Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

SARAP отырысында кеңесуші демократияның келешегі талқыланды

SARAP отырысында кеңесуші демократияның келешегі талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бүгін Астана қаласында «SARAP» эксперттік клубының «Кеңесуші институттар: конституциялық реформа аясындағы перспективалар» тақырыбындағы отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Жиында Мемлекет басшысының V Ұлттық құрылтай отырысында ұсынған бастамалары талқыланды. Сарапшылар кеңесуші демократияның қазақстандық моделін қалыптастыру үдерісі мен ерекшеліктерін талдап, Халық кеңесін құру перспективалары туралы пікір алмасты.

Іс-шараға Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, академиялық қауымдастық өкілдері, ҮЕҰ мүшелері мен сарапшылар қатысты.

Модератор – Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова іс-шараның маңызына тоқталды.

«Қазіргі уақытта Конституциялық комиссияның жұмысы жүйелі әрі дәйекті түрде жалғасып келеді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі –  консультативтік институттардың болашағы және олардың жаңа конституциялық архитектурадағы орны. Бұл институттардың дамуы азаматтық қоғамды одан әрі нығайтуға және қоғамдық диалогтің сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді. Бүгінде консультативтік-кеңесуші институттар шешім қабылдау үдерісіне қоғамның қатысуын қамтамасыз ететін маңызды тетік ретінде қарастырылып отыр»,-дейді ол.

Парламент Сенатының депутаты Жанна Асанова жасанды интеллект арқылы деректер массивін тіркеуге және өңдеуге мүмкіндік беретін цифрлық модельге көшу қажеттігін атап өтті.  Спикердің айтуынша, жасанды интеллект әлеуетін болашақ консультативтік органның жұмысында тиімді пайдалану маңызды.

«Әрбір азаматтың айтқан ұсынысы цифрлық із қалдырады, бұл олардың не ұсынғанын және қандай мәселелер қозғалғанын анық көруге мүмкіндік береді. Демек, маңыздысы – идеяны айтып қана қоймай,  ол үшін жауапкершілікті де сезіну. Мұндай тәсіл ашық, тиімді және нәтижеге бағытталған қоғамдық диалог құруға жол ашады».

Сондай-ақ жиында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Индира Рыстина кеңесуші органдардың саяси ықпалы туралы пікір білдірді.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен Ұлттық құрылтайдың жұмысы ауқымды саяси реформаларға негіз қалады. Үшінші кезең – Халық кеңесін құру. Қоғамдық сенім кеңесімен салыстырғанда, Ұлттық құрылтайдың институционалдануы анағұрлым күрделі болды, оның құрамына аймақтар мен түрлі сала өкілдері тартылды. Халық кеңесінің де құрамы нақты айқындалған, сондай-ақ азаматтардың қандай бағыттар бойынша қатысатыны алдын ала белгіленген. Осылайша, аталған үш органды да қоғам мен мемлекет арасындағы тікелей диалогтің институционалдануы ретінде қарастыруға болады», - деді спикер.

Саяси шолушы, Конституциялық комиссияның мүшесі Ғазиз Әбішев делиберативтік демократия жөнінде пікір білдірді:

«Делиберативтік демократия тұрғысынан алғанда Ұлттық құрылтай сараптамалық кеңес беру мен қоғамдық талқылаудың арасындағы аралық орынды иеленіп, өңірлердің, әлеуметтік топтардың және түрлі салалардың өкілдерін біріктірді. Осы тұрғыда болашақ Халық кеңесі жұмысы кең өкілдікке, рәсімдердің ашықтығына және қоғамдық ұсыныстардың шешім қабылдау үдерісінде нақты ескерілуіне негізделсе, толыққанды делиберативтік органға айналу әлеуетіне ие».

Одан бөлек, талқыда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова, ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Жанар Санхаева, Еуразиялық интеграция институтының департамент басшысы Арман Ешмұратов сөз сөйлеп, ұлттық диалогті нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөліне, кеңесуші демократия саласындағы халықаралық тәжірибелерге тоқталды.

Іс-шара соңында қатысушылар сұрақ-жауап алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Кеңесуші институттардың реформалар жағдайындағы дамуы, олардың қоғамдық диалогті нығайтудағы рөлі  және азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу тетіктері туралы маңызды ойлар айтылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 19:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары