Чемпиондар лигасының үздік ойыншысын анықталды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Грузиялық футболшы париждіктердің жеңісті маусымындағы басты қаһармандардың біріне айналып, клубтың қатарынан екінші мәрте жеңіске жетуіне маңызды рөл атқарды.
Биылғы Чемпиондар лигасы маусымында Кварацхелия 10 гол соқты. Оның жетеуін плей-офф кезеңінде кіргізді.
«ПСЖ» Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды
Сонымен қатар Хвича ПСЖ клубының Чемпиондар лигасындағы бір маусымдағы гол саны бойынша рекордын қайталады. Бұған дейін мұндай көрсеткішке соңғы рет Златан Ибрагимович 2015/16 жылғы маусымда қол жеткізген еді.
Жалпы осы маусымда грузиялық вингер барлық турнирде ПСЖ сапында 48 матч өткізіп, 19 гол мен 11 нәтижелі пас шығарып көзге түсті.
Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының қазіргі нарықтық бағасы 90 миллион еуро.
6 көлік пен газет дүңгіршегі өртенген: ПСЖ жанкүйерлері тәртіпсіздік ұйымдастырды
Еске салайық, Чемпиондар лигасының финалында ПСЖ «Арсеналдан» басым түсті.. Негізгі уақыт 1-1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында париждіктер 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Мамыр 2026 22:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















