Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Таразда “Тәртіп тазалықтан басталады“ атты экологиялық акциясы өтті

Таразда “Тәртіп тазалықтан басталады“ атты экологиялық акциясы өтті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

2026 жылдың 16 маусымында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы мен "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында "Тектұрмас" тарихи-этно-мәдени кешенінде "Тәртіп – тазалықтан басталады" атты экологиялық акциясы өткізілді.

"Тектұрмас" кешені тарихи орын ғана емес, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды мәдени нысандардың бірі болып табылады. Сондықтан кешен аумағын абаттандыру, санитарлық тазалығын сақтау және келушілер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Осындай жүйелі жұмыстар арқылы өңірдің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттап, туристердің қызығушылығын арттыруға болады.

Акцияға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысып, табиғатты қорғау, қоғамдық тәртіп пен тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

"Бүгін біз табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған игі бастаманың аясында бас қосып отырмыз. Тазалықты сақтау, тәртіпті ұстау – бұл отансүйгіштік пен жауапкершіліктің, табиғатқа деген қамқорлықтың және қоғам алдындағы азаматтық парыздың жарқын көрінісі. Мемлекет басшысы ұсынған "Заң және тәртіп" қағидаты бүгінгі қоғамның басты құндылықтарының біріне айналуда. Заңға бағынатын, қоғамдық тәртіпті сақтайтын, айналасына құрметпен қарайтын азамат қана өркениетті қоғамның қалыптасуына үлес қоса алады", – деді облыс әкімінің орынбасары.

Іс-шараға 200-ден астам жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен белсенді жастар қатысты. Акция барысында қатысушылар белгіленген 17 гектар аумақта санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жинады. Нәтижесінде 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, тарихи кешен аумағы толықтай тазартылды.

Сонымен қатар акция барысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық орындарда тазалық сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар тұрғындардың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға үндейтінін атап өтті.

Айта кетейік, облыста "Таза Қазақстан" акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін өңірде 48,5 мың жасыл желек отырғызылып, 2,6 мың шақырым көше жолдары, 810 шақырым арық жүйелері мен каналдар тазартылды. Сондай-ақ 615,5 мың шаршы метр саябақтар мен скверлер аумақтары ретке келтіріліп, 5,8 мың тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.

Суреттер: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызмет

"Таза Қазақстан" акциясы аясындағы мұндай игі шаралар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын нығайтуға ықпал етуде.

Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 17:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары