Қазақстанда әуе рейстері құстардың кесірінен кешікті толық мәліметтер
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қызылорда - Астана бағытындағы ұшақ құстармен соқтығысты, деп хабарлайды Tengri Travel.
Vietjet Qazaqstan мәліметінше, оқиға 4 қарашада болды.
Құстармен соқтығысқаннан кейін ұшақ қосымша техникалық тексеріске жіберілген.
"Осыған байланысты әуе компаниясының ұшу кестесінде өзгерістер болып, бірнеше бағыт бойынша бірқатар рейс кешігуіне әкеп соқты", - деді тасымалдаушы компания өкілдері.
Баспасөз қызметі кідірістерді азайту және қалыпты ұшу кестесін тезірек қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.
Жолаушыларға өз рейстері туралы кейінгі ақпаратты әуе компаниясының ресми арналары арқылы тексеріп отыру ұсынылды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда компания өкілдеріне хабарласуға болады.
Айта кетейік, бұған дейін Санья - Астана рейсінің жолаушылары рейс 27 сағатқа кешіктірілгеніне шағымданған болатын. Әуе компаниясы бұған техникалық ақау себеп болғанын хабарлад.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 16:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















