Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Атырау облысының ықшам аудандарында жол жоқ

Атырау облысының ықшам аудандарында жол жоқ

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Атырау облысы Жылыой ауданындағы екі бірдей ықшам ауданның тұрғындарын жол мен жарық мәселесі алаңдатып отыр. Қос шағын ауданның шағымын арқалаған тұрғындар арнамыздың редакциясына хабарласты. Олардың айтуынша мұндағы жер учаскелері жеті жыл бұрын беріле бастаған. Қазір онда үйлердің саны 600-ге таяды. Алайда әлі күнге дейін инженерлік инфрақұрылым толық тартылмаған. 

«Болашақ» ықшам ауданының қазіргі сиқы осы. Жол жоқ. Көше жарығы жүргізілмеген. Қар мен жаңбырда жүру оңай емес. Балалардың сабаққа баруы да мұңға айналды,- дейді тұрғындар. Өйткені жаңа шағын ауданда білім ордасы әлі салынбаған. Ал оқушылар 5-6 шақырым жердегі мектепке қатынайды. Бұған қоса ықшам аудан тұрғындарын интернет мәселесі де алаңдатып отыр. 

Мәрзия Күжбанова, Құлсары қаласының тұрғыны:

- Ертең жаңбыр жауса, балалар жүре алмайды. Сайдың ішімен кетеміз қазір. Жаңбыр жауатын болса, сайдың іші жүретін жері жоқ, су болып қалады, суға толып. Арғы жағымен айналып жүргенде 1-2 сағат жүреміз маршрутқа қарай. Сол жол мәселесі қиын. Қазір енді күн құрғақ болғасын барып-келіп жүр ғой балалар.

Жексен Қаспаев, Құлсары қаласының тұрғыны:

- Екінші мәселе, интернет жағы. Ешкім хабарласа алмайды. Интернет жоқ. Балалар қаламен хабарласа алмай отыр. интернет жағын орнатып берсе деген сауалымыз бар.

Жаңадан бой көтерген «Атырау» ықшам ауданының да жағдайы мәз емес. Мердігердің жауапсыздығынан мұнда жол құрылысы басталып, аяқсыз қалған.

Асланбек Шығыр, тілші:

- Атырау шағын ауданында жер учаскелері 2018 жылы беріле бастады. Қазір мұндағы үйлердің саны 500-ге жетті. Жеті жылдан бері жол, жарық мәселесі реттелмеген. «Кеш түссе тас қараңғы. Әсіресе, мектепке баратын балалар үшін қиын», - дейді тұрғындар.

Қамажай Жұбаева, Құлсары қаласының тұрғыны:

- Жарық жоқ мына көшенің бойында тұратын. Көшемізде скамейка да жоқ. Балалар ойнайтын алаң да жоқ. Бізде жарық жиі өшеді. Сосын интернет те жоқ. Сеть жоқ ауылда. Есігіміздің алдына, сыртқа шығып сөйлесеміз балаларымызбен сөйлесейік дегенде.

Құлсары қаласы әкімінің айтуынша, қос ықшам ауданның да мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі. «Атырау шағын ауданындағы аяқсыз қалған 22 шақырым жолды салу үшін қазір қайтадан мердігер анықталып жатыр. Ал «Болашақ» ықшам ауданына жол келер жылы салына бастайды», - дейді қала әкімі Қадіржан Адинов. 

Қадыржан Әдинов, Құлсары қаласының әкімі:

- 2018 жылы «Болашақ» ықшам ауданына жалпы ұзындығы 63 шақырымды құрайтын асфальт жол салу жұмыстарының жобалау-сметалық жасақталған болатын. Алайда сметалық құндардың өзгеруіне байланысты қазір түзетулер енгізіліп жатыр жобаға. Сараптаманың оң қорытындысы алынған соң 2026 жылы қаражаттың бөлінуіне қарай құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Ал ықшам аудандарды жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға жіберілген. Жалпы Құлсары қаласы бойынша 280 көшеге жалпы ұзындығы 134 шақырым көше жарығы жүргізіледі. 

Авторлары: Асланбек Шығыр, Айбек Байзақов, Амантай Мәтенов

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 14:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see117

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see114

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see114

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see110

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see110

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see109

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see108

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see105

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see104

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see104

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see104

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see102

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see102

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

05 Қараша 2026 16:01see101

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see101

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары