Көгалдандырудан бейнебақылауға дейін: Атырау облысының экологиялық шешімдер
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
2021–2025 жылдар аралығында облыс аумағында 5,6 млн түп көшет отырғызылды. Абаттандыру жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021–2027 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев жергілікті телеарнаға берген сұхбатында айтты.
Өңірлік көгалдандыру жоспарына сәйкес соңғы бес жылда елді мекендерде 540 гектар аумаққа 275 мың көшет отырғызылған.
Әкім орынбасарының айтуынша, Жайық өзенінің экологиялық ахуалы ерекше бақылауда. Өзен деңгейінің төмендеуіне байланысты арнаны тереңдету және тазалау жұмыстары жүргізіліп, су экожүйесін сақтау және балық қорын қорғауға бағытталған жобалар іске асырылуда.
Сонымен қатар суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету үшін ауданаралық және шаруашылықаралық магистральді каналдар жөнделуде. Бағырлай, Құрайлы сай, Кобяково–Забурунье каналдарын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.
Өңірдегі өзекті мәселелердің бірі – қамыс өрті. Оның алдын алу үшін облыс әкімдігі «Ақжайық» МТР-ді арнаулы техника және заманауи құралдармен жабдықтады. Үш өрт мұнарасы, бейнебақылау жүйесі, екі орман өртін сөндіру станциясы, «Трэкол» техникасы және екі ПКП-4 «Водолей» өрт сөндіру кешенінің прицептері сатып алынды.
Қамыс өртінің алдын алу мақсатында бейнебақылау камераларын кеңейту, әкімшілік жауапкершілікті күшейту, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қауіпті кезеңдерде қамыс алқаптарын шабу және минералды жолақтар жасау шаралары қолға алынған.
Марат Мурзиевтің айтуынша, өңірдегі экологиялық мәселелердің басым бөлігі атмосфералық ауаның ластануына қатысты. Оның шамамен 85 пайызы мұнай өндіру мен өңдеу кәсіпорындарынан туындайды.
Бүгін, 16:03
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:13
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 17:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















