Құқықтық сауаттың қағидаттары қаралды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері Қасымхан Төлендиев пен Зайнуддин Махусеев, Тараз қалалық полиция басқармасы басшысының кадр жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Берік Сәлемов және университет проректоры Мақсат Мусабаев қатысты.
Кездесу барысында ел Президенті 5 қарашада қол қойған «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлық кеңінен түсіндірілді. Онда көрсетілген «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» секілді қағидаттар жастардың өмірлік ұстанымына айналуға тиіс екені айтылды.
Сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастарды әділдікке, адалдыққа баулу мәселелері қозғалып, нақты мысалдар арқылы заңнамалар түсіндірілді. Спикерлер жастарды парасатты ұрпақ болуға шақырып, құқықтық сауаттылықтың маңызын атап өтті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қараша 2025 03:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















