Трамп пен Зеленскийдің қарым қатынасы қыркүйектен бастап нашарлаған БАҚ
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина басшысы Владимир Зеленскийге деген көзқарасы қыркүйектің ортасынан бастап нашарлай бастаған. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті жазды.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі Трамптың қыркүйек айында Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы кездесуде Зеленскийге бейбіт келіссөзді қайта бастау үшін Мәскеуге баруды ұсынғанын, алайда Украина басшысының бұл ұсыныстан тағы да бас тартқанын хабарлаған.
"Трамп пен Зеленский арасындағы шиеленістің соңғы кезеңі Нью-Йорктегі кездесуден кейін басталды. Бір ай ішінде Трамптың Зеленскийге деген наразылығы күшейе түсті", - деп жазылған мақалада.
Басылымның жазуынша, Трамптың наразылығына Украинаның Ресейдің энергетикалық нысандарына шабуыл жасау үшін АҚШ ресурстарын пайдалануы себеп болған.
Сенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийдің бейбіт келісімге келуге дайын еместігіне наразылық білдіріп, Украинаға жаңа басшы қажет екенін мәлімдеді.
2025 жылдың 28 ақпанында Зеленский Украинаның жер қойнауын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қою үшін Ақ үйге барған кезде Трамп онымен сөзге келіп, ашық түрде сынға алған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:90
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 08:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















