Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Драматургиядағы дара даңғыл

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Экологиялық тазалықтан ар ождан тазалығына дейін...

Экологиялық тазалықтан ар ождан тазалығына дейін...

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгінде баршамыз үшін ортақ міндет саналатын жалпыұлттық жоба жаһандық үрдістермен үндес, ұзақмерзімді даңғыл десек болады. Сондай-ақ тазалық идеясы тек табиғатты қорғау акцияларының аясында шектелмей, енді Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілікпен сабақтасып, адам дүниетанымының, күнделікті өмір салтының және қоғамның рухани жаңғыруының негізгі элементі ретінде орныға бастады. Еліміз тарихында алғаш рет Конституцияның 37-бабында әрбір азаматтың табиғатты қорғау міндеті бекітілді. Ал «Әділет» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасындағы 10 басымдықтың қатарына «Таза Қазақстан» бастамасын жалғастыруды да қосқан еді. Әрі бұл бастаманы жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Осы аптада партияның жастар қанаты «Таза Qazaqstan» Road-эстафетасын аяқтады.

ТАЗАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ КЕҢ

Президенттің пайым­дау­ынша, «Таза Қазақстан» тұжы­рымдамасы қоршаған ортаның тазалығын сақтаумен қатар, ойдың тазалы­ғына және жоғары азаматтық жауапкер­шілікке негізделген жаңа қо­ғамдық мәдениетті қалыптас­тыруға бағытталған. 

– Халқымыз ежелден «таза­лық» ұғымына ерекше мән берген. Жұртымыз «таза» сөзін кең мағынада қолданады. Мы­салы, арлы, ниеті түзу, адал адам туралы айтқан кезде «ары таза, ойы таза, жүрегі таза» адам деп сипаттаған. Бабаларымыз әрдай­ым табиғатпен етене байланыс­та өмір сүрген, қоршаған ортаны қорғау қастерлі міндет деп санаған. «Обал болады» деп, жас ұрпақты табиғатқа ешқандай зиян келтірмеуге үйреткен. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, Жер-Анаға жанашыр жүрекпен қарауға тәрбиелеген. Міне, бүгін де тазалық ұғымы ұлтымыздың бол­мыс-бітіміне тән асыл қа­сиет­ке, қоғамдық мәні зор құн­ды­лыққа айналып жатыр. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы – соның айқын көрінісі. Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстаны­мы. Ақ пейілмен, түзу ниетпен қолға алған әрбір іс берекелі болады. «Таза Қазақстан» – дәл осындай бірегей бастама. Бұл жоба миллиондаған отаншыл азаматымыздың адал еңбегінің арқасында жалпыхалықтық қозғалысқа айналды», – деген болатын Президент.

Жалпы экологияға деген шынайы жанашырлық әр адам­ның күнделікті қарапайым іс-әрекетінен басталады. Қоқыс қалдырмау, суды үнемдеп пайда­лану, ағаш отырғызу, өз ауласы мен қоғамдық орындар­дың тазалығын сақтау – осындай қа­ра­пайым қадамдардың нәтиже­сінде қалаларымыз бен ауыл­дарымыз таза, жайлы әрі көрікті бола түседі.

Экология және табиғи рес­урс­тар министрлігінің дерегін­ше, жоба басталғалы бері ел көлемінде 2 мыңнан аса эко­логиялық іс-шара ұйымдас­тырылып, аумақтарды санитар­лық тазарту аясында 3,8 млн тонна қоқыс жиналып, 10 мыңға жуық рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды. Орманды қалпына келтіру жұмыстары аясында 1 млн гектардан астам алқапқа шамамен 1,7 млрд ағаш отырғызылды.

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АЛҒЫ ШЕПТЕ

Атқарылған қыруар шаруа­ның артында, әсіресе жастар мен жүйелі ұйымдастырылған волон­терлік жобалардың үлесі басым. Сарапшылардың сөзінше, кейінгі жылдары Президент бастама­ларын жүзеге асыруда жастардың азаматтық белсен­ділігі артып келеді. Солардың қатарында 13-16 қазан аралы­ғында «Әділет» партиясының Жастар қанаты ұйымдастырған «Таза Qazaqstan» Road-эстафета­сын атап айтуға болады. Эста­фета аясында 5 мың­ға жуық жас азамат «Астана – Өскемен» бағы­тындағы автожол бойында жалпы ұзындығы 1800 шақы­рымға жуық аумақты қо­қыс­тан тазалады.  

Шығыс Қазақстан облысын­да эстафетаға қосылған Құрыл­тай депутаты Ерлан Сайыр осын­дай игі істің маңыздылы­ғына тоқталды. Оның айтуынша, мұндай акциялар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және тарихи ескерткіштерді сақтау мәдениетін қалыптаст­ыруға ықпал етеді. 

– Табиғат­ты қорғау тек мем­лекеттік орган­дардың немесе коммуналдық қызметтердің мін­деті емес, бұл – баршамызға ортақ іс. Сондықтан экология­лық мәдениет қалып­тас­тыру ісін жастардан бастап, оған қоғам­ның барлық мүшесін жұмылдыру маңызды. «Әділет» пар­тиясының сайлауалды бағ­дар­ла­масында да табиғатқа жана­шырлықпен қарау, қорша­ған ортаны қорғау және елді ме­кендердің тазалы­ғын сақтау мәселелері қамтылды. Мұн­дай бастамалар осы қағидат­тарды күнделікті өмірде жүзеге асыруға жол ашады, – деді Ерлан Сайыр.

Эстафетаға Құрылтай депут­аттары, партияның, мем­лекет­тік органдардың өкілдері және белсенді жастар қатысты. Олар Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыс­тары­ның 10 аудан мен 59 ауыл аума­ғын қоқыстан тазартып, эколо­гиялық іс-шаралар өткізді. Бұдан бөлек, депутаттар тұр­ғын­­дармен кездесіп, қоғамдық қа­былдаулар ұйымдастырды. 

ВАНДАЛИЗМГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Партияның белсенді жастары эстафета аясында жол бойын тазалап қана қоймай, «Ванда­лизмге жол жоқ!» ұраны негізінде қорықтарды, тарихи және мә­дени орындар мен ескерт­кіш­тер аумағын қоқыстан тазалап, та­биғи нысандарға заңсыз са­лын­ған суреттер мен жазуларды өшіріп, граффитилерді жою жұмыстарын жүргізді. Олардың айтуынша, мұндай шаралар туған өлкенің тазалығын сақ­тауға үлес қосып қана қоймай, оның тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Road-эстафета тек қалаларда ғана емес, шалғай ауылдарда да жастарды біріктіргені туралы «Әділет» партиясының жастар қанатының өкілдері айтып берді.

– Біздің мақсатымыз – жол бойындағы қоқысты тазалау ғана емес, қоғамда табиғатқа жана­шыр­лықпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Осы жолы төрт өңірдің жастары бір мақсатқа жұмылып, шамамен 1 800 шақы­рым жол бойын тазалады және 150 тоннадан астам қоқыс жина­ды. Осындай игі іс әр азаматтың туған жеріне деген жауапкер­шілігін нақты іс арқылы көрсе­туге мүмкіндік береді, – деді «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы Ержан Хамитов.

Экологиялық шара аясында жол бойындағы тарихи-мәдени мұралар, қорық­тар мен киелі ескерткіштер аума­ғының қа­лыпқа келтірілуі – хал­қы­мыз үшін қастерлі ұлттық құн­ды­лықтарымызды келер ұрпаққа саф таз күйінде жеткізу­дің қамы десек болады. Сонымен қатар эстафета шеңберінде «Әділет» партиясы жастар қана­ты қатар­ының өңір жастарымен де толы­ға түсетіні сөзсіз.

Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мү­шесі Жарқынбек Амантайұлы «Таза Qazaqstan» Road-эстафе­тасын тек экологиялық іс-шара деп қабылдауға болмайды дейді. Оның айтуынша, Президент баста­масымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы – терең философиялық мәнге ие. Ол қоршаған ортаны таза ұстауға ғана үндемейді.

– Бұл дәстүрлі шара деп айтсам болады. Осыған дейін еліміздің бірнеше өңірінде ұйым­­дастырылып, Астанадан Қараған­ды арқылы Алматы облысына дейін жетті. Алма­тыдан Қызыл­ордаға дейінгі жол­дарды тазар­тып, үлкен жұм­ыс атқарылды. Ал Астанадан Павло­дар өңірі арқы­лы Абай облысына жол тартқан сапардың ең басты мәні мен маңызы – мұның тек қана эко­ло­гиялық қоршаған ортаны тазар­туға қатысты жұмыс емес екенді­гінде. Эстафетаның идеоло­­гия­лық мәні – жұртшы­лықты таза қоғамға, таза ортаға үнде­уінде шақыруында, қор­шаған ортаға деген жауапкер­шілікке назар аудартуында және ортақ іске жұмылдыра алуында. Соны­мен қатар негізгі өзегі – са­на­н­ың және ардың, адам жаны­ның тазалығы деген ұстан­ымды қатар алып жүруінде. Сондықтан Мемлекет басшысының баста­ма­сымен «Таза Қазақстан» идея­сының тұрақты ауқымда, әсіресе жастардың қатысуымен өтетін акцияға айналуының маңызы зор. Эстафетаға әр өңірден жүз­де­ген, мыңдаған жастар қатысып жатыр. Шараның ауқымы бұдан да кеңейе береді. Сондықтан шараның елге берер идео­ло­гиялық мәні, фило­софиялық мағынасы тереңде. Сонымен қатар шараның ерек­ше­лігі – қоғамды рухани тазалыққа, жан тазалығына, ар тазалығына, жалпы экологиялық тазалық мә­дениетіне үндеуінде. Жастар мыңдаған шақырым жол жүріп, тазалық ұғымын насихаттайды. Өздері де сол қасиетті бойларына сіңіреді, – деді Құрылтай депута­ты, «Әділет» партиясы фрак­ция­сының мүшесі Жарқынбек Аман­тайұлы. 

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ИДЕОЛОГИЯ

Қоғамда адам жанының таза­лығы мен ар-ождан тазалы­ғын экологиялық тазалық мә­ден­и­еті­мен үндестіру және үйлестіру – «Таза Қазақстан» жалпы­ұлттық жобасының идео­логия­лық мәні­не айналды. Сонымен қатар эко­ло­гиялық сананы өзгерту, эко­логиялық мәдениет қалып­тастыру жұ­мысы қазір азаматтық қоғамды, волонтерлік бірлес­тік­тер мен жастарды кеңінен тарту арқылы жүзеге асырылып жатыр. Конс­ти­ту­цияда белгіленген эко­ло­гиялық нормалар мен «Адал азамат» қағидаттарын балабақ­шадан бастап жоғары оқу орын­дарына дейінгі барлық дең­гей­де­гі үлгілік оқу жос­­пар­ларымен байла­н­ыстыру жұмысы қолға алынған. Өскелең ұрпақ­тың экологиялық біліміне және кері байланысты цифрлан­дыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. 265 мектепке дейінгі білім беру ме­ке­мелерінде «Жасыл балабақша» бағдар­ламасы енгізілді. Білім беру ұйымдарында 4 мыңнан астам «Жасыл клуб» жұмыс істейді. Мұндай тәсіл қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мә­дениетін білім арқылы ғана емес, балалар мен жастардың табиғат­ты қорғау іс-шараларына тікелей қатысуы арқылы да қалыпта­суына мүмкіндік береді.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:36
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 08:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see138

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see136

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see132

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see127

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see124

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see122

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see122

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see121

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see121

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see120

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see120

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see119

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see119

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see118

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see118

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see117

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see116

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see115

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see114

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары