ескіріп, өзектілігін жоғалтқан. Соған қарамастан, оны дайындауға жұмсалған бюджет қаржысы қайтарылмаған.

Осыған байланысты «Ақ Жайық» редакциясы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына ресми сауал жолдады. Жауапқа ведомство басшысы Ерлан Омаров қол қойған.

Жобаның миллиондарға жасалған нұсқасы неге өзектілігін жоғалтты?

Басқарманың түсіндіруінше, «NomadEco» ЖШС 2018–2020 жылдары әзірлеген шекті рауалы шығарынды (ШРШ) жөніндегі жиынтық том сапасыз деп танылмаған. Алайда ол 2021 жылы қабылданған жаңа Экология кодексінен кейін өзектілігін жоғалтқан. Заңнама өзгерген соң шығарындыларды нормалау талаптары, ауаны ластауды есептеу әдістері, көздерді түгендеу ережелері, сондай-ақ ШРШ құжаттарының құрылымы мен мазмұны қайта қаралды. Соның нәтижесінде бұрынғы нормативтерге сүйеніп дайындалған құжат жаңа талаптарға сәйкес қайта өңдеуді қажет етті.

Ақша қайтарылмады, бірақ жоба қолданылмады

Жобаға 27 млн 900 мың теңге бөлінген. Басқарманың ресми жауабына сәйкес, бюджет қаражаты қайтарылмаған.

Ведомство өкілдері атап өткендей, қаражатты қайтару мәселесі тек тиісті негіздер болған жағдайда ғана қаралуы мүмкін. Яғни, мердігердің міндеттемелерін тиісінше орындамағаны дәлелденсе — сараптама қорытындысы немесе сот шешімі негізінде ғана қаражатты қайтару мүмкіндігі бар.

Жауаптан белгілі болғандай, мердігердің жұмысы қабылдау рәсімдері аясында бағаланған. Кейіннен өзектілігін жоғалтқанына қарамастан бұл жобаның ресми түрде тапсырыс беруші тарапынан қабылданғанын білдіруі мүмкін. Осылайша, бюджеттен қаржы бөлініп дайындалған құжат жаңа заң талаптарына сәйкес келмей қалғандықтан, кейін қайтадан өңделуге мәжбүр болды.

Жаңа жобаға қанша қаржы жұмсалды?

2018–2020 жылдары «NomadEco» ЖШС әзірлеген жобадан бөлек, редакция 2022–2023 жылдары құжатты қайта өңдеген «Экосервис-С» компаниясына қатысты да ақпарат сұратқан еді. Алайда басқарма нақты соманы атаған жоқ. Тек «жергілікті бюджет есебінен жасалған келісімшарттар аясында қаржыландырылды» деген қысқа жауаппен шектелді.

Ерлан Омаровтың жауабынан белгілі болғандай, ШРШ-ның (шекті рауалы шығарынды) жаңа нұсқасын әзірлеу кезінде Атырау мен Құлсары аумағындағы атмосфералық ауаны ластайтын негізгі көздер ескерілген.

Есептеулерге I, II және III санаттағы өнеркәсіптік кәсіпорындар енгізілген. Олардың қатарында мұнай-газ, энергетика, көлік және коммуналдық сектордағы ірі өндіріс орындары бар. Сонымен бірге қазандықтар мен жылу жүйелері, кәріздік сорғы станциялары, сарқынды судың булану алаңдары, қаладағы негізгі жол тораптарындағы көлік ағымы және жеке тұрғын үйлердің автономды жылыту жүйелері де есепке алынған.

— Шығарынды көздерінің деректер базасы кәсіпорындардың шығарындыларын түгендеу нәтижелері, ресми статистикалық мәліметтер, уәкілетті мемлекеттік органдардың материалдары, сондай-ақ далалық зерттеулер мен аспаптық өлшеулер негізінде жасалды, — деді Омаров.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл карта атмосфералық ауаның ластануын жинақтап есептеуге және экологиялық жоспарлау жұмыстарына қолданылады.

— Аталған карта басқарманың жұмыс құралы болып саналады және ол экологиялық жағдайды талдауға, атмосфералық ауаның ластануын жинақты есептеуге, экологиялық жоспарлауға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарушылық шешімдер қабылдауға қолданылады, — деді Ерлан Омаров.

Осылайша, Атырау тұрғындары үшін ауаның ластанғанын көрсететін электронды карта ашық қолжетімді емес.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

Бүгін, 18:29

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 18:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see153

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see151

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see151

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see151

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see150

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see150

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see147

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see146

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see145

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see144

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see144

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see143

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see143

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see142

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see141

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see141

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see139

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see139

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары