Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Құқықтық тәртіптің жай күйі қаралды

Құқықтық тәртіптің жай күйі қаралды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – қылмысқа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға баса назар аудара отырып, профилактика жүйесін жетілдіру.

– Профилактика барлық деңгейде қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл тәсілдер заң жобасында көзделген. Ортақ жауапкершілік енгізіледі, яғни әкімдер – өңірдегі құқықтық тәртіптің жай-күйіне, мемлекеттік органдар – құзыреті бойынша профилактикаға, мәслихаттар  мемлекеттік органдардың есептерін тыңдауға жауапты болады. Профилактика жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәртебесі жоғарылайды. Енді комиссияның құрамы мен құзыретін Президент бекітеді. Баға Ұлттық баяндамада беріледі, – деді Ержан Сәденов.

Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алумен айналысатын органдардың саны 13-тен 26-ға көбейтіледі. Құқықбұзушылықтың алдын алуға білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қамқоршылық органдары, бизнес өкілдері, адам құқықтары жөніндегі уәкіл және басқалары тартылатын болады. Бұл ретте олардың әрқайсысына жеке жауапкершілік жүктеледі.

Жаңа заңда үш деңгейді қамтитын құқық­бұзушылықтың алдын алу жүйесі қайта қарас­тырылады. Олар: жалпы, жеке және арнайы шаралар. Жалпы профилактика аясында барлық құқық қорғау органына қоғамдық көмекшілерді тарту құқығы беріліп, олардың функциялары кеңейтіледі.

Құқықбұзушылықты ерте анықтау және алдын алу үшін қосымша жеке шаралар енгізіледі. Олар: ресми ескертулер, цифрлық отбасы картасы ар­қы­лы жеке тұлғаларды тіркеу, кәмелетке тол­мағандарға тәрбиелік қолдау көрсету және ықтимал құрбандармен байланысқа тыйым салу. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған барлық тұлғаға әкімшілік қадағалау енгізілетін болады.

Заң жобасында құқықбұзушылықтың жекелеген түрлерінің алдын алуға бағытталған арнайы профилактикалық іс-шаралар қарастырылған. Олар балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуына қарсы күрес, тұрмыстағы зорлық-зом­бы­лықтың алдын алу, қоғамдық орындарда мас күйінде жасалған, қайталанатын және эко­номикалық құқықбұзушылықтарды қамтиды. 

Арнайы шаралар балалардың қараусыздығымен және панасыз қалуымен күресу, тұрмыстық зор­лық-зомбылықтың, мас күйінде және қоғам­дық құқықбұзушылықтың, қайталанатын қылмыс­тардың, экономикалық қылмыстардың алдын алу сияқты салаларды қамтитын болады. Бұл ретте қоғамға жат мінез-құлық немесе құқықбұзушылық жиі тіркелетін орындарды бақылау енгізіліп, азаматтарға тұлғааралық жанжалдарды шешу және өзін-өзі қорғау тәсілдері үйретіледі.

– «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң қолданыстағы салалық заң­дар­дың ережелерін біріктіреді. Сондай-ақ халық­аралық тәжірибені есепке ала отырып, құқық­бұзушылықтың алдын алудың заманауи ұлттық жүйесінің негізін қалайды. Оны қабылдау құқықтық реттеудің біркелкілігін қамтамасыз етеді, мемлекет пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтады және қауіпсіз, заңға негізделген және тұрақты мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады, – деді Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов.

Талқылау барысында депутат Дмитрий Колода қамаудан босатылған тұлғаларды әкімшілік қадағалау мәселесін көтерді. Ол қолданыстағы заңнамада шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар үшін әкімшілік қадағалаудың ең ұзақ мерзімі екі жылға дейін белгіленгенін атап өтті. Алайда заңның жаңа редакциясы бойынша, қадағалау мерзімін әр алты ай сайын ұзартуға болады. Мәжіліс депутаты бұл шешімдер негізінен субъективті болғандықтан, мұндай тұлғалардың түзеу дәрежесін бағалау кезінде нақты мерзімдердің жоғына және ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алаңдаушылық білдірді.

Бұл ретте Ержан Сәденов заң жобасында әкім­шілік қадағалау мерзімдері нақты белгіленгенін айтты. Олар: онша ауыр емес және ауырлығы орташа құқықбұзушылықтар үшін – үш жыл, ауыр қылмыстар үшін – алты жыл, аса ауыр құ­қықбұзушылықтар үшін – сегіз жыл. Ми­нис­­тр барлық шешім соттың және қадағалау ор­гандарының қарауына жататындықтан, ешқандай тәуекелдер жоқ екенін атап өтті.

Өз кезегінде депутат Юлия Кучинская жастар арасындағы девиантты мінез-құлықты тәрбиелеу және алдын алудағы маңыздылығына қарамастан, заң жобасында мұғалімдер мен тәрбиешілер рөлінің жеткілікті түрде қамтылмағанына назар аударды. Осыған байланысты тиісті мемлекеттік орган оны қайта қарауға дайын екенін білдірді.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылдады. Құжаттарды талқылау жұмыс тобының отырыстарында екінші оқылымға дайындық барысында жалғасады.

Сонымен қатар Мәжіліс 1992 жылғы Шекара­аралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялады. Оны депутаттарға Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Тимур Сұлтанғазиев таныстырды.

Құжатқа 1999 жылғы 17 маусымда Лондонда қол қойылған. Бұл – сумен қамтамасыз ету, санитария, гигиена және денсаулық сақтау мәселелеріне бағытталған әлемдегі алғашқы әрі жалғыз шарт. Оның мақсаты – су ресурстарын тұрақты басқару, сумен байланысты аурулардың таралуын болдырмау және халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау.

Жұмыс тобының жетекшісі Данияр Қасқарауов хаттамаға қосылу су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалануға, халықты қауіпсіз ауыз­су­мен қамтамасыз етуге, ағынды суларды қай­та қолдануға, суды пайдаланудың барлық кезеңін­де санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау бойынша шешімдерді жедел қабылдауға көмектесетінін айтты.

Сондай-ақ 2024 жылғы 27 қарашада Ас­тана­да қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының қызметі туралы келісім ратификацияланды. Ол жөнінде Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Талғат Ешенқұлов баяндады.

Жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смолякова құжатты ратификациялау Қостанай филиалының жұмысына құқықтық негіз беретінін және жоғары білім саласында елдер арасындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты дамытуға бағыт­талғанын атап өтті.

Филиалда оқыту Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті жоғары білімнің мемлекеттік стандарттарына және Ресейдің федералдық мемлекеттік талаптарына сәйкес қазақ, орыс және басқа тілдерде жүргізілетін болады. Қаржыландыру университеттің өз қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Олар: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске түзетулер, «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер, көлік құралдары иелері мен тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша және денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобалары, Қазақстан мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстанда ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты орталық ретінде Орталық Азия өңірлік гляциология орталығының мәртебесін қайта жалғастыру туралы келісімді ратификациялау туралы жобалар.

Жалпы отырыс соңында Мәжіліс депутаттары өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға 14 депутаттық сауал жолдады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 03:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары