Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

45 тармақтың тек 12 сі орындалды: Атырау облысының экологиялық жол картасының жай күйі

45 тармақтың тек 12 сі орындалды: Атырау облысының экологиялық жол картасының жай күйі

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Атырау облысының 2022–2025 жылдарға арналған экологиялық жол картасы аяқталды. Бірақ жоспарланған жұмыстар толық орындалған жоқ: 45 тармақтың тек 12-сі ғана жүзеге асқан, тағы 7 бағыт тұрақты атқарылып келеді, ал қалған 26 іс-шара аяқталмай қалған.

Жақында өткен брифингте мәлім болған экология департаментінің дерегінше, Атырау облысында экологиялық заң бұзушылықтар саны өсіп отыр. Ал салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 2 триллион теңгеден асып кеткен.

Бұл нәтижелер туралы бұған дейін брифингте айтылған болатын. Осыдан кейін «Ақ Жайық» редакциясы Атырау облысының экология департаментіне ресми сұрау жолдап, нақты қай тармақтар орындалғанын, қайсысы әлі атқарылып жатқанын және оларды аяқтау үшін қандай шаралар қарастырылғанын анықтап беруді өтінді.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік экология департаменті басшысының орынбасары Ерлан Есенов өз жауабында 2022 жылы Жол картасын жасақтау кезінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрамына Экологиялық реттеу және бақылау, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, Балық қорғау, Су ресурстары және Геология комитеттері кіргенін атап өтті. Осыған орай, Жол қартасына балық қорғау, су ресурстары және геология саласындағы проблемелар шешу үшін енгізілген.

Сол себепті құжатқа балық шаруашылығы, су ресурстары және геологияға қатысты мәселелер енгізілген. Кейінгі жылдары бұл бағыттар басқа мемлекеттік органдарға берілген. Ерлан Есеновтің айтуынша, осыған байланысты министрліктің кейбір тармақтарды орындау мүмкіндігі шектелген.

Экология департаментінің мәліметіне сәйкес, 12 іс-шара толық орындалған деп танылды. Бұл шешім жауапты орындаушылар — әкімдіктер, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар ұсынған деректер негізінде қабылданған.

Олардың қатарында, Атырау облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасы 2024-2028 жылдарға жасақталып, облыстық маслихатпен бекітілді, «ТШО» ЖШС объектілеріне жақын орналасқан елді мекендерінің атмосфералық ауасының жай-күйін бағалау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталып, аумақтың атмосфералық ауасын ластаудың ықтимал көздері көрсетілген кәсіпорындар  картасы жасақталды, Атырау қаласы маңындағы ауылдарында жасыл желектер егу жұмыстары атқарылып, қазіргі таңда күтіп ұстау, баптау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, облыстық әкімдікпен жасалған меморандумдар аясында  «Теңізшевройл» ЖШС, НКОК компаниясы, «АМӨЗ» ЖШС және «Ембімұнайгаз» АҚ тараптарынан 364,7 га жерге 342,1 мыңға жуық тал отырғызылды, Атырау қаласындағы қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын рекультивациялау жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды .

Сонымен қатар жоспарланған жұмыстардың елеулі бөлігі орындалмай қалды. Яғни, 2025 жылдың қорытындысы бойынша кейбір тармақтар аяқталмаған күйінде қалған.

Олардың арасында Атырау қаласында орналасқан барлық кәріздік сорғы станцияларын реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу; Құрманғазы, Махамбет және Жылыой аудандарында кәріз-тазарту құрылысын салу жобасын әзірлеу; ұйымдастырылмаған шығарындылар көздеріне талдау жүргізу, олардың санын қысқарту және мұнай/мұнай өнімдерін құю/төгу эстакадаларын буларды рекуперациялау қондырғысымен жарақтандыру; Жайық өзеніне ағызылатын ағынды суларды тазарту үшін төменгі тұнбаны құрғату станциясының құрылысы; Атырау қаласының оң жақ бөлігінде КТҚ-н қалпына келтіру; «Тухлая балка» булану алаңын қалпына келтіруді аяқтау; қаланың оң жағындағы «Квадрат» булану алаңын қалпына келтіру; Атырау қаласында орналасқан барлық КСС-ын қалпына келтіру; ағынды суларды алдын ала тазартуды қамтамасыз ету үшін КТҚ-ын салу жұмыстары бар. 

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» жобасы бойынша атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын 25%-ға дейін төмендету бойынша шараларды қамтамасыз ету; Атырау қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде «раушан желі» есебімен жасыл белдеу құру, жасыл желектерді суару үшін Соколок каналының өткізу қабілетін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау; жасыл желектерді паспорттауды жүргізу шаралары аяқталмаған. 

Аяқталмаған жобалар арасында жеке инвесторларды тарта отырып, Атырау қаласына жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу; Атырау қаласындағы қолданыстағы ҚТҚ полигонын қалпына келтіру; Экология кодексінің талаптарына сәйкес келтіру; кәсіпкерлерге ҚТҚ-ды қабылдау пункттерін ашу және сұрыпталған қайталама шикізатты қайта өңдеу бойынша жағдай жасау; мұнай ұңғымаларын және өздігінен ағатын су ұңғымаларын жоюға ЖСҚ әзірлеу жобалары да бар.

Бұдан басқа, Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі 2021-2024 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру; суға батқан кемелерді және басқа да ірі габаритті заттарды алу; көктемгі су тасқынын өткізуге дайындық бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар тізбесін пысықтау; заңсыз салынған бөгеттерді тазалау және алдын алу мақсатында Сағыз, Ойыл, Жем өзендерінің арнасын үнемі бақылауда ұстау шаралары аяқталмады.

Департаменттің деректері бойынша, аталған бағыттар бойынша жұмыстар басталған. Бірақ жобалардың ауқымды болуына байланысты оларды жүзеге асыруға қосымша уақыт қажет. Сондықтан іске асыру кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Жеті іс-шара тұрақты түрде орындалып келеді. Олардың қатарында Жайық өзенінің арнасын, оның салалары мен ағындарын браконьерлік балық аулау желілерінен тазарту, Жайық өзенінің жағалауларын және демалыс орындарын тазарту бойынша жоспарлы жұмыстар, кәсіпорындардың жұртшылықпен және жергілікті атқарушы органдармен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде міндетті есеп беру кездесулер түріндегі қоғамдық тындаулар өткізу, жұртшылықтың ұсыныстары бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасына енгізілген іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізу және т.б. басқа іс-шаралар бар.

Бұған қоса, 2026-2028 жылдарға жаңа экологиялық жол картасының жобасы әзірленуде. Жоба Атырау облысының әкімдігіне жіберілді. Онда бірнеше бағыт қарастырылған: атмосфералық ауа сапасын жақсарту, суды ұтымды пайдалану, қалдықтарды басқару, жер ресурстарын қорғау және көгалдандыру жұмыстарын қамтиды.

2022–2025 жылдарға арналған экологиялық жол картасына нақты қанша қаржы бөлінгені туралы департамент нақты ақпарат берген жоқ. Ерлан Есеновтің түсіндіруінше, мұндай құжаттарға бөлек қаржыландыру заңда қарастырылмаған. Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 29-бабының 7-тармағына сәйкес, іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл қаражатқа қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін төлемдер, айыппұлдар және жергілікті бюджетке түсетін басқа да кірістер жатады.

Бұған дейін нақты қаржы көлемі айтылған еді. 2022 жылдың басында экология департаментінің сол кездегі басшысы Әлібек Бекмұхаметов мәлімдегендей, 2021–2025 жылдарға арналған экологиялық жол картасын жүзеге асыруға 41 миллиард 400 миллион теңге бөлінуі жоспарланған. Оның ішінде 27 миллиард 500 миллион теңге республикалық бюджеттен, 4 миллиард 500 миллион теңге жергілікті бюджеттен, ал 9 миллиард 400 миллион теңге жеке инвестициялар есебінен қарастырылған.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша 2025–2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында облыстық бюджеттен қосымша 23 миллиард 500 миллион теңге қарастырылған.

Осы жағдайға байланысты жаңа экологиялық жол картасы алдыңғысының жалғасы болып отыр. Яғни, бұрын шешілмей қалған мәселелер келесі кезеңге көшірілді.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 13:33

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 14:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары