Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

SARAP отырысында тарихи мәдени мұраның конституциялық құндылықтар жүйесіндегі орны талқыланды

SARAP отырысында тарихи мәдени мұраның конституциялық құндылықтар жүйесіндегі орны талқыланды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін, 14 ақпан күні, Астанада «Қазақстанның конституциялық құндылықтар жүйесіндегі тарихи-мәдени мұраның орны мен маңызы» атты «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жиында тарихи-мәдени мұраның конституциялық деңгейде бекітілген құндылықтар жүйесіндегі рөлі және ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызы талқыланды. Сарапшылар тарихи жады мен мәдени сабақтастықтың мемлекеттілікті нығайтудағы стратегиялық мәніне тоқталып, тарихи-мәдени мұраны қорғау – мәдени саясаттың бір қыры ғана емес, конституциялық құрылыстың ажырамас құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Іс-шараға ғылыми қауымдастық өкілдері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері және сарапшылар қатысты.

Модератор – Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Мунира Абулова іс-шараның маңызына тоқталып, Конституцияның жаңа жобасында мәдениет пен білімге, ғылым мен инновацияға айрықша басымдық берілгенін атап өтті. 

«Тарихи-мәдени мұра – қоғамның рухани негізі әрі конституциялық құндылықтардың мазмұнын айқындайтын маңызды фактор. Ата заңның жаңа жобасында осы сала да назардан тыс қалмаған, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беріліп, азаматтар мен мемлекеттің міндеті нақты айқындалған. Мұндай өзгерістер тарихи-мәдени мұраны қоғам игілігі ретінде танудың құқықтық негізін нығайта түседі», Мунира Абулова. 

«Қазақ газеттерінің» бас директоры, Конституциялық комиссияның мүшесі Дихан  Қамзабекұлы Конституцияның жаңа жобасы бұрын айтылмаған, қазіргі уақытта ерекше маңызы бар мәселелерді қамтыды деп пікір білдірді.

«Ата заңның преамбуласы мыңдаған жылғы тарих сабақтастығын, білім мен ғылым, мәдениет құндылықтарын қамти отырып, жаңа стратегиялық бағдарларды айқындап берді. Осы бағыттардың Конституция деңгейінде бекітілуі мәдениет саласының дамуына, тарихи-мәдени мұрамыздың әрі қарай дәріптелуіне, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға және ұрпақтар сабақтастығын жалғауға септігін тигізеді», Дихан  Қамзабекұлы. 

Жиында Ұлттық академиялық кітапхананың директоры, ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» жобасы жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы Күміс Сейітова баяндама жасады.

«Тарихи-мәдени құндылықтар мәселесінің Конституция деңгейінде бекітілуі елдің бай мұрасын халықаралық кеңістікте насихаттауға зор ықпал етеді. Бұл қадам мемлекеттің мәдени саясатындағы басымдықтарды нақтылай түсті», деді спикер.

Сондай-ақ талқыда ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікзат Дүйсенғазы, ҚЭЗИ Этномедиация орталығының директоры, мәдениеттанушы Фарида Мұсатаева сөз сөйлеп, тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған конституциялық қағидаттарды іске асырудағы мемлекеттің және ғылыми-зерттеу институттарының рөліне тоқталды.

Одан бөлек, отырыс барысында тарихи-мәдени мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеп, халықаралық және жергілікті деңгейде кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды. Сарапшылар өзара пікір алмасып, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу, жетілдіру және тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастырады, оның ішінде тарихи-мәдени мұраның насихатына да тың серпін береді деген қорытындыға келді.

Соңғы жаңалықтар

Жапонияны мойындатқан жалғыз қазақ: Ерсін Балтағұл Астанада жанкүйерлерімен кездесу өткізеді

Спорт • Бүгін, 14:09

Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?

Ата заң • Бүгін, 13:50

Ұлттық қорғаныс университетіне жаңадан бастық тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 13:35

Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды

Ата заң • Бүгін, 13:21

Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады

Медицина • Бүгін, 12:35

Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады

Білім • Бүгін, 12:26

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Референдум • Бүгін, 12:00

Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды

Аймақтар • Бүгін, 11:42

Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?

Қазақстан • Бүгін, 11:37

«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 11:17

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:34

Олимпиада-2026: 14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?

Олимпиада • Бүгін, 10:21

Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:53

Реформаларға азаматтық белсенділік керек

Қоғам • Бүгін, 09:50

Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде

Қазақстан • Бүгін, 09:45

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 15:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see146

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see116

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see116

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see116

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see114

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see114

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see114

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see113

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see113

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see112

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see112

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see112

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see111

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see110

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see110

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see110

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see109

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see108

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see108

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

13 Тамыз 2026 11:25see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары